Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.5 Кб
Скачать

3.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігін анықтаңыз. Қаржылық құқықтың пәнін түсіндіріңіз және жүйесін талдаңыз.

Қаржылық қүқық - мемлекеттің қаржы жүйесін қалыптас- тыру жэне оны жүзеге асыру процесінде, сонымен қатар мемлекет- тің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу, пайдалануды 4 үйымдасты- ру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін қүқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржылық қүқықтың пэні - мемлекеттің қаржылық қызметінің, яғни мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу жэне пайдалануды үйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Мемлекеттің қаржылық қызметі барысында, қаржылық қүқықты пэні болып табылатын қаржылық қатынастарды екі тобы эрекет етеді: материалдық жэне үйымдастырушылық. Материалдық қаржылық қатынастар ақша қүралдарының қозғалысын білдіреді, мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру жэне бөлу процестерін сипаттайды. Бүл қатынастар нақты ақша- лардың төлеушіден мемлекеттік қорға немесе қордан алушы түлға- ға қозғалысымен байланысты. Түгастай елдің қаржы жүйесін, со- ның ішінде мемлекеттің қаржы жүйесін, мемлекеттің қаржы меке- мелерінің жүйесін (мемлекеттік қаржыларды басқару органдары) үйымдастыру жэне оларың қызметін қамтамасыз ету процесінде пайда болатын қатынастар үйымдастырушылық қаржылық қатынастарға жатады. Материалдық қаржылық қатынастар келесі белгілермен сипатталады: 1. бүл қатынастар ақшалай қатынастар болып табылады, өйткені мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру немесе бөлу процесін сипаттайды; 2. бүл қатынастар ақшалай нысандағы қүнның біржақты қозғалысын білдіреді, яғни қүнның тауар нысанындағы қозғалыс көрініс таппайды; 3. материалдық қаржылық қатынастар үйымдастырушылық сипатта болады;

4.Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасы қандай?

-Конституциялық қүқық барлық қүқық салалырының негізі ретінде қарастырылады. Конституциялық нормалар өкілді жэне атқарушы билік органдарының қүзыреттерін анықтай отырып, мемлекеттің қаржылық қызметінің негіздерін белгілейді. Жанама түрде мемлекеттің қаржы жүйесінің қүрамы туралы айтылады. Қазақстан Републикасының Конституциясының 54- бабы бойынша, Парламент Палаталардың бөлек отырысында, республикалық бюджетті жэне оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді жэне оларды алып тастайды. Палаталардың бірлескен отырысында, республикалық бюджетті жэне Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

-Қаржылық құқық пен әкімшілік құқықтың айырмашылығы негізінен құқықтық реттеу пэніне байланысты болады. Әкімшілік құқықтың пэні болып, атқарушы билік органдарының қызметі процесінде пайда болған қатынастар болып табылса, ал қаржылық құқытың пәні - қаржылық құқықтық қатынастар. Қаржылық қызмет атқарушы билік органдардың қызметі сипатында көрініс тапқан кезінде бұл құқық салаларын айыруға кедергі келтіреді. Мысалы, Қаржы министрлігінің қызметі немесе ведомстволық қаржыларжы үйымдастырумен байланысты министрліктер мен ведомстволар- дың қызметі. Қаржылық қатынастар үйымдастырушылық сипа- тында болған реттерде де қиындықтар туындайды (мысалы, Қар- жы министрлігі мен оның аумақтық бөліністері арасындағы қаты- настар). Қаржылық жэне экімшілік қүқық қүқықтық реттеудің им- перативтік әдісін қоланылады

-Қаржылық қүқықпен азаматтық қүқықты ажыратудың негізгі белгісі - реттеу пәні азаматтық қүқықтық реттеу пәні, тауар, ақша қатынастары, ал азаматтық қүқықтың пәні экономикалық қатынастардың бір түрі қаржылық қатынастар. Құқықтық реттеу әдісі азаматтық құқықтық жэне қаржылық құқықтық қатынастарды ажыратудың қосымша белгісі болып саналады, бірінші қатынастар құқықтық теңдікті білдіреді, ал екніші қатынастар теңсіздікті білдіреді. Осы қатынастарды ажыратудың келесі белгісі қаржылық құқықты міндетті субъектісі мемлекет болатыны. Мемлекеттік займ қатынастары мазмұны бойынша қаржылық қатынастар, құқықтық реттеу эдістері бойынша - шарттық, қаржылық құқықтың пәні болып табылады. Жеке займ ақшалай сипатта болса да қаржылық қатынас болып табылмайды, сондықтан азаматтық құқықтың пэні болып табылады. Қаржылық құқық мемлекеттің қатысуы бар қаржылық қатынастарды реттейді, азаматтық құқық тауар ақша қатынастарын реттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]