- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың объектісі
2.Жоспарлаудың методологиясының мәні мен оның негізгі элементтірі
3. Жоспарлаудың пайда болуы немен байланысты
4. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшелігі
5. Макроэкономикалық жоспарлаудың объектісі
6. Макроэкономикалық жоспарлаудың субъектісі
2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Дәріс мақсаты: Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесін меңгеру
Негізгі сұрақтары:
2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
Тұрақсыз экономика жағдайында макроэкономикалық жоспарлауға ерекше мән берілуі тиіс. «Макро» деген қосымша жоспарлау мемлекеттік басқару құрылымының жоғары деңгейіне жатқызылатындықтан, ал оның обьектісі ретінде тұтастай экономикалық жүйе, ұлттық экономика пайдаланылатындығын білдіреді. Макроэкономикалық болжау мен жоспарлаудың субьектілері орталық жоспарлаушы органдар болып табылады.
Макроэкономикалық жоспарлау бірыңғай тұтастық ретіндегі экономикалық жүйе мен оның жекелеген элементтерінің даму мақсаттарын анықтауды, басымдықтарды ерекшелеуді, орталық үшін шешімдер дайындауды және басқару жүйесінің төменгі элементтерінің әрі өзара, әрі Орталықпен әрекеттескендігі мақсаттарға жету бойынша шаралар әзірлеуді ұйғарады.
Демек, макродеңгейде болжамдық есептер жасалуы және экономика дамуының барынша тиімді нұсқалары анықталуы, сондай-ақ құрылымдық, инновациялық, қаржы-бюджеттік, несие-акша, бағалық, әлеуметтік, аймақтық және сыртқы экономикалық саясатты қалыптастырудан тұратын шаралар жүйесі әзірленуі тиіс.
Болжамдық есептер жүйесі макроэкономикалық көрсеткіштер, ең алдымен жалпы ұлттық өнім, болжамын, экономикалық өсу сапасын сипаттайтын тиімділік көрсеткіштерінің (материал сыйымдылығы, қор қайтарымдылығы, еңбек өнімділігі) болжамын, экономика құрылымының болжамын енгізуі тиіс.
Макродеңгейде сондай-ақ экономикалық потенциалдың, жұмыспен қамтудың, өнімге деген сұраныстың болжамдық есептерін жүзеге асыру, инвестициялар, экспорт пен импорт, төлем балансы, баға, валюталық бағам, инфляция, мемлекеттік бюджетті қалыптастырған кездегі мемлекеттік операциялар, әлеуметтік даму, халықтың нақты табысы, сатып алу қорлары мен таурлық ресурстар және т.б. болжамдарын әзірлеу қажет.
Көп нұсқалы болжамжық есептер негізінде тиімді жоспарлық шешімдер қабылдануы, экономикалық реттегіштер параметрлері анықталуы тиіс. Макродеңгейде мемлекеттік тапсырыс ққалыптасады, салық ставкалары анықталады, мемлекеттік инвестициялар, дотациялар кқлемдері анықталады, үкіметаралық келісімдер жасалады, монополист кәсіпорындар мен базалық салалардың өніміне бағалар реттеледі, өзге де міндеттер шешіледі.
Макроэкономикалық есептерді жүргізу үшін алуан түрлі үлгілерді, соның ішінде макроэкономикалық үлгілерді(салааралық баланс, оңтайлы жоспарландыру үлгілері, эконометрикалық үлгілер), экономика-математикалық әдістерді, сарпшылық бағалау әдістерін, экстраполяция, нормативтік, баланстық және бағдарламалы-мақсаттық әдістерді, үйлесімде пайдаланған лайықты.
Индикативтік жоспарлау мен стратегияны жасаудың дамуы жағдайында бірқатар нұсқалардың ішінен экономиканы дамытудың барынша қолайлы, тиімді нұсқаны таңдап алуға мүмкін болуы үшін, көп нұсқалы есептерді жүргізуге қажеттілік пайда болды. Болжамдарға барынша жоғары талаптар олардың ғылыми деңгейін және болжамдық бағалау дәлдігін арттыру тұрғысынан қойыла бастады. Осының бәрі жоспарлау практикасына прогресссивтік әдістерді ендірудің қажеттілігін себептеді. Мамандар жоспарлық қызметкерлер – жекелеген нақты әдістерге емес, жоспарлау әдістерінің арсеналына ие болуы және әрбір нақты жағдайда олардың көмегімен болашақты барынша дәл көре білуге және тиімді жоспарлық шешімдерді қабылдауға мүмкін болатындарын қолдануы тиіс.
