- •2. Дисперстілік – бөлшектенудің өлшемі. Дисперстілік (ұсақтық) дененің өлшеміне (a) кері шама:
- •Фарадей – Тиндаль эффектісі. А- жарық көзі, в- линза, с- коллоидтық ерітінді
- •BaSo4суспензиясындажарықтың шашырауы
- •5.Коллоитдтық жүйедегі жарықтың жұтылуын қандай теңдеумен көрсетуге болады?Оны кімдер қорытқан?
- •6.Коллоидтық жүйелерді зерттеуде қоллданылатын қандай оптикалық әдістерді білесіздер?Сипаттаңыздар
- •1.Ультрамикроскоптық,
- •2.Электрондық микроскоптық
- •3. Нефелометрлік
- •7. Нефелометрлік әдіс неге негізделген? Оны не үшін қолдануға болады?
- •8.Турбидиметрлік әдіс дегеніміз не? Оның артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіздер.
- •9.Ультрамикроскопты кімдер жасады? Ультрамикроскоптық әдіс туралы мәліметтер беріңіз?
- •10.Электрондық микроскоптық әдіс неге негізделген?Оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •14. Энштейн теңдеуі. Диффузиялық коэффициент қандай шамаларға тәуелді болады?
- •15. Коллоидтық жүйелердегі осмостық қысым және оның ерекшеліктерін қалай түсіндіресіздер?
- •16. Седиментациялық-диффузиялық тепе-теңдік теңдеуін қорытып шығарыңыз.
- •17. Қандай заттарды баз және баез заттар дейді?
- •18. Адсорбцияның қандай жіктеулерін білесіздер?
- •19. Беттік активтілік дегеніміз не? Оны анықтаудың графиктік тәсілін көрсетіңіз. Траубе-Дюкле ережесін айтыңыздар, оның адсорбция жұмысы арқылы қалай негіздеуге болады?
- •20. Адсорбция, десорбция, адсорбент, адсорбтив және адсорбат терминдерін түсіндіріңіздер. Оң және теріс адсорбцияға анықтама беріңіздер.
- •21.Химиялық адсорбция мен физикалық адсорбцияның айырмашылығын түсіндіріңіздер.
- •22. Беттік керілуді анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?
- •1. Статитикалық әдістер:
- •2.Жартылай статикалық әдістер:
- •3. Динамикалық әдістер:
- •23. Беттік керілу изотермасы бойынша адсорбция изотермасын қалай алуға болады? баз молекулаларының константаларын( және s) қалай анықтайды?
- •24. Беттік керілуге(бк)күштік және энергиялық тұрғыдан анықтама беріңіздер. Оларға сәйкес беттік керілудің өлшем бірліктері қандай болады?
- •25.Мономолекулалық адсорбция теориясын түсіндіріңіз. Лэнгмюр теңдеуін жазыңыздар.
- •27. Электроосмос құбылысын түсіндіріңіз және практикалық қолданылуына мысал келтіріңіз.
- •28.Ағу потенциалы және шөгу потенциалы құбылыстарын түсіндіріңіз және практикалық қолдануына мысалдар келтіріңіз.
- •29.Гельмголц қэқ теориясын талқылаңыз.
- •32.Коагуляция ұғымына анықтама беріңіз. Коагуляция табалдырығын қалай анықтауға болады? Шульце-Гарди ережесі мен Дерягиннің алтыншы дәрежелі ережесінің қандай ұқсастығы бар?
- •33.Жылдам коагуляция мен баяу коагуляцияның айырмашылығын көрсетіңіз.
- •35. Физика-химиялық механиканың анықтамасын, зерттеу нысандарын талқылаңыз.
- •38 Құрылым титерінің түрлерін көрсетіңіз.
14. Энштейн теңдеуі. Диффузиялық коэффициент қандай шамаларға тәуелді болады?
Диффизия
нәтижесінде массаның тасымалдануы жылу
мен электрдің тасымалдану заңдылықтарына
ұқсас. Осы ұқсастықты пайдалана отырып,
1855 жылы Фик диффузияның бірінші заңын
ұсынды:
(1)
Мұндағы:
m–диффузияланған зат мөлшері;
D –
диффузияланатын бөлшектер және орта
қасиеттеріне тәуелді диффузия
коэффициенті;
dc/ dx – концентрация
градиенті;
s – диффузия өтетін аудан;
τ – диффузия ұзақтығы;
Теңдеудің оң бөлігіндегі минус таңбасы dc/ dx туындысы теріс мәнге ие болатындықтан қойылып отыр, себебі х-тің мәні жоғарылаған сайын, концентрация c шамасы төмендейді
Егер концентрация градиенті тұрақты болса, диффузиялық ағын уақыт өте келе өзгермей, жүйеде стационарлық диффузия процесі орнығады. Бұл жағдай үшін мына теңдеуді жазуға болады.
dc/dx=-1,
s=1 және τ=1 деп алсақ,
m=D, яғни, концентрация
градиенті 1-ге тең болған жағдайда
диффузия коэффициенті уақыт бірлігінде
аудан бірлігі арқылы диффузияланған
зат мөлшеріне тең, және ол см2/сек-пен
өлшенеді. Алайда диффузия өте баяу
жүретіндіктен уақыт бірлігі ретінде
секунд емес тәулік алынады.
1908 жылы
Эйнштейн D диффузия коэффицентін Т
жүйенің абсолютті температурасымен, η
дисперсиялық орта тұтқырлығымен және
r дисперсті фаза бөлшегінің радиусымен
байланыстыратын теңдеуді қорытып
шығарды.
Эйнштейн
теңдеуі
K= R / NA – пропорционалдық коэффиценті
Формасы сфера
тәріздіге ұқсас бөлшектер үшін В = 6πηr
тең болғандықтан:
Мұндағы
В- бөлшек және орта арасындағы үйкеліс
коэффициенті.
R – универсал газ
тұрақтысы;
Т – абсолюттік температура;
NA – Авагадро саны;
η – ортаның динамикалық тұтқырлығы;
r – бөлшек радиусы;
π – осмостық қысым;
Теңдеуден көріп
отырғанымыздай диффузия коэфициенті
абсолютті температураға тура пропорционал,
ал орта тұтқырлығы мен бөлшек радиусына
кері пропорционал. Коллоидтық бөлшектер
өлшемі қарапайым молекулар өлшемімен
салыстырғанда өте үлкен болғандықтан,
коллоидты жүйедегі диффузия коэффициенті
төмен болады.
Броундық қозғалыс пен
диффузия арасында байланыс болғандықтан,
ығысу проекциясының орташа квадраттық
мәні
және
диффузия коэффициенті D арасында да
байланыс болу керек. Бұл байланысты бір
– бірінен тәуелсіз түрде 1905 жылы
Эйнштейн, ал 1906 жылы Смолуховский
анықтады.
Эйнштейн – Смолуховский негізін қалаған коллоидты жүйелердегі броундық қозғалыс теориясы дисперсті жүйе табиғатын, осы жүйелердің молекулярлы – кинетикалық қасиетінің ортақтығын түсіндіретін бірінші сандық теория болып табылады. Броундық қозғалысты зерттеу флуктуация теориясының пайда болуына және статистикалық физиканың дамуына әсерін тигізді. Флуктуация дегеніміз жүйенің айтарлықтай кіші көлемінде қандай да бір параметрдің тепе-тең орташа мәннен өте жоғары дәрежеде өздігінен ауытқуы. Флуктуацияның жалпы теориясының негізін 1902 жылы американ ғалымы Гиббс қалады.
Диффузия өздігінен жүретін процесс ретінде барлық дисперсті системалар үшін, газдарға арналған Фик заңына бағынады. Фиктің бірінші заңына байланысты диффузия жылдамдығы өзі диффузияланатын аудан мен концентрациялық градиентке тура пропорционалды:
dm/dt = −DS dC/dx
Мұндағы dm –диффузияланған зат массасы; dt – шексіз аз уақыт; S - берілген зат диффузияланған аудан; dC/dx − концентрация градиенті немесе концентрация кемуі; dC − концентрция; dx − концентрациясы кеміген бөлік; D − диффуізия коэффициенті.Егер диффузия процесі кезінде диффузия коэффициенті өзгеретін болса, онда оған орай концентрция градиенті де өзгереді. Олай болса уақытқа байланысты концентрация өзгерісінің жылдамдығын, яғни dC/dt туындысын анықтау керек. Ол Фиктің екінші заңын өрнектейтін теңдеумен анықталады:
dC/dt = Dd2C /dx2
Фиктің екі заңын қолдану кезіндегі негізгі қиындық көп уақытқа дейін диффузия коэффициентінің мәнін табу болып келеді.
Броундық қозғалысты онан әрі зерттеу флуктуация теориясы деп аталатын жаңа бағыттың пайда болуына әкеледі. Флуктуация деп тығыздықтың, концентрацияның немесе системадағы микрокөлемнің орташа мәнінен оның параметрлерінің өздігінен ауытқуын айтады. Диффузия да, флуктуация да жылулық қозғалыстың нәтижесінен болғанымен, олар біріне-бірі кері құбылыс екен. Егер диффузия термодинамиканың екінші заңына орай кез келген өздігінен жүретін процесс кезінде қайтымсыз болса, онда бұған кері жүретін флуктуация құбылысы термодинамика екінші заңының статистикалық сипатын көрсетеді, яғни оны жекелеген бөлшектерге немесе олардың аз санына қолдануға болмайды.
