Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.5 Кб
Скачать

11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздерінің жалпы сипаттамасын талдаңыз. Валюталық реттеудің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Валюталық монополия дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.

Валюталық реттеу - мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызметі.Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай-ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеуде валюталық реттеуге жатады.

Валюталық реттеудiң мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу және экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiң саясатына ықпал ету болып табылады.

Валюталық реттеудiң міндеттерi:

1) валюталық құндылықтардың Қазақстан Республикасындағы айналысының тәртібiн белгiлеу;

2) Қазақстан Республикасының әлемдiк экономикаға одан әрi шоғырлануы үшiн жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар мен капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкiметі және өзге мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндетті нормативтiк құқықтық актiлер шығарады. Валюталық peттeу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтік құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде келiсiлуге жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеу органы ретiнде: 

1)резидентт рдiң валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;  2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды және валюталық peттeу режимiн жүзеге асыру: лицензиялау;  тiркеу; хабарлау тәртібiн;  3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларына мониторингті (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн; 4) уәкiлетті мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшiн мiндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу және есеп беру нысандарын белгiлейдi. 

12.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтеріне анықтама беріңіз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлері қандай? Оның маңызын анықтаңыз. «Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңның сипаттамасы, құрылымы және маңызына талдау жасаңыз.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.Ақша жүйесі еліміздегі ақшаның өз функциясын атқаруның тарихи қалыптасқан және ұлттық заңдармен бекітілген ұйымдастыру нысаны б.т. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:1. ақша бірлігінің – еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөнінде қызмет атқаратын заңмен белгіленген ақша номиналы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде – теңге.2. ақша түрлері – заңды төлем күші бар ақшаларды, олардың белгілері мен номиналдарын айтамыз. Ақшаның 2 түрі шығарылады: 1) қағаз ақша 2) монета. Ақшаның атқаратын қызметі: құн өлшемі; төлем құралы; айналым құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар ретінде көрініс табады. 3. Ақшаны эмиссиялау тәртібі – мемлекеттегі тікелей эмиссиялық орталық атымен қамтамасыз етілген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды шығару туралы пассивті операцияны ж.а. қазақтың ұлттық банкі б.т. 4. Валюта режимі – ұлттық валюта, сондай-ақ шетел валютасы тарапына мемлекет белгілеген валюталық шектеулер. Түрлері: 1)толығымен айналатын, еркін жүретін 2)жартылай айналымға түсетін 3)айналымға түспейтін. Валюталық монополия дегеніміз – валюталық құндылықтар мен мәміле жасау жөніндегі мемлекеттің айрықша құқығы. Валюталық монополия объектілері: 1)шетел валютасы 2)шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар 3)құнды металдар, бағалы тастар. 5. Ақша айналымы – қолда бар нақты және қолда жоқ ақша қозғалыстарынан тұрады. Нақты ақша: банкнот, металл ақша және т.б. Қолда жоқ: кредит карточкалары, чектер, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]