Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.5 Кб
Скачать

18.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздеріне анықтама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігі мен сатыларын талдаңыз. Қаржылық жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіз.

Қаржылық жоспарлау халық шаруашылығындағы өндірістік және әлеуметтік дамуды жоспарлаудың құрамдық бөлігі болып есептелінеді. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі орталықтандырылған және орнатылтандаралмаған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру б.т. Қаржылық жоспарлаудың басқа мақсаты: қаржылық ресурстардың қалыптастыру көздерін және олардың жалпы көлемін анықтау; қаржылық ресурстардың пайдаланудың және қажетті резервтер құрудың нақты бағыттарын анықтау; ақша қаражаттарын халық шаруашылығы салалары, әкімшілік-аумақтық бірліктерде, сондай-ақ орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлардың арасында бөлудің ұтымды және тиімді әдісін белгілеу. Қаржылық жоспарлау органдары барлық мемлекеттік органдар жүйесін қамтиды: 1) мемлекеттік өкімет органдары: а) Жоғарғы Кеңес б) жергілікті өкілді органдар – маслихаттар. 2) Мемлекеттік басқару органдары 3) Арнайы қаржылық-кредиттік органдар: а) Қаржы министрлігі, оның басқармалары мен бөлімдері б) Ұлттық Банк, оның мекемелері. Қаржылық жоспарлаудың принциптері: ведомстволық, салалық, аумақтық, белгілі мақсаттық. Қаржылық жоспарлауды әзірлеу 3 этаптан тұрады: 1. есеп беру кезеңінде көрсеткіштердің орындалуына экон.талдау жүргізіледі. 2. әлеуметтік және экон. даму жоспарларының көрсеткіштері негізінде жоспарланатын жылдың кірістері мен шығыстарының нақты түрлерін есептеп шығару ж.а. 3. жекелеген тапсырмалар, статьялар, біртұтас біріктіріліп, теңестіріледі. Қаржылық жоспарлаудың негізігі құжаты қаржылық жоспар. Қаржылық жоспар дегеніміз – кәсіпорындар мен ұйымдардың, халық шаруашылығының,

19.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар: жалпы сипаттамасы мен түрлері. Қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілері мен құрамына талдау жасаңыз.

Қаржылық құқықтық нормаларды бұзу сипатындағы құқық бұзушылық қаржы саласындағы құқық бұзушылық деп атайды. Мемлекет қаржы саласындағы құқық бұзушылық сипатына байланысты оны жасағанға әртүрлі заңи жауапкершілікті(санкцияны) орнатуы мүмкін: Қылмыстық құқықтық, Әкімшілік құқықтық, Қаржылық құқықтық. Қаржылық құқық бұзушылықтың түрлері: 1)Қылмыс 2)Әкімшілік теріс қылық 3)Қаржылық құқықбұзушылық. Қаржылық құқықтық жауапкершіліқтің шаралары болып айыппұл мен өсім пұл саналады. Әкімшілік құқықтық жауапкершілік шаралары болып, әкімшілік айыппұл салынады. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік шаралары болып, айыппұл, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айыру. Қаржылық құқық бұзушылық өзге құқық бұзушылықтар тәрізді өзінің бергілері мен құрамы бар. 1-ші белгісі, құқыққа қайшылық. 2-ші белгісі , кінәлілік. Яғни абайсызда не қасақана болуы мүмкін. Құқықбұзушының өз іс әрекетіне психикалық қатынасын сипаттайды. Заңнамада қаржы саласындағы құқықбұз. көлемді түрін қарастырады. Бюджет саласындағы құқықбұзушылықтар әдетте келесідей әрекеттерді құрайды: Бюджет құралдарын мақсатсыз пайдалану, бюджет құралдарын алушыларға бюджет құралдарын тиісті уақытында есептеу; Бюджет кірістерін есептеудегі міндеттемелерді сақтамау. Волюталық реттеу саласында құқықбұз. мыналар жатады: Волюталық заңнамаларды бұзатын нормаларды сәйкес волюталық операцияларды жасау. Есептеу нысанында бекітілген тәртіпті бұза отырып, волюталық операциядағы бухгалтерлік есепті жүргізу. Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы заңи жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз болатын, қаржылық құқық бұзушылық

20.Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы: белгілері мен элементтеріне жүйелі талдау жасаңыз. Қаржылық құқық бұзушылық саласындағы жүргізілетін істердің өндірісі, олардың тәртібі мен ерекшеліктерін саралап беріңіз.

Қаржылық-құқықтық жауапкершілік құқықтық реттеу мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында көрініс табатын қаржылық құқық бұзушылықтарды және соларды жасағаны ұшін қолданылатын заңи жауапкершілік түрлерін сондай-ақ оларды қолдану қағидалары мен түрлерін белгілейтін қаржылық құқықтық институт болып табылады.

Қаржылық құқық бұзушылық деп, қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиесілі қаржылық міндеттерін тиісінше орындалмағандарына байланысты көрініс табатын қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) айтамыз.

Қаржылық құқық бұзушылық: құқыққа қайшылық; кінәлілігі; зардаптың болуы; құқыққа қайшы әрекет пен оның нәтижесінде туындаған залал зардаптардың арасындағы себептік байланыс; жазаға тартылуы сияқты белгілерімен сипатталады.

Қаржылық құқық бұзушылықтардың түрлері:

- мемлекет пен қоғамның материалдық мүдделеріне қарсы қаржылық құқық бұзушылықтар.

- мемлекеттің қаржы жүйесінің айтарлықтай қызмет атқаруына кедергі жасайтын қаржылық құқық бұзушылықтар.

-қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қарсы бағытталған қаржылық құқық бұзушылықтар.

- мемлекеттің мамандырылған қаржылық органдардың өз қызметтерін жүзеге асыруларына кедергі келтірентін қаржылық құқық бұзушылық

21.Бюджеттік құқықтың түсінігін ашыңыз. Бюджеттік құқықтың пәні, әдістері және жүйесін талдаңыз.  Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсетіңіз. 

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы екі деңгейлі — республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-қаржы саясатының қажетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасында әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдармен айқындалады

Бюджет құқығы –ол жалпы қаржы құқығы категориясына қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір- бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады.Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым- қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым — қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік фунцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым – қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық фунцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да, мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық – экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым — қатынаста жатыр.Бюджет экономикалық қарым – қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.Сондықтан, мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген — ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасына да пайдаланады.Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым–қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік – экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі келісімге (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]