- •2. Дисперстілік – бөлшектенудің өлшемі. Дисперстілік (ұсақтық) дененің өлшеміне (a) кері шама:
- •Фарадей – Тиндаль эффектісі. А- жарық көзі, в- линза, с- коллоидтық ерітінді
- •BaSo4суспензиясындажарықтың шашырауы
- •5.Коллоитдтық жүйедегі жарықтың жұтылуын қандай теңдеумен көрсетуге болады?Оны кімдер қорытқан?
- •6.Коллоидтық жүйелерді зерттеуде қоллданылатын қандай оптикалық әдістерді білесіздер?Сипаттаңыздар
- •1.Ультрамикроскоптық,
- •2.Электрондық микроскоптық
- •3. Нефелометрлік
- •7. Нефелометрлік әдіс неге негізделген? Оны не үшін қолдануға болады?
- •8.Турбидиметрлік әдіс дегеніміз не? Оның артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіздер.
- •9.Ультрамикроскопты кімдер жасады? Ультрамикроскоптық әдіс туралы мәліметтер беріңіз?
- •10.Электрондық микроскоптық әдіс неге негізделген?Оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •14. Энштейн теңдеуі. Диффузиялық коэффициент қандай шамаларға тәуелді болады?
- •15. Коллоидтық жүйелердегі осмостық қысым және оның ерекшеліктерін қалай түсіндіресіздер?
- •16. Седиментациялық-диффузиялық тепе-теңдік теңдеуін қорытып шығарыңыз.
- •17. Қандай заттарды баз және баез заттар дейді?
- •18. Адсорбцияның қандай жіктеулерін білесіздер?
- •19. Беттік активтілік дегеніміз не? Оны анықтаудың графиктік тәсілін көрсетіңіз. Траубе-Дюкле ережесін айтыңыздар, оның адсорбция жұмысы арқылы қалай негіздеуге болады?
- •20. Адсорбция, десорбция, адсорбент, адсорбтив және адсорбат терминдерін түсіндіріңіздер. Оң және теріс адсорбцияға анықтама беріңіздер.
- •21.Химиялық адсорбция мен физикалық адсорбцияның айырмашылығын түсіндіріңіздер.
- •22. Беттік керілуді анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?
- •1. Статитикалық әдістер:
- •2.Жартылай статикалық әдістер:
- •3. Динамикалық әдістер:
- •23. Беттік керілу изотермасы бойынша адсорбция изотермасын қалай алуға болады? баз молекулаларының константаларын( және s) қалай анықтайды?
- •24. Беттік керілуге(бк)күштік және энергиялық тұрғыдан анықтама беріңіздер. Оларға сәйкес беттік керілудің өлшем бірліктері қандай болады?
- •25.Мономолекулалық адсорбция теориясын түсіндіріңіз. Лэнгмюр теңдеуін жазыңыздар.
- •27. Электроосмос құбылысын түсіндіріңіз және практикалық қолданылуына мысал келтіріңіз.
- •28.Ағу потенциалы және шөгу потенциалы құбылыстарын түсіндіріңіз және практикалық қолдануына мысалдар келтіріңіз.
- •29.Гельмголц қэқ теориясын талқылаңыз.
- •32.Коагуляция ұғымына анықтама беріңіз. Коагуляция табалдырығын қалай анықтауға болады? Шульце-Гарди ережесі мен Дерягиннің алтыншы дәрежелі ережесінің қандай ұқсастығы бар?
- •33.Жылдам коагуляция мен баяу коагуляцияның айырмашылығын көрсетіңіз.
- •35. Физика-химиялық механиканың анықтамасын, зерттеу нысандарын талқылаңыз.
- •38 Құрылым титерінің түрлерін көрсетіңіз.
2. Дисперстілік – бөлшектенудің өлшемі. Дисперстілік (ұсақтық) дененің өлшеміне (a) кері шама:
D = 1 / a [D] - м-1 [а] - м
Бөлшектің ұсақтығын оның меншікті бетінің ауданы (Sменш. ) арқылы да сипаттауға болады:
S менш. = S / V Меншікті бетінің өлшем бірлігі – м-1.
Мысалы, радиусы r -ға тең шар тәріздес бөлшектің меншікті ауданы
Ал қабырғасының ұзындығы а-ға тең квадрат пішінді бөлшектің меншікті бетінің ауданы мына теңдеумен анықталады:
Дененің меншікті бетінің ауданын оның бірлік массасына шағып та есептеуге болады. Ол кезде Sменш. мәні келесі теңдеу арқылы есептеледі:
Sменш. беттің өлшем бірлігі – м2/кг
4.Коллоидтық жүйедегі шашыраған жарықтың қарқындылығын қалай көрсетуге болады? Опалесценцияны түсіндіріңіз.Релей теңдеуін талдаңыздар.
Коллоидтық-дисперстік жүйелерде бөлшектер өздерінің шамасы жағынан жарық толқының ұзындығынан кіші, сондықтан да олар жарықты шағылыстырмайды, сол себепті жайшылықта мұндай мұндай жүйелер мөлдір болады. Мысалы, коллоидтық жүйелердің бөлшектер шамасы 0.1 мк, ал жарық толқынының ұзындығы 0.4 мк мен 0.7 мк аралығында.
Егер қараңғыда линзалардың көмегімен бір шоғыр жарық сәулесін мөлдір коллоидтық жүйеге бір жағынан түсірсек, онда конус тәрізді эффектіні байқауға болады. Мұның себебі – жарық сәулесінің коллоидтық бөлшектердің әсерінен шашырауы. Жарықтың өте ұсақ бөлшектерде шашырауын алғаш М.В. Ломоносов көрсеткен болатын.Коллоидтық алтынның жарықты шашыратуын толығырақ зерттеген Фарадей және оның шәкірті Тиндаль болғандықтан, жарық шашырауынан болған коллоидтық ерітіндегі жарқыраған конусты- Фарадей-Тиндаль конусы, ал құбылысты – Фарадей-Тиндаль эффектісі деп атайды. Бұл кезде жарық сәулесі шағылыспай, коллоидтық бөлшектерді айналып өтеді, яғни шашырайды.
Фарадей – Тиндаль эффектісі. А- жарық көзі, в- линза, с- коллоидтық ерітінді
Жарықтың шашырау қарқындылығы тек жарық толқынының ұзындығы, коллоидтық бөлшектің шамасына ғана емес т.б. көптеген факторларға байланысты болады. Осы факторлардың арасындағы байланысты, жарық шашырауының теориясын жасаған ағылшын физигі Рэлейдің (1871-1899 жж.) теңдеуі арқылы көрсетуге болады:
Мұнда,
n1,n0-дисперстік
фаза мен дисперсиялық ортаның сыну
көрсеткіштері.
-сандық
концентрация (1см3
көлемдегі бөлшектер саны)
V-1 бөлшектің көлемі.
-
жарық толқынының ұзындығы.
α-түскен және шашыраған сәуленің арасындағы бұрыш.
Бұл теңдік бөлшектерінің пішіні шар тәрізді, шамалары жарық толқынының ұзындығынан кіші, электр тоғын өткізбейтін және бір-бірінен арасы қашықтау жүйе болғанда ғана қолданылады. Басқа уақытта жағдайдың өзгеруін есепке алу керек, сол себептен жоғарғы формулада кейбір шамалардың дәрежесі мен коэффицентердің мәні өзгереді.
Рэлейдің формуласынан мынадай қорытындылар шығаруға болады:
Егер бөлшектердің шамасы бірдей болса, шашыраған сәуленің қарқындылығы сол золь концентрациясына тура пропорциональды байланыста өзгереді.
Жарық шашырау қарқындылығы бөлшектердің көлемінің квадратына, ал егер бөлшектер шар тәрізді болса радиустың 6- дәрежесіне тура пропорционал. Егер зольдің салмақтық концентрациясы өзгермесе, онда бөлшектердің кішіреюіне байланысты жарықтың шашырауы да кемиді. Егер бөлшектер шамасы өте көп болып, толқын ұзындығын да асса, онда жарық шағылысады да, шашырау қарқындылығы азаяды.Оны график түрінде былай көрсетуге болады.
