- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
Экономикалық заңдарды тану сатылары мен талаптарын пайдаланудың органикалық бірлігі жоспарлаудың әдіснамасын бейнелейді, оны келесі схема түрінде көрсетуге болады ( сурет 1).
Уақыттың әрбір нақтылы кезеңіндегі қоғамдық шаруашылық дамуының экономикалық заңдылықтары |
|
Жоспарлаудың (болжаудың) мақсаттары мен міндеттері |
Жоспарлуа мен болжаудың әдістері |
|
Жоспарлаудың (болжаудың) әдіснамалық қағидалары |
Сурет 1. Жоспарлау логикасы
Бұл схема жоспарлау логикасын бейнелейді және мемлекеттік жоспар негізіне заңдар жүйесімен анықталатын жалпы талаптар емес, нақтылы тарихи жағдайлар мен нақтылы уақыт кезеңінде осы заңдар көрінуінің нақтылы нысандары жатуы тиіс екендігін көрсетеді. Жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері әрдайым анықталған заңдылықтармен өктемделуі тиіс ( кесте 1.2).
Кесте 1.2 - Өндіріс пен нарықты басқаруда пайдаланылатын экономикалық заңдардың жүйелі жіктемесі
№ |
Экономикалық заңдар |
Олардың қоғамдық-экономикалық өмірде көріну нысандары |
Олардың өндіріс пен нарықты басқаруда пайдаланылу әдістері |
1 |
Адамзат қоғамының даму заңы |
Әрбір аталмыш қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының әрекеттесу сипаты |
Өндірістік қатынастардың қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейі мен сипатына сәйкестігін сипалы түрде реттеу |
2 |
Иемдену заңы |
Өндіріс нәтижелерінің адамның, адамдар тобының, таптардың немесе қоғамның іс жүзілік және құқықтық иелігіне көшуі |
Иемдену объектілеріне түрлі меншік нысандарын бекіту, соның ішінде оларды жекешелендіру |
3 |
Өндіріс заңы |
Адамдардың еңбегі үдерісінде қоғам қажеттіліктеріне сәйкес өнімдерді жасау |
Алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің өндірісі жөніндегі қоғамдық еңбекте адамдардың қатысуын ұйымдастыру |
4 |
Уақытты үнемдеу заңы |
Мейлінше аз шығындармен барынша көп түпкі өндіріс нәтижелеріне жету |
Қоғамдық еңбек өнімділігін бұлжытпай арттыру немесе үнемдеу, жүзеге асыру |
5 |
Қоғамдық өндірістің жроспарлы дамуы заңы |
Стратегиялық және маркетингтік жоспарлар бойынша қоғамдық өндіріс пара-парлығын саналы қолдау |
Адамдардың өндірістің дамуы мен өз еңбегінің өнімдерін иемденуін стратегиялық және маркетингтік жоспарлау |
6 |
|
Өзінің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет үшін тауарларды әркімнің нарықта сатып алуы |
Тіршілік үдерісін тұтыну заттарымен, еңбек үдерісін өндірістік құралдарымен жабдықтауды ұйымдастыру |
7 |
|
Қоғамдық өндірістің дамуына әркімнің қосқан үлесінің сәйкестігі |
Әрбір адамның, ұжымның және қоғамның еңбегі мен табысын реттеу |
8 |
Айырбастау заңы |
Нарықтың түрлі қатысушылары арасындағы айырбас арқылы тауарларды өзара иемдену |
Нарықтық қатынастар арқылы тауарлы-ақшалай нысанда еңбек нәтижелерін баламалы айырбастауды реттеу |
9 |
Құн заңы |
Тауарларды өндіруге қоғамдық қажетті еңбек шығындарын олардың нетижесімен салыстыру |
Тауарлар мен қызметтерге ғылыми негізделген баға белгілеу |
10 |
Сұраныс заңы |
Сатып алушылардың тауарлар мен қызметтерге төлем қабілеті бар қажеттілігінің нарықтағы көрінісі |
Төлем қабілеті бар сұраныстың объектісі мен құрылымына сәйкес өндіріс бағдарламасын реттеу |
11 |
Ұсыныс заңы |
Нарықта өткізу үшін тауарды ұсыну |
Сатып алушылар, тұтынушылар сұранысына ие тауарларды нарыққа жеткізу |
12 |
Қажеттіліктердің арту заңы |
Алдыңғыларын қанағаттандырудан туындайтын жаңа қажеттіліктердің көрінісі |
Сұраныстың өзгеруіне қарай өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін арттыру және жаңарту |
13 |
Қол еңбегін машиналықпен ауыстыру |
Қоғамдық өндірісті техникалық жетілдіру және қарқындандыру |
Өндірістің тиімділігі мен прогрессивтік құрылымын анықтайтын индустрия салаларын басым дамыту |
14 |
Қорлану заңы |
Адамдардың өмір сүруі мен еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау үшін қаражатты шоғырландыру |
Өндірістік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы негізгі қорларды тиімді кеңейту |
15 |
Экономикалық тепе-теңдік заңы |
Бірыңғай қоғамдық-экономикалық қатынастардың тең шамалы қырлары ретінде иемденудің тәсілдері мен нысандарының өндірістің тәсілдері мен нысандарына сәйкестігі |
Қоғам ауқымында өндіріс пен иемденуді, ұсыныс пен сұранысты теңдестіру |
Өндірістік қатынастардың әрбір аталмыш қоғамның дамушы өндіргіш күштеріне міндетті түрде сәйкестігінің жалпы экономикалық заңы белгілі. Сонымен бірге өндірістік қатынастардың қалыптасуы ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің әсерімен еңбектің бөлінісі мен кооперациясына негізделетін атап өту керек.
