Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерек баг. тил дам. кормке.техн. дурысы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.09 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)

Тақырыбы: «Қамқорлық» (әңгіме)

Мақсаты:

а) Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру;

ә)Әңгімелеп беруге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге дағдыландыру;

б)Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, жұмыс дәптері.

Әдіс -тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап.

Билингвальді компонент: қамқорлық-забота.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотивация – лық қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Үлкенге де- сіз,

Кішіге де-сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдасты – рушылық ізденістік

-Балалар, «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?

-Бізге үйде, балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді?

-Ендеше, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

М.Төрежановтың «Қамқорлық» әңгімесін оқып беремін.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Топ-топ басып аяқпен,

Орнымызға барамыз.

Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын ашу.

- Әңгіме не туралы?

-Нақысбек қандай іс істеді?

-Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсыңдар?

-Осы оқиғаға ұқсас жағдай сендерде кездесті ме?

-Назымбек неге көмектеспеді?

Дәптермен жұмыс:

Суретке қарап әңгімеле.

Біреуге көмектесу, қиын сәттерде қол ұшын беру. Құстарға, достарымызға, табиғатқа, т.б.

Аға-әпкелер

Бой сергітіп, қимылдар жасайды.

Балалардың жауаптары.

Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлекстік түзетушілік

-Бүгін біз үлкендерге, кішілерге қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, қайырымды ісінен танимыз.

Біз қайырымды баламыз,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Кішілерге қамқор боп,

Үлкеннің тілін аламыз.

Балалар барлығы айтып өлең жолына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын.

Игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруді.

Меңгереді: бір-біріне көмек беріп, ренжітпей, сыйлау керек екендігін.

Күні:

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б