Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерек баг. тил дам. кормке.техн. дурысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.09 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Тіл және әдебиет

Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Тіл дамыту )

Тақырыбы:Суреттеу бойынша тап (дидактикалық ойын)

Мақсаты:Балаларды заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы әңгімелеуге үйретуді жалғастыру, балалардың сөздік қорын ұлттық дүниелер атауымен байыту (сандық-әбдіре, малақай-тымақ, желпеуіш, жалған шаш, теңге сөздерінің мәнін, қолдану аясын түсіндіру).Зат есімдер сын есімдерді байланыстырып айта білу дағдыларын дамыту;сипаттау мәнін құрастыра білуге үйрету.

Киімді күтіп киюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер,дәптер, сандық.

Әдіс -тәсілдер:түсіндіру ,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Билингвальді компонент: сандық-сундук, бас киім-шапка

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотивация – лық қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру.

Төртбұрышты, бір ауызды.

Жауабын табу үшін ойланады.

-Жұмбақтың жауабы: сандық.

Ұйымдасты – рушылық ізденістік

Демонстрациялық құралмен жұмыс (сандықтың суреті)

Балалар назарын суреттегі сандыққа аударып, сандық туралы суретке қарап әңгімелеу керектігін айтамын.

Сандыққа не салуға болатынын,ерте кезде ата-әжелеріміз сандыққа қандай бұйымдарын салғанын сұраймын.

Сандықтың «әбдіре» деп те аталатыны айтып өтемін.

Демонстрациялық құралмен жұмыс (малақай мен тымақ суреті)

Балалар назарын малақай мен тымақтың суретіне аудару.

Суреттегі заттарды бір сөзбен қалай аталатынын және олар киімнің қандай түріне жататынын, жасалғаны ,қай мезгілде киілетінін, олардың атауларын, қажеттілігін және олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұралады.

-Балалар, баскиімді тебуге болады ма? Үйде жерде жатса не істейміз?

«Қызыл малақай» өлеңін оқу.

Алақай-ау, алақай,

Киіп алдым малақай.

Қызыл жіптен тоқылған,

Өрнектері жасылдан

Ұнатамын мен оны

Тастамаймын басымнан.

Ж.Кенжеғалиева

Тымақ-аңның немесе малдың терісінен тігілетін бас киім. Оны «Түлкі тымақ» немесе «Елтірі тымақ» деп те атайды. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады.

«Малақай оны құндыз, бұлғын,сусар, түлкі, қарсақ т.б аңдар, құлын, бұзау, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан екі құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Оның сайларының түйісетін ұщтары үшкір болады да, етек жағы тік тәрізді болады. Малақайды «Құлақшын» деп те атайды. Ол ерлердің салқында киетін баскиімі.

Дәптермен жұмыс: дәптерде «Малақай мен тымақтың екінші бөлігін тап» тапсырмасын орындау.

Сергіту сәті:

Ақ сандығым ашылды,

Іщінен жібек шашылды.

Ол жұмбақты тыңдайық,

Шешпей оны тынбайық.

(сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.)

Балалардың назарын үстел үстіндегі сандыққа аударып, сандықты ұстап көрсетіп, оның неден жасалғаны қандай ою-өрнекпен безендірілгені туралы әңгімелеу.

Сандықты ашып оның ішінде не бар екенін білу үшін суреттеу бойынша табу қажет екені түсіндіріледі.

Ортаға бір баланы шығарып, ол сандықтың ішіндегі (желпуіш, теңге) біреуін таңдап, оны басқа балаларға суреттеп, сипаттап жасырады. Ал балалар, суреттеу бойынша ол не зат екенін табу керек.

Сол сияқты желпуішті суреттеп жасыруға бағыт бағдар беріледі.

Мазмұнды-рөлді ойын:

«Дүкенші» Мақсаты: Дүкенге келген сатып алушы мен сатушы арасындағы байланысты көрсете отырып, мәдениеттілікке, әдептілікке баулу.

Ал енді балалар мен сендерге санамақ оқып берейін.

Санамақ: «Киім-бұйым»

Бір дегенім –бөрік,

Кисең берді көрік.

Екі дегенім-етік,

Киер сәнді етіп.

Үш дегенім- ішік,

Теріден тігер пішіп.

Төрт дегенім- тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ.

Бес дегенім-байпақ,

Іші жылы жайпақ.

(М. Қуанышбаев)

Назарларын суретке аударып, сандықты сипаттайды (оның пішінін, безендірілген ою-өрнек түрлері,оның ішіне не салуға болатынын айтады),әңгімелейді.

-Тымақ, малақай

-мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. (Төбесі биік, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болатындығын тәрбиеші көмегімен айтады.)

-Әрине, болмайды. Жерде жатса, ол кірлеп қалады. Сол үшін баспай көтеріп қоюымыз керек.

Тақпақты қайталайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Балалар сандыққа назар аударады. Сандықта,ою-өрнектердің атын атап, неден жасалғаны жайында айтады.

Мысалы: «теңге» ол қағаздан немесе темірден жасалады. Қағаздан жасалған түрі төртбұрышты, ал темірден жасалған түрі-дөңгелек. Ол бізге қажет.Дүкенге барғанда біз ол затсыз бара алмаймыз.

«Қәне, ол не екенін кім айтады?» деп бала өз бетінше сұрақтар қоя білуге дағдыланады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар санамақты мұқият тыңдап, қимылын келтіре отырып жасайды

Тыңдап қайталайды.

Рефлекстік түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылап, жаңа сөздерді қайталау.

Жаңа сөздерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жаңа заттарды, олардың атауын білу;

Игереді: заттарды сипаттау арқылы әңгімелеуді;

Меңгереді: өз ойын жеткізіп, сұраққа толық жауап беруді біледі.

Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б

Күн:

Бекітілді:______