Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерек баг. тил дам. кормке.техн. дурысы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.09 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Тіл және әдебиет

Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)

Тақырыбы: «Ақылды лақ» ертегісі

Мақсаты: а) ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету;

ә) балалардың сөздік қорын молайту;

б) Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ертегі желісі бейнеленген суреттер,жұмыс дәптері,ойыншықтар.

Билингвалды компонент: лақ–козленок; бұзау–теленок;бота – верблюжонок; құлын – жеребенок; қошақан – ягненок.

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Төрт түлік жыры

Шөре,шөре, шөлдедің бе,лағым,

Сонша неге елеңдейді құлағың?

Қойшы,лағым,әлде қарның ашты ма

Сен жыласаң менің келер жылағым.

Іс-әрекетті қимылы арқылы көрсетеді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе әңгіме:

– Балалар,үй жануарларын атап бере аласыңдар ма?

-Мына суретке қарайықшы? Бұл суретте үй жануарлары төлдерімен. Осы үй жануарларының төлдерін атайықшы.

-Мен сендерге өлең жолдарын оқимын,ал сендер қай төл туралы сөз болғанын айтыңдар.

Шөре,шөре,лағым,

Тнетек болма,шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың,деп неге айтамыз?

-Ендеше бүгінгі оқу іс әрекетінде үй жануарларының бірі «Ақылды лақ» туралы ертегі оқып берейін.

«Ақылды лақ» ертегісін оқу.

Сұрақ –жауап

Ертегі мазмұны не жайлы екенін білу.

Ертегі қалай аталады?

Ертегі ұнады ма?

Ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды?

Олар не істеді?

Сергіту сәті

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Секеңсекең,ей лақ,

Жүрмін саған кейіп ақ,

Тыным тапсаң болмай ма?

Секеңдемей бір уақ?

Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

Дәптермен жұмыс:

1.Төлдердің дыбысын келтір.

2.Берілген тапсырманы аяқта.

Түйенің төлі ботақан,

Қойдың төлі қошақан,

Ешкінің төлі лақ,

Жылқы төлі құлын,

Сиырдың төлі бұзау.

Лаққа.

Ертегіні тыңдайды.

«Ақылды лақ»

Ұнады.

Лақ,бұзау,тоқты.

Дос болды.

Төлдердің қимылдарын жасайды.

Тапсырмаларды орындайды

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау.

Балаларды мадақтаймын.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын біледі;

Игереді: малдың төлдерін қалай атауды игереді;

Меңгереді: көркем әдеби тілде сөйлеуді.

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Күні:

Бекітілді:________

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінін техналогиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс- әрекеті: Сауат ашу (Тіл дамыту)

Тақырыбы: Қоянның туған күні (ойдан ертегі тудыру)

Мақсаты: Берілген тақырып бойынша ертегі ойлап табуға, онда бірнеше кейіпкерлердің рөлін көркемдеп сипаттай білуге үйретуді жалғастыру, тілек айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, сыйластыққа үйрету. Өз тәжірибесінен әңгімелей білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап

Билингвальды компонент: қоян-заяц, туған күн-день рождения

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ жасыру:

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(қоян )

Қоян туралы әңгімелеу. Балаларды қоян секілді секіртіп, көңілдендіріп сергітіп алу.

Жұмбақты шешуге ат салысады. Қоян туралы өз білгенін ортаға салуға талпынады, қоянның қимылын салып, сергиді

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Демострациялық құралмен жұмыс

Жабайы жануарлардың қоянның туған күнінде отырған сәті.

Балалардың назарын суретке аударып, жануарлар қандай мерекені тойлап отырғанын сұрау.

Балалардың өздерінің туған күндері жылдың қай мезгілде болатынын, туған күн мерекесі ұнайды ма, ұнаса не себепті ұнайтынын сұрау.

Сергіту сәті

«Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап көжегі екен өзінің.

(Т.Бердияров)

Ойдан ертегі құрастыру:

Сурет бойынша «

Қоянның туған күні» тақырыбына ойдан ертегі құрастыруын талап ету.

Ертегідегі туған күндегі көңіл күй, қоянды құттықтап келген достары, олар қоянға қандай тілек тілегенін кейіпкердің қимыл қозғалысын, рөлін көркемдеп, сипаттауға бағыттау.

Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Құйрығын жоғалтып алған қоянға өз құйрығын табуға көмектес» тапсырмасын орындату.

Суретке қарай отырып қоянның туған күні екенін баяндайды.

Өз туған күндері туралы әңгімелеп, қандай сыйлықтар алғандығын айтады.

Туған күн иесі қоянға қызығушылықпен қарайды.

Қимылын қозғалысын келтіріп жасайды.

Суретке қарап ертегі құрастыруға атсалысады.

«Қоянның туған күні» тақырыбы бойынша суретке қарап, ойдан ертегі тудыруға әрекеттенеді.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Қоянды туған күнімен балалардың да құттықтап, жылы лебіздері мен тілектерін білдірулерін өтіну және қоянның сүйікті тағамы сәбізден дәм татқызу. Оқу іс-әрекетті Б.Бейсенованың «Туған күн» әнімен аяқтау.

Қоянға тілек айтып құттықтайды. Сәбізден дәм татады. Әнді айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: берілген тақырыпқа ертегі ойлап табуды;

Игереді: жылы лебіздер тілектер ай

Меңгереді: кейіпкерлер рөлін көркемдеп сипаттауды;

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Күні:

Бекітілді:__________

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінін техналогиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс- әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)

Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз»

Мақсаты: Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге үйрету; өзара татулық сезімдерін дамыту; достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сурет үлгілері, мақал-мәтел, жұмыс дәптері.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, көрнекіліктер, сұрақ – жауап.

Билингвальды компонент: дос-друг, халық-народ.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шеңдер бойына тұрғызу. Ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқу, балалар «Мен» деп сөзді хормен айтады.

-Жүрегім менің кім?

-Тірегім менің кім?

-Жаным менің кім?

-Сәнім менің кім?

-Ботақаным, Бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің.

Балалар шеңбер бойына тұрады.

«Мен» деп жауап береді

Мен

Мен

Мен

Мен

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Кіріспе әңгіме

-Бүгінгі іс-әрекетімізде «Тату доспыз бәріміз» деген тақырыпқа әңгіме құраймыз.

-Балалар, біздің топта көптеген ұлдар мен қыздар бар, ұлттары әртүрлі.

Мысалы: Ерасыл-қазақ

Пампух-әзербайжан

Мая-түрік

Мунира-ұйғыр

Көрдіңдер ме, балалар, біз көп ұлтты халықпыз. Біз бәріміз тату-тәтті тұрамыз.

Сурет бойынша әңгіме құрату.

Сұрақ-жауап арқылы ңгімелеу.

-Біздің қаламызда әртүрлі ұлттар тұрады, ал сендер осы ұлттарды атап бере аласыңдар ма?

-Біздің ол ұлттармен қарым-қатынасымыз қандай?

-Біз өз балабақшамыздың ішініде қандай ұлттың тілін меңгеріп жатырмыз, осы меңгеріп жатқан тілімізде өлең айтып бере аласыңдар ма?

Дидактикалық ойын:

«Не деу керек»?

Дәптермен жұмыс:

Алма мен доптың суретін салып, бояу.

Түрік, орыс, қазақ, өзбек, неміс, кәріс, т.б.

Татумыз.

Әр бала өлең айтады.

Ойынды ойнайды.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Өлең оқу арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Балалар өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: достықты, татулықты, бауырмашыл болып өсуді.

Игереді: сұрақ-жауап арқылы әңгімелеуді.

Меңгереді: достықты қадірлей білуді.

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Күні:

Бекітілді:__________

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)

Тақырыбы: Жабайы аңдар (сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: а)Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелету;

ә)Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, аттарын айтып, сөздік қорын байыту;

б)Оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Блингвальді компонент: жабайы аңдар-дикие животные,аю-медведь, қонжық-медвеженок,түлкі-лиса, қасқыр-волк,бөлтірік-волчонок.

Көрнекілігі:суреттер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотивация – лық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауада салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Балаларға сыйлайық.

-Бәрекелді, қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың балалардың болғанына өте қуаныштымын.

Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.

Балалар шеңбер бойын тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасап орындайды.

Ұйымдасты – рушылық ізденістік

-Балалар,сендер хайуанаттар барып көрдіңдер ме?

Олай болса, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы аңдар туралы әңгімелейміз.

Сурет бойынша әңгімелеу.

-Суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?

-Жабайы аңдарға нелер жатады?

-Неліктен жабайы аңдар дейміз?

-Олар қай жерде мекендейді?

-Аю балаларымен не істеп жатыр?

-Аюдың баласын қалай атайды?

-Қасқырдың баласын қалай атайды?

-Түлкінің ерекшелігі неде?

Дәптермен жұмыс:

Аңдардың қимылын келтір және боя.

Бардық,көрдік

Жабайы

Балалардың жауаптары.

Орманда жүреді

Ойнап жатыр

Қонжық

Бөлтірік

Қу, тұмсығы үшкір

Тапсырманы орындайды.

Рефлекстік түзетушілік

Оқу іс-әрекетін ойынмен аяқтау:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Себеттерге салайық.

Құлпынай тереді және оларды санайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша әңгіме құрай білу.

Игереді: аңдардың мекендейтін жерін біледі.

Меңгереді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір- бірінен ажыратып, олардың қимылын келтіруді.

Күні:

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Бекітілді:________