Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУТ экзамен кела.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.53 Mб
Скачать

37 Ферроқорытпа сапасына қойылатын жалпы талаптар

Ферроқорытпалар жетекші элементтің өзгеру шектерімен және мөлшерімен, қоспалар концентрациясымен (C; S; P; түсті металдар, N және басқалары), түйіршіктік құрамымен, тығыздықпен, балқу температурасымен, O2, H2 және басқа бейметалл қоспаларының мөлшерімен сипатталады. Ферроқорытпалар сапасының негізгі көрсеткіші жетекші элементтің жоғары концентрациясы мен жетекші элементі мөлшері, химиялық құрамы болып табылады. Ферроқорытпалардың химиялық құрамының біртектілігі қорытпадағы жетекші элементтің орташа мөлшерінен шекті максимал ауытқуымен сипатталады. Ауытқу ± 2% деп қабылданады, бұл қоспалаушы элементтердің берілген тар мөлшерімен болатты алуды қамтамасыз етеді.

Зиянды қоспалар мөлшеріне шектеу (P, S, C). Ферроқорытпалардағы зиянды қоспалар болып балқыту үрдісінде металдан алынбайтын түсті металдардың (Cu,  Pb, Zn, Sn, As, Bi, Gd) қоспалары табылады. Түйіршіктік құрам маңызды сипаттама болып табылады. Кесектердің рұқсат етілген өлшемі кесектердің максимал массасымен (5-45) немесе габариттерімен (≤ 300мм) сипатталады. Жоғары сапалы ферроқорытпаларда тотыққан беттер, қождың пісірілген орындары және құйма қалыптардың сылақтары болмауы керек. Қоспалаушы қоспалар негізінде қорытпалардың берілген түйіршіктік құрамын алу үшін ұнтақтау қондырғыларын таңдау жүргізіледі.

Осылай ферроқорытпалар сапасына қойылатын талаптар олардың технологиялық тағайындалуына байланысты орнатылуы қажет.

 

38. Шикізат материалдарын дайындау және пирометаллургиялық тәсілмен мыс алу

Мыс алу үшін мыс кендері, сонымен қатар түсті металдардың өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтары қолданылады. Мыстың кендердегі мөлшері өте төмен және 1-6% құрайды. Құрамында 0,5 Cu бар тау жыныстары олардан мыс бөлу үрдісінің тиімсіздігінен қайта өңделмейді. Көптеген жағдайларда мыс кендерінде басқа түсті металдар: мырыш, қорғасын, никель, алтын, күміс, селен, теллур және басқалары болады. Мыс кендерде сульфидтер (сульфидті кендер) немесе оксидтер (тотыққан кендер) түрінде болады. Мыс кендері байытуға, әдетте флотацияға ұшырайды. Байыту нәтижесінде мысты концентрат және қалдық алынады. Кендерді байытуда мыс концентратымен қатар басқа да концентраттар, мысалы, мырыш, қорғасын, пиритті және басқалары, алынады. сульфидті кендерден алынатын мыс концентраты құрамында: 10-35% Cu, 30-35% Fe және 20-24% S болады. Бос жыныстың мөлшері (көбіне SiO2, сонымен қатар Al2O3және CaO) 3-15% аралығында болады.

Мыс кендері мен концентраттарын қайта өңдеудің екі тәсілі бар: пиро- және гидрометаллургиялық. Күйдіруді, штейнге балқытуды, штейнді айырбастау, отпен және электролиттік тазартуды қамтитын пирометаллургиялық тәсіл көбірек таралған (1-сурет).

Концентраттарды күйдіруді күкірт мөлшерін азайту және мыс пен темір сульфидтерінің бір бөлігін оксидтерге ауыстыру үшін жүргізеді. Бұл жеткілікті мысқа бай сульфидтер қорытпаларын (штейн) алу үшін қажетШтейнге балқыту сульфидтер (штейн) мен оксидтер (қож) балқымаларын алуды қарастырады. Сұйық штейн айырбастауға ұшырайды, яғни конвертерде ауамен үрленеді, бұл ретте сульфидтердің тотығуы, темірдің қождануы және қара мыстың алынуы жүреді. Қара мысты алдымен отпен, сосын электролиттік тәсілмен тазартады (қоспаларды жояды).