- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
Жоспарлау үдерісі көрсеткішті негіздеу логикасына сай өзінің ішкі заңдары бойынша, яғни жоспарлау әдіснамасына сәйкес, жузеге асады. Жоспарлау әдіснамасы – бұл негізгі қағидалар, әдістердің жиынтығы туралы, жоспарлау орындау, сондай-ақ оның мониторингі үшінб қажет қолданылатын көрсеткіштер, шаралар, әрекеттер жүйесі туралы ілім. Жоспарлау негізгі қағидаларына мыналар жатады:
1. Жоспарлауда пайдаланылатын көрсеткіштерді теориялық және практикалық өзара тәуелділкті ескере отырып, олардың бірлігінде негіздеу керек екендігін білдіретін бірлік, яғни холизм, қағидасы.
2. Жоспарлау үдерісін, орындалған бір жоспардың орнына өзге жаңа жоспар, ал екіншісінің орнына – үшінші т.с.с. келетін, үздіксіз анықтайтын үздіксіздік қағидасы.
3. Жоспардың өзгерген жағдайда өзінің бағытын өзгерту және белгілікті резервке ие болу қабілетін білдіретін икемділік қағидасы.
4. Жоспарлық көрсеткіштің негізделуін, тәптіштелуін және нақтылануын талап ететін дәлдік қағидасы.
5. Жоспарлық көрсеткіштерді әзірлеуге шаруашылық жүргізу объектісінің барлық мамандары, ал қажет болғанда сырттан мамандар мен бизнес бойынша әріптестер де, енгізілуі тиіс екендігін білдіретін қатысу қағидасы.
Әдіснаманың екінші елеулі элементі – бұл жоспарлау әдістері. Жоспарлаудың негізгі әдістеріне мыналар жатады: баланстық, тәжірибе-статистикалық, нормативтік, экономика-матиматикалық.
Жоспарлаудың баланстық әдісі көрсеткіштерде материалдық-заттай және құндық қатынасты белгілеуімен сипатталады. Әдіс бір бөлігінде ресурстар, басқасында – оларды пайдалану бағыттары көрсетілетін өзара теңдестірілген есептерді (кестелерді) пайдалануды ұцғарады.
Жоспарлаудың тәжірибе-статистикалық әдісі олардың экстраполяциясы бойынша ізделіп отырған көрсеткіштің жоспары анықталатын бұрынғы іс жүзінде жеткен нәтижелерге бағдарлануымен сипатталады.
Жоспарлаудың нормативтік әдісі (немесе техника-экономикалық есептер әдісі) нормативтер мен нормаларды пайдаланады.
Жоспарлаудың экономика-математикалық әдістер тобы жоспарлық шешімдерді оңтайландыру мүмкіндіктерімен сипатталады. Жоспарлаудың экономика-математикалықәдістерінің мәні мынада: олар уақыт пен қаражаттың азшығындалуымен көрсеткіштерде жинақталған күрделі әлеуметтік-экоомикалық, технологиялық және өзге үдерістер арасындағы өзара байланыстың сандық көрсеткішін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоспарлау әдіснамасының келесі элементі – жоспар көрсеткіштері. Жоспар көрсеткіші – бұл экономикалық объект қасиетінің (құбылыстың, үдерістің, шешімнің) санмен келтірілген сипаттамасы. Экономикалық есептерде пайдаланылатын көрсеткіштер түрлі негіздер бойынша жіктелуі мүмкін:
1. Басқарудағы ролі бойынша: директивтік және есептік.
2. Экономикалық мазмұны бойынша: натуралдық, құндық, еңбек.
3. Қызметіне қатысы бойынша: көлемдік (сандық) жәнесапалық.
4. Өлшеуішіне қатысы бойынша: абсолюттік және салыстырмалы.
5. Экономикалық жұмыстағы ролі бойынша: болжамдық, жоспарлық, орындалуын күтетін және іс жүзіндегі.
6. Бағытталуы бойынша: атаулы және иесізденген.
7. Математикалық есептеулер критерийі бойынша: көлемдік, орташа, өсім, шекті, индекстік.
8. Есеп беру нысандары бойынша: жедел, статистикалық, бухгалтерлік.
