- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Бекітілді:_________
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Тіл және әдебиет
Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу (Тіл дамыту)
Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі
Мақсаты: а) Ненің дәмді екенін ажыратуға , дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.
ә) Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
б)Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түсінігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Көрнекіліктер: тіл дамыту дәптері, қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары.
Әдіс -тәсілдер: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.
Билингвальді компонент:жұлдызқұрт -гусеница,алма-яблоко.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Баланың іс – әрекеті |
Мотивация – лық қозғаушылық |
Жемістер мен көкөністер салынған себетті көрсету. |
Балалар қуанышты сезімде болады. |
Ұйымдасты – рушылық ізденістік |
Балаларға алманың суретін көрсетемін. -Алма сендерге ұнай ма? -Алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен. Бәріміз дәптерді ашамыз. Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!» тапсырмасын орындату. -Балалар, жұлдызқұртқа да алма ұнады. -Ал енді мен сендерге « Не дәмді?» ертегісін оқып беремін. Ертегіні мәнерлеп оқып беремін.
-Ал балалар, ертегіден не түсіндіңдер? -Балалар өз үйлері аналарың немесе әкелерің немесе өзің нені жақсы көресіңдер? -Көрдіңдер ме?Әр адамның өз сүйікті тағамдары бар.Қандай тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті. -Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз? «Нан қиқымын, шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар»-деген өлең бар, ешуақытта асты басып кетуге болмайды. Нанды да, асты да қадірлеуіміз керек.
Сергіту жаттығуы: Алма баққа барайық, Алма теріп алайық, Ең үлкенін дәмдісін, Әжемізге сыйлайық. Дидактикалық ойын: «Бұл не?» Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету. Ойын шарты: Баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған көкөністер мен жемістердің пішінін айтып, атын атау керек. |
Балалар қызығушылықпен қарайды. -Әрине, ұнайды. Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді. Алма дөңгелек болады.
Дәптердегі тапсырманы орындауға тырысады. Балалар мұқият тыңдап мазмұнын айтуға тырысады. Балалар түсінгендерін айтады.Мысалы, Анам етті, әкем палауды , ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.
-Әрине, қиқымы шашылса теріп аламыз.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Ойынды балалар қызыға ойнайды. |
Рефлекстік түзетушілік |
Ойында тапқан жемісімізді немесе көкөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беру керек екенін айту. |
Балалар ұсынысты қабылдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістердің көкөністерден айырмашылықтарын жылдам айта білу.
Игереді: көкөністер мен жемістерді ажыратуды;
Меңгереді: тез ойланып, тез жауап беруді біледі.
Технологиялық картаны толтырған: Шетірова Ә.Б
Күні:
Бекітілді:_________
