Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.49 Кб
Скачать

10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері

Аймақтардың дамуын жоспарлағанда негізінен мемлекеттік деңгейдегідей әдістер қолданылады. Көзделген басымдықтарды, құрылымдық ілгерілеуді, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді кешенді шешуді іске асыру үшін, ең алдымен, бағдарламалы-мақсаттық әдіс пайдаланылады, мақсаттық бағдарламалар әзірленеді. Аймақтық экономиканың пара-парлығын, теңдестігін қамтамасыз етуде аумақтық баланстар жүйесіне негізделген баланстық әдіс маңызды роль атқарады. Бұл еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, халықтың ақшалай табыстары мен шығыстары, материалдық ресурстардың негізге түрлерінің баланстары. Алайда экономикалық және әлеуметтік нормативтер мен нормаларға негізделген нормативтік әдіс бойынша кеңінен қолданылуда. Материалдық игіліктер және қызметтердің негізгі түрлерімен халықтың қамтамасыз етілуін сипаттайтын сараланған әлеуметтік нормалар мен нормативтер аймақтардың дамуын жоспарлауда бағыт-бағдар беруші ролін атқарады.

Қазіргі жағдайда өзгермелі жағдай кезінде нақты мерзімге параметрлердің маңызын анықтайтын іздегіш болдамдар юарынша ұлайлы болып табылады. Болжанатын құбылыстың дамуын сапалы сипаттайтын және экономикалық дамудың жалпы заңдылықтаына сүйенетін логикалық үлгілеу, сарапшылық бағалау әдістері кеңінен қолданылады. Бұл әдістерді пайдалану экономикалық сценарий мен оның салдарын ескеру қажеттілігімен байланысты.

Икемділік коэффициенттерінің негізінде болжамдық есептер жасалуы мүмкін.

Аумақтық жоспар- болжамдарда мыналар ерекшеленеді:

  • жалпы мемлекеттік және жеке меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің көрсеткіштер жиынтығы;

  • муниципалдық меншік кәсәпорындары мен ұйымдарының жоспар-болжамдары.

Бұрындары мемлекеттік меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге министрліктердің қатаң жоспарлық тапсырмалары, содан соң экономикалық нормативтер, бақылау сандары және т.б. түріндегі бастапқы деректер орнатылатын. Соңғы уақытта олардың негізінде өндірілетін өнім, несиелік ресурстар, шикізат нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты пиғылдар жатыр. Осыған орай болжау мен жоспарлау сапасын арттыру мақсатымен белгіленген экономикалық реттегіштерінің әрекет ету жағдайындағы нарықтың ықтимал күйін ескере отырып өнім өндіру бойынша кәсіпорын, ұйым, концерн мен өзге өндірушілердің пиғылдары туралы ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру өте маңызды болып табылады.

Бақылауға арналған сұрақтар

  1. Аймақтар мәнінің қазіргі тұжырымдамасы қандай?.

  2. Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) қалай анықталады

  3. Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесінің элементтерін атаңыз.

11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау

Дәріс мақсаты: Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздерін оқып білу, меңгеру.

Негізгі сұрақтары:

11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері

11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]