Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.49 Кб
Скачать

9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы

Ғылым мен техниканың дамуын жоспарлау ҒТП маңызды бағыттары бойынша көрсеткіштер жүйесін әзірлеуді ұйғарады. Жоспарлардың көрсеткіштер жүйесі іргелі зерттеулер, ғылыми жаңалықтар, экономика салалары бойынша қолданбалы зерттеулер, ҒТП кешенді бағыттары бойынша ғылыми-техникалық жоспарлар мен бірқатар өзге көрсеткіштерден тұрады. экономика салаларының техникалық деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін шешімдерді қабылдау ҒТП тиімділігін сипаттайтын сомдағыш көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Негізгі сомдағыш көрсеткіш тиімділіктің жеке көрсеткіштері: еңбек өнімділігі мен қор қайтарымдылығы, өндірістің материал және энергия сыйымдылығы, өнім сапасы мен өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіштері көрініс табатын экономикалық әсер көрсеткіші болып табылады.

ҒТП шараларын ендірудің лайықтылығын анықтау, ғылыми-техникалық шараларды өткізуге кәсіпорындар мен ұйымдарға несиелер беру туралы шешім қабылдау үшін, шаруашылық шарттар бойынша орындалатын шараларды ғылыми-техникалық негіздеу және ғылыми-техникалық өнімге баға белгілеген кезде ҒТП жеделдетуге бағытталған шараларды кешенді бағалау, ал оның негізінде ҒТП шараларын іске асырудың мүмкін болатын нұсқалардың ішінен ең жақсысын таңдау және олардың экономикалық әсерін кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын жоспарлы көрсеткіштерде көрсету жүзеге асырылады.

ҒТП шараларын кешенді бағалаудың бастапқы қағидалары дүниежүзілік тәжірибеде жалпы танылған шешімдер қабылдауды экономикалық негіздеудің әдістеріне сай болуы тиіс. ҒТП пен инновациялық жобаларды жеделдетуге бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі таза келтірімді табыс, өтемділік мерзімі, табыстылықтың ішкі нормалары, табыстылық индексі мен өзге экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. ҒТП шараларына бар еңбек құралдары мен құрал-жабдықтарын, еңбек пен тұтыну заттарын, технологиялық үдерістерді, сондай-ақ өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін қайта құру немесе жаңғырту, жаңаларын құру, өндіру және пайдалану жатады.

9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері

Кең тұрғыда инновация деп жаңа технологияларды, қызмет, өнім түрлерін, өндірістік, әкімшілік, қаржы және өзге сипаттағы жаңа ұйымдық-техникалық шешімдерді ұғынады. Негізінен бүкіл экономикалық реформаның мәні ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану есебінен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, инновацияларға экономиканың төзімділігін арттыру үшін жағдай жасаудан тұрады. Бұл инновациялық қызметті жандандыру қажеттілігін себептейді.

Инновациялық қызмет-бұл нақты үдерістерді жүзеге асыру құралдары тәсілдерінің тиімділігін арттыратын зерттеу нәтижелерін әзірлеу мен игеру жөніндегі қызмет, соның ішінде жаңа өнім мен технология өндірісін игеру.

Инновациялық өріс, біріншіден, тікелей инновация объектісінің өзін, екіншіден, оның субъектілерін-кәсіпкерлерді, сондай-ақ инновацияның оларды іске асыру сатыларына дейінгі жылжуын қамтамасыз ететін жүйені қамтиды. Инновациялық қызметті жандандыру мақсатымен қолайлы инновациялық ахуал құруды қамтамасыз ететін шаралар мен қағидалар жиынтығын білдіретін инновациялық саясат әзірленеді. Инновациялық саясат әлеуметтік экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол ғылымды, техниканы, өндіріс, тұтынуды, қаржы жүйесін білімді жалпы міндеттермен біріктіріп, зияткерлік ресурстарды пайдалануға, жоғары технологиялы өндірісті дамытуға және экономика басымдықтарына бағдарланған болуы тиіс.

Инновациялық саясат мынадай маңызды қағидаларға негізделеді:

-ел экономикасының инновациялық даму үлгісін басым ретінде тану;

-мемлекеттің инновацияны экономикалық өсудің елеулі факторына айналуын қамтамасыз ететін экономикалық механизмдер мен экономика-құқықтық жағдайды құру;

-инновациялық қызмет пен кәсіпкерлікті жандандырудың нарықтық механизмдерін барынша пайдалану, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші барлық субъектілерге бірдей ынта жасау;

-өзіндік ғылыми-техникалық потенциалды тиімді дамыту және пайдалану, экономикалық саясат мақсаттарына сәйкес оны реформалау;

-инвесторлар, өнімді әзірлеушілер мен өндірушілердің мүдделерін оңтайлы ұштастыру, зияткерлік меншік объектілерін табыс көзі ретінде тану.

Осы қағидаларды іске асыру өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік кешеннің негізгі өрістерінде инновациялық үдерістердің дамуын қамтамасыз ету және инновациялық қызметті барынша тиімді ынталандыру тұрғысынан заңдылық қалыптастыруды және сараптама өткізуді талап етеді.

Тиімді инновациялық даму инновациялық идеялар мен жобалардың кең көлемін ұсынады. Идеялардың көздері елде жүргізілетін зерттеулер мен әзірлеулер, технологиялық жабдықты сатып алу немесе лизингке алу (машина, жабдық, құрылысты ұзақ мерзімге жалдау немесе жабдықты жалға беру), лицензияларды сатып алу арқылы қатыстырылатын дүниежүзілік ғылым мен техниканың жетістіктері, оларды беру лицензиялық шарттар мен өзге келісімдерді жасаған неше ескерілетін ноу-хау болуы мүмкін. идеяларды іске асыруды нақты жағдайда ең аз шығынмен ең аз нәтижені қамтамасыз ететіндері артықшылыққа ие болуы тиіс. Инновацияны нарыққа жылжытуға жәрдемдесетін жаңалықтар инфрақұрылымын қалыптастыру маңызды болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]