Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерек баг. тил дам. кормке.техн. дурысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.09 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс-әрекеті: Сауат ашу (Көркем әдебиет)

Тақырыбы:.Кел,балалар, оқылық!

Мақсаты: а)Өлеңді жатқа айтуға үйрету;

Ә)Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру;

Б)Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиваци-лық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық!»өлеңімен танысамыз.

-Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру,мазмұнын ашу.

Кел,балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.

Кел,балалар,оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.

-Өлеңде не жайында айтылған?

-Өлеңде балаларды неге шақырады?

Сергіту сәті

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Тәрбиешінің көмегімен жауап береді.

Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды.

Тәрбиешімен бірге қайталап жаттайды.

Балалардың түсінігі,ойлары.

Оқу білімге шақырады.

Балалар қимыл арқылы көрсетеді.

Рефлексия-лық-түзетушілік

Дәптермен жұмыс:

1.Өлеңді жаттау.

2.Өнер білім туралы мақал-мәтелдер айту:

*Оқу инемен құдық қазғандай.

* Оқусыз білім жоқ.

* Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы.

Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын жаттап,мақал-мәтелдерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.

Игереді:ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.

Меңгереді:сұрақ-жауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды.

Күні

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Бекітілді:_______

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл және әдебиет

Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Тіл дамыту)

Тақырыбы: Күшік неге көңілсіз?(сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: а)Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға, күшік сөзіне қандай анықтауышты үйлестіруге болатынын көрсету.

ә)Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

б)Тілдік қорын дамыту.

Көрнекіліктер: тіл дамыту дәптері, жұмсақ ойыншық күшік.

Әдіс -тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Билингвальді компонент: күшік-щенок,ит-собака

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотивация – лық қозғаушылық

Жұмбақ жасыру:

Адамға серік,

Күзетке берік

-Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?

-Иттің баласын не деп атаймыз?

-Күшік қандай дыбыс шығарады?

-Кәне, ендеше бәріміз күшік сияқты үрейікші (Әуп-әуп).

Жұмбақтың жауабын ит екендігін табуға атсалысады. Иттің үй жануары екенін айтады.

-Иттің баласын күшік деп атаймыз.

Күшік үретінін баяндайды.

(Әуп-әуп). Күшіктің дыбысын салып үруге талпынады.

Ұйымдасты – рушылық ізденістік

(Көңілсіз күшіктің суреті)

-Балалар, суреттегі күшік туралы әңгімелейік.

-Күшіктің көңіл күйі қандай?

-Ол неліктен көңілсіз, жабырқаулы деп ойлайсыңдар?

Күшік кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, ақылды, құлақтары ұп-ұзын, жүні жұп-жұмсақ, бірақ күшік көңілсіз, жабырқаулы.

Неге ол көңілсіз, жабырқаулы?

-Мүмкін өзінің атын ұмытып қалған шығар? Кәне, оған ат қойып көрейікші.

-Бәлкім, ол өзінің атын естігенде көңілденетін шығар?

-Ол көңілденбеді,әлі де жабырқаулы. Енді не істесек болады?Ендеше дәптерімізді ашайық, күшіктің көңілін көтеру үшін тапсырманы орындайық.

Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Күшікке сүйекке жету жолын бастыр» тапсырмасын орындату.

-Балалар, біз күшікке сергіту жаттығуын жасап көрсетейік. Ол сол кезде көңілденер?

Сергіту жаттығуы:

«Қолғабысы күшіктің»

Тақиясын ұшырып

Жел інімді жылатты

Бірақ оны күшігі

Әкеп беріп жұбатты.

(А.Сәрсеков)

Күшік кішкентай, сүйкімді, бірақ оның көңілсіз екенін суретке қарап жеткізеді.

«Досын, анасын жоғалтып алды, мүмкін ауырып тұрған шығар, сондықтан көңілсіз», -деп әртүрлі жорамалдар айтады.

Өздері білетін әртүрлі аттарды атайды.мысалы: Ақтөс, Бөрібасар, Бим.

Өз ойларын айтады.

Дәптерді ашып , күшікке сүйекке жетуге көмектеседі.

Қимылын келтіріп айтады.

Рефлекстік түзетушілік

-Біздің күшігіміздің көңілі көтерілмеді. Біз енді үйге барған соң ғаламтор (интернет) , телефон арқылы хабарласып күшік туралы мағлұматтар жіберіп, оның иесін табуға көмектесейік. Сендер де ата-аналарыңнан көмек сұрап, күшікті сипаттап ғаламтор желісіне жіберіңдер.

-Біз солай күшікті қуантсақ нұр үстіне нұр болар. Күшікпен қоштасып оған жылы сөздер мен тілектер арнайық.

Балалар ата-аналарынан, аға-әпкелерінен көмек сұрап, күшікке қол ұшын беретіндіктерін, дос екендіктерін баяндайды.

Күшікпен қоштасып, ертең-ақ оның иесінің табылып қуанатынына тілектестік білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:өз ойын жеткізе білуді, суретке қарап әңгіме құрауды;

Игереді: шешім қабылдауды, сұраққа толық жауап беруді;

Меңгереді: жылы сөздер мен тілектер айтып жұбатуды біледі.

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Күні:

Бекітілді:________