- •2. Дисперстілік – бөлшектенудің өлшемі. Дисперстілік (ұсақтық) дененің өлшеміне (a) кері шама:
- •Фарадей – Тиндаль эффектісі. А- жарық көзі, в- линза, с- коллоидтық ерітінді
- •BaSo4суспензиясындажарықтың шашырауы
- •5.Коллоитдтық жүйедегі жарықтың жұтылуын қандай теңдеумен көрсетуге болады?Оны кімдер қорытқан?
- •6.Коллоидтық жүйелерді зерттеуде қоллданылатын қандай оптикалық әдістерді білесіздер?Сипаттаңыздар
- •1.Ультрамикроскоптық,
- •2.Электрондық микроскоптық
- •3. Нефелометрлік
- •7. Нефелометрлік әдіс неге негізделген? Оны не үшін қолдануға болады?
- •8.Турбидиметрлік әдіс дегеніміз не? Оның артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіздер.
- •9.Ультрамикроскопты кімдер жасады? Ультрамикроскоптық әдіс туралы мәліметтер беріңіз?
- •10.Электрондық микроскоптық әдіс неге негізделген?Оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •14. Энштейн теңдеуі. Диффузиялық коэффициент қандай шамаларға тәуелді болады?
- •15. Коллоидтық жүйелердегі осмостық қысым және оның ерекшеліктерін қалай түсіндіресіздер?
- •16. Седиментациялық-диффузиялық тепе-теңдік теңдеуін қорытып шығарыңыз.
- •17. Қандай заттарды баз және баез заттар дейді?
- •18. Адсорбцияның қандай жіктеулерін білесіздер?
- •19. Беттік активтілік дегеніміз не? Оны анықтаудың графиктік тәсілін көрсетіңіз. Траубе-Дюкле ережесін айтыңыздар, оның адсорбция жұмысы арқылы қалай негіздеуге болады?
- •20. Адсорбция, десорбция, адсорбент, адсорбтив және адсорбат терминдерін түсіндіріңіздер. Оң және теріс адсорбцияға анықтама беріңіздер.
- •21.Химиялық адсорбция мен физикалық адсорбцияның айырмашылығын түсіндіріңіздер.
- •22. Беттік керілуді анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?
- •1. Статитикалық әдістер:
- •2.Жартылай статикалық әдістер:
- •3. Динамикалық әдістер:
- •23. Беттік керілу изотермасы бойынша адсорбция изотермасын қалай алуға болады? баз молекулаларының константаларын( және s) қалай анықтайды?
- •24. Беттік керілуге(бк)күштік және энергиялық тұрғыдан анықтама беріңіздер. Оларға сәйкес беттік керілудің өлшем бірліктері қандай болады?
- •25.Мономолекулалық адсорбция теориясын түсіндіріңіз. Лэнгмюр теңдеуін жазыңыздар.
- •27. Электроосмос құбылысын түсіндіріңіз және практикалық қолданылуына мысал келтіріңіз.
- •28.Ағу потенциалы және шөгу потенциалы құбылыстарын түсіндіріңіз және практикалық қолдануына мысалдар келтіріңіз.
- •29.Гельмголц қэқ теориясын талқылаңыз.
- •32.Коагуляция ұғымына анықтама беріңіз. Коагуляция табалдырығын қалай анықтауға болады? Шульце-Гарди ережесі мен Дерягиннің алтыншы дәрежелі ережесінің қандай ұқсастығы бар?
- •33.Жылдам коагуляция мен баяу коагуляцияның айырмашылығын көрсетіңіз.
- •35. Физика-химиялық механиканың анықтамасын, зерттеу нысандарын талқылаңыз.
- •38 Құрылым титерінің түрлерін көрсетіңіз.
16. Седиментациялық-диффузиялық тепе-теңдік теңдеуін қорытып шығарыңыз.
Дисперстік жүйенің барлық көлем бойынша бөлшектердің бір қалыпты бөліну қалпын сақтау қабілеті жүйенің седиментациялық,иә кинетикалық тұрақтылығы деп аталады. Бүл тұрақтылық дербес дисперстік жүйелер үшін қарастырылады.Егер бөлшектер өте үлкен болса, дөрекі дисперстік жүйелер, кинетикалық тұрақсыз болады, өйткені олар броундық қозғалыста болмай өз салмақтарының әсерінен тұнбаға түседі. Ал жоғарғы дисперстік жүйелер кинетикалық тұрақты, өйткені жылулық қозғалыс оларға тән қасиет, сондықтан олардың диффузиялық қабілеттілігі болады. Коллоидтық жүйелер аралық жағдайда болады. Олардағы бөлшектерге гравитациялық күш әсер етеді және олар жылулық қозғалыстың әсерінен диффузияға да бейім. Міне сондықтан диффузиямен бөлшектердің салмақ күштерінің әсерінен көлемнің биіктігі бойынша бөлшектердің әр текті бөлініуінен жүйеде тепе-теңдік орнайды. Бұл тепе-теңдікті седиментациялық-диффузиялық тепе-теңдік деп атайды. Тепе-теңдік жағдайда бөлшектердің биіктік бойынша бөліну заңы Лапластың газдардың атмосферада барометрлік заңына ұқсас:
немесе
С1 - алғашқы деңгейдегі жүйенің концентрациясы; С2 - һ биіктігіндегі концентрациясы; М- заттың (1 моль) массасы; g - еркін түсу үдеуі.
Бұл формуланы термодинамикалық жолмен де кинетикалық жолмен де қорытуға болады. Больцман заңы бойынша мынаны жазуға болады:
- моль заттың
гравитациялық потенциалы 1 және 2 деген
деңгейлер, төменгі және жоғарғы, немесе
потенциалдық энергия.
Е-нің шамасы
мұндағы m бөлшекгің тиымдылық массасыдеп
аталынады. Архимед заңын еске алсақ:
0-деген индекс дисперсиялық ортаны көрсетеді.
Олардың мәнін қойсақ:
Бұл теңдіктердіктерді бір-біріне бөліп және:
екенін еске ала отырып шыққан нәтижені логарифмдесек мына теңдеу шығады:
Бұл теңдеудің тарихи маңызы бар. Осы теңдеу бойынша мопекулалы-кинетикалық теорияның ең қажетті тұрақтыларының бірі – Авогадро санының мәні есептелген. Оны өзінің классикалық жұмыстарында гуммигит бөлшектерінің радиусын біле отырып, әртүрлі деңгейдегі бөлшектер санын микроскоп арқылы санап, Перрен жоғарғы теңдеу бойынша бірінші рет Авогадро санын есептеу арқылы шығарды. Ол 6,7·1023-ке тең, яғни қазіргі мәніне жақын. Седиментациялық-диффузиялық тепе-теңдікті ең бірінші Перрен NА есептеу үшін қолданғандықтан, ал формула Больцман заңымен қорытылғандықтан кейде Перрен-Больцманның седиментациялық -диффузиялық тепе-теңдігі деп атайды.
Перреннің бұл жұмысы молекулалы-кинетикалық теорияның заңдарын коллоидтық жүйелер үшін де қолдануға болатындығын көрсетті.
Вестгрен де алтынның зольдерімен жұмыс істей отырып, жоғарғы формула бойынша Авогадро санын есептеді. Ол 6,5·1023 -не тең болды.
Ірі дисперстік жүйелерде қарастырылып отырған белшектеріміздің тығыздығы ортаның тығыздығынан жоғары болғандықтан олардың броундық қозғалыстан жылжуынан гөрі ауырлық күшінің әсерінен шөгуі өте жылдамырақ болады. Шөгу жылдамдықты өлшеу арқылы бөлшектердің шамасын табуға болады. Осыған негізделген тәсілді седиментациялық талдау дейді. Шөгетін бөлшектерге екі түрлі күш әсер етеді.
Біріншісі:
бөлшектердің ауырлық күші –
;
Архимед заңын еске ала отырып
-ді
былай жазуға болады:
Егер бөлшек шар тәрізді болса,
Егер бөлшектерге
тек ғана
күші әсер ететін болса, олар бірқалыпты
үдей қозғалар еді. Бірақ жүйеде бөлшектерге
әсер ететін тағы да бір күш бар - ол
ортаның тұтқырлығынан болатын үйкелу
күші
.
Ол бағыты жағынан
ге қарама-қарсы,
- дің әсерінен бөлшектер үдей
қозғалатындықтан оған әсер ететін
үйкелу күші де көбейе береді. Біраз
уақыт өткен соң олар өзара теңеседі де,
бөлшектер бірқалыпты қозғалады.
Үйкелу күші Стокс заңы бойынша мынаған тең:
Мұнда, В – бөлшек
пен ортаның үйкелу коэффиценті; u –
бөлшектің седиментациялық жылдамдығы;
В – шар тәрізді бөлшектер үшін
;
-ортаның
тұтқырлығы; r –бөлшектердің радиустары.
мен теңескен жағдайда:
Бұдан бөлшектердің седиментациялық жылдамдығын оңай табуға болады:
Бұдан бөлшектердің
седиментациялық жылдамдықтарын олардың
радиустарына тура, ал ортаның тұтқырлығына
кері пропорционал екенін көруге болады.
Егер
болса, онда бөлшектердің шөгуін, ал егер
болса,
онда бөлшектердің дисперсиялық ортаның
бетіне қалқып шығуын байқауға болады..
Соңғы теңдіктен бөлшектердің радиусын
былайша табамыз:
немесе
мұндағы
Егер монодисперстік
жүйені қарастырсақ, онда шөгетін
бөлшектердің шамасы бірдей болғандықтан,
бөлшектердің жүрген жолы (Н) уақытқа
(
)
тура
пропорционалды түрде өседі. Ендеше шөгу
жылдамдығын былайша жазуға болады:
(6.10)
Ал бөлшектердің
радиусын:
Міне бұл формула бойынша суспензияның бөлшектерінің радиусын олардың шөгуін қарапайым көзбен де, микроскоппен байқап отырып та есептеуге болады. Ал жүйе полидисперсті болса, онда шөгетін бөлшектердің радиустары әртүрлі болғандықтан шөгетін бөлшектердің қабатының шекарасы жақсы білінбейді. Өйткені әртүрлі бөлшектер бірдей уақыт аралығында әртүрлі жол жүріп өтеді.
