- •1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
- •1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
- •1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
- •1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •2 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың жүйесі
- •2.1. Жоспарлаудың салалық және аймақтық обьектілері
- •2.2. Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •3 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың әдістемесі
- •3.1 Экономикалық жоспарлаудың түйсіктік әдістері
- •3.2 Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері
- •3.3 Жоспарлаудың бағдарламалы мақсаттық әдісі экономикалық талдау әдісі
- •3.4 Математика экономикалық әдістер. Нормативтік әдіс.
- •3.5 Әзірленетін жоспарлар көрсеткіштердің жүйесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •4 Тақырып Әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрылымы
- •4.1 Экономикалық өсу қарқындары және оларды жоспарлау негіздері
- •4.3 Экономиканың ұтымды құрылымын жоспарлау
- •5 Тақырып. Шет елдердегі әлеуметтік – экономикалық жоспарлау
- •5.1. Нарық экономикасы дамыған елдердегі жоспарлау ерекшеліктері
- •5.2. Шығыс Европа және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі жоспарлау тәжірибесі
- •5.3. Посткеңестік республикалардағы жоспарлаудың қалыптасуы
- •6 Тақырып. Жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды орындауды қамтамасыз ету әдістері
- •6.1 Объектісінің деңгейіне байланысты жоспарлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.2 Жалпы экономикалық, салалық басқару органдары
- •6.3 Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары
- •6.4.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •7 Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау
- •7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау
- •7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі
- •8 Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау
- •8.1 Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері
- •8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •9 Тақырып. Ғтп пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
- •9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
- •9.2 Ғтп көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
- •9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •10 Тақырып. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
- •10.1 Жоспарлау мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асырудың басты механизмі ретінде
- •10.2 Аймақтардың экономикалық даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз етудің әкімшілік жене экономикалық механизмдері
- •11 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлау
- •11.1 Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
- •11.2 Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •12 Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау
- •12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау
- •12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі
- •12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің ролі
- •15 Тақырып. Əлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде
- •15.1 Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерді əзірлеудің кезеңдері жəне негізгі мазмұны
- •15.2 Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау
- •15.3 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.
1 Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
Дәріс мақсаты: Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні мен жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтерін оқып білу.
Негізгі сұрақтары:
1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
Шетелдік және отандық экономикалық әдебиетте «жоспарлау» түсінігінің көптеген анықтамасы бар. Г.Г.Морозова редакциясындағы «Нарық жағдайларындағы болжау және жоспарлау» оқу құралында «Жоспарлау-бұл ел, аймақтар, салалар, барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық даму болашағын әзірлеу жөніндегі мемлекеттің, басқару органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мақсатты қызметі», Г.А.Кандаурованың жалпы редакциясындағы «Экономиканы болжау және жомпарлау» оқу құралында мынадай анықтама келтірілген «Жоспарлау мақсаттар, басымдықтар, оларға жету жолдар мен құралдарын ғылыми негіздеу үдірісін білдіреді». «Нарық жағдайларындағы болжау және жоспарлау» оқу құралында Л.П.Владимирова берген анықтамаға сәйкес «Жоспарлау-бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз мақсаттарына жетудің ұтымды мінез-құлқын экономикалық негіздеу үдірісі. Жоспарлау мақсаттарды қалыптастыру, басымдықтарды анықтау, қол жеткізу құралдары мен әдістерін анықтау үдерісін білдіреді. Ол көбіне оның барысында дамудың қандай да бір баламасын таңдау негізіндегі шешімдер қабылданатын болжаудың соңғы кезкңі ретінде қарастырылады». «Нарықтық экономика жағдайларындағы жоспарлау және болжау» оқу құралында айтылған Ж.С.Сүндетовтың пікірі бойынша «Жоспарлау дегеніміз – алдағы әрекеттерді қамтамасыз етуге айқын түрде бағытталған ақпаратты өңдеудің ойлау үдерісі». Ж.О.Ихданов, Г.Н.Сансызбаева, А.Н.Саханова секілді бірқатар қазақстандық ғалым-экономистер жоспарлау астарында экономика және оның жекеленген құрағыш бөліктері дамуының көрсеткіштер кешенін, сондай-ақ осы көрсеткіштерді орындау жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеуді ұғынады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларды сомдай келе мынанытұжырымдауға болады: экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі тетіктерінің бірі бола отырып, жоспарлау ел, аймақтар, салалар, барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен болашағын әзірлеу жөніндегі мемлекеттің, басқару органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілірдің мақсатты қызметтерінің ғылыми-экономикалық үдерісін білдіреді.
Жоспарлаудың объективтік қажеттілігі бірқатар жағдайлардан туындайды.
Біріншіден, қазір экономиканың дамуында ҒТП әсері әрдайым күшеюде, барыншы жетілген және күрделі технологияларға, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың ұтымды нысандарына көшу жүріп жатыр, ал ол болса зардаптарды жоспарлауды, болжамды және болжауды қажет етеді.
Екіншіден, басқарудың қажетті қызметі ретінде жоспарлау мемелекетпен экономикалық дамудағы циклдікті болжау, динамикалық теңгерімділікті ұстап тұру мен пайда болатын деформацияны түзету үшін, экономикалық және әлеуметтік нәтижелердің байланысын орнату, халықтың тұрмысы төмен жіктерін қорғау үшін пайдаланылады.
Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында меншік пен шаруашылық жүргізудің нысандары және өндіріс көлеміне қарамастан кез келген фирма түпкі мақсатқа жету үшін дамудың өз стратегиясын және кәсінкерлік қызметінің тактикасын әзірлеумен шұғылдануы тиіс. Ғылыми негізделген жоспарлау негізінде даму бағытын дұрыс таңдаған жағдайда экономикада сәтті дами алады.
