Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.5 Кб
Скачать

13.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификацияның мазмұнын ашып беріңіз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру

Бұл әдіс айналымдағы ақша массасын қысқартуға және оның өсуіне шек қоюға бағытталған. Әдіс инфляциямен күресте қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуге, оны шектеуге сүйенетін монетаризм идеяларына негізделген. Қойылған мақсатқа жету үшін орталық банкілер коммерциялық банкілердің міндетті резервтер мөлшерін жоғарылатады, олардың кредиттеу операцияларына шек қояды және банкілердің ақша эмиссиясын бақылайды. Үкімет өз тарапынан айналымға артық ақша шығу себептерін жоюға бағытталған шараларды қолға алады. Бюджет тапшылығын қысқарту қарастырылады, уақытында халық табысының индекстеуі тоқтатылады, кейбір салық түрлерінің мөлшерлемелерін жоғарылауды (әсіресе тұтыну салықтары). Әрине, аталған шаралар халық арасында наразылықтар туғызады, бірақ экономика ұшқыр инфляцияға ұшырап тұрған жағдайда бұл шаралар инфляцияның жоғарғы қарқынын тоқтатудың бірден-бір тәсілдері болып табылады.

Ақша реформасын жүргізу арқылы елде ақша айналымын тұрақтандыру және оны тәртіпке келтіру ұшқыр инфляциямен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Әсіресе бұл 1980 жылдары Латын Америкасында (Бразилия, Аргентина, Перу, әдіс Боливия) болған инфляциялық дағдарыстар кезінде гиперинфляцияға қарсы күрестің бірден-бір тиімді жолы екенін өзі танытты. Ақша реформасы сол елдердегі сауданы жеңілдетті, тауар этикеттерінен көптеген нөлдерді жойды. Ақша реформасы екі түрге бөлінеді:

1) жаңа ақша шығару;

2) ақша жүйесіне өзгерістер енгізу.

14.Қаржылық құрылымның құқықтық негіздері: ұғымы мен жалпы сипаттамасы. Бюджеттік құрылым; Банктік құрылым; Сақтандыру құрылымы; Бюджеттен тыс қорлардың құрылымы;

15.Қаржылық бақылаудың ұғымы мен элементтері. Қаржылық бақылаудың түрлерін атаңыз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдері қандай?

Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.

Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру( алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін);

2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;

3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.

Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы, заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады.

1. Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды:

1) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]