Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.5 Кб
Скачать

39.Қаржы-шаруашылық құқығы - қаржылық құқықтың институты ретінде. Қаржы-шаруашылық құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасын ашып беріңіз. Қаржы-шаруашылық құқығының пәні.

Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар. Мемлекеттік

кәсіпорындардың шаруашылық – қаржылық және ӛндірістік бағытының негізі.

Мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығына негізделген. Мемлекеттік

кісіпорындар жедел басқару құқығына да негізделген, сондай мақсаттарда қызметін

жүзеге асырады. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар. Коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорындар.

Қаржылық құқықтың қаржылық – шаруашылық құқығы мемлекеттік мекемелер

мен кәсіпорындардың құқықтық жағдайын қарастырады. Қаржылық – шаруашылық

құқықтың пәні болып мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыру барысында

пайда болатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Мемлекеттік кәсіпорындарға, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген және

жедел басқару құқығына да негізделген кәсіпорындар жатады.Мемлекеттік меншік

нысангына байланысты кәсіпорындар мынадай тӛмендегі түрлерге бӛлінеді:

Республикалық меншікте болатын кісіпорындар – мемлекеттік республикалық

кәсіпорындар;

Коммуналдық меншікте болатын кәсіпорындар – мемлекеттік коммуналдық мекемелер.

40.Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржыларының құқықтық режимі. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық қатынастарының түрлері. Мемлекеттік мекемелердің қаржыларының құқықтық режимі. Мемлекеттік мекемелер субъект болып табылатын қаржылық қатынастардың түрдері.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар — ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр түрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша қатынастары болып табылады.

Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады.

41.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді. Бұл шешім бюджетке түсетін кіріс деңгейінің төмендеуімен түсіндірілді. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Өз жауабыңды нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасап негізде.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

42.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туарлы Парламентке ұсыныс енгізілді. Бұл шешім республикалық бюджетке түсетін кіріс деңгейін жоғарлатуымен байланысты болды. Республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды кім енгізеді. Аудан әкімінің әрекеті заңды ма? Өз жауабыңды нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасап негізде.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

43.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың шешімімен республикалық бюджетке трансфертті қысқарту туралы шешім қабылданды. Ол шешім кіріс деңгейінің төмендеуімен және бюджеттің қаражат жұмсауға байланысты кейбір бөлігінің орындалуына мүмкін еместігімен түсіндірілді. Облыстық мәслихаттың шешімі заңды ма? Жауабыңды толық негізде.

Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалықмаңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі. БК-мен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомство-лықбағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге жәнетиісті ауданда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті б.т

44.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды. Қор жергілікті бюджетке түскен салықтық қаржыдан қалыптастырылды. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Жауабыңды толық негізде.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет  қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген кездері бар ақша ресурстарының жиынтығы. 

Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттіқ бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша  да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.

45.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың ревизиялық комиссиясын облыстық әкімнің тікелей өзі басқаруы туралы шешім қабылданды. Бұл шешім облыстық бюджет атқарылуына қатаң қадағалау қажеттілігімен түсіндірілді.    Облыс әкімінің шешімі заңды ма? Ревизия дегеніміз не? Ревизияның қандай түрлері бар?

Ауданның бюджеті туралы шешімнің жобасына:1) БК-де және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңніңәрбіржылы б\ша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасы қоса беріледі. 2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардыңтізбесі; 3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін аудан бюджетіне түсімдер көлемі; 4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың , ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары; 5) басқа да деректер қоса беріледі.Кезекті қаржы жылына арналған аудан бюджетінің бекітілетін тапшылығының мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан бюджетінің жобасын ауданның жергілікті атқа-рушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

46.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық бюджет қаражатын толтыру мақсатында облыс әкімі, облыс аумағынан жүретін көліктерге қосымша ақы тағайындады. Облыс әкімінің әрекеті заңды ма? Егер Облыс әкімінің әрекеті заңсыз болса, қандай құқық бұзушылықтың түрі орын алған?

Егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi стратегиялық жоспардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет түсiмдерiн қысқартуды қажет ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынса, онда бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiледi.Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар бой

нша шығыстардың түрлерi бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар тек қана үшiншi жылға жасалады.9. Бюджеттiк өтiнiмге түсiндiрме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негiзгi бағыттарын, мәлiмделген бюджеттiк бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негiздiлiгiн, нәтижелердiң қол жеткiзiлген көрсеткiштерiнiң талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнiң құрамына енгiзiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерiн қамтиды.

47.Тәжірибелік сұрақ: Банк саласындағы дағдарыспен күресу мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан екінші дәрежедегі банктерге несие беру туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк басшылығының шешімі дұрыс па? Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді атаңыз.

Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді.Валюталық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы валюталык қатынастарды реттеу туралы». Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.

Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады

48.Тәжірибелік сұрақ: 2015 жылы 15 акпанда “Алау” ЖШС-ң трактористі мас күйінде, өз бетімен ЖШС-ң тракторын өз мақсатында алып, “Нарынқол” ауылына айдап кетіп, онда тракторды қараусыз қалдырып, нәтижесінде двигатель мен радиатор қатып, ЖШК 350.000 теңге мөлшерінде зиян келтірді. Аудандық сот жауапкердің материалдық жағдайын ескеріп, ЖШС-ң талабын ішінара 5000 теңге мөлшерінде қанағаттандырып, оның қарауында 4 баласы бар екендігін көрсетті. Аудандық соттың шешімі дұрыс па? Қаржылық жауаптылық орын алған ба? Азаматтық-құқық жауапкершіліктің материалдық жауапкершіліктен айырмашылығы неде?

49.Тәжірибелік сұрақ: «Ару» ЖШС-і Қытайдан матаны Қырғыз Республикасына әкеліп әртүрлі киімдер тігеді. Сосын тігілген тауарларды Қазақстанға әкеліп сатады. «Ару» ЖШС-ң заң алдында қандай міндеттемелері бар? Заң алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін қандай жауаптылық түрі көзделеді?

50.Тәжірибелік сұрақ:    «Табысинвест» Серіктестігі Қазақстанда өндірілмейтін құрал жабдықтарды инвестициялық жоба аясында кедендік жеңілдікпен, яғни баж төлемей Қазақстан Республикасына әкелді. Салық комитетінің қызметкерлері тексеру жүргізу аясында «Табысинвест» Серіктестігіне Қазақстан Республикасың аумағында қосылған құн салығын төлемегені үшін айыппұл салды. Салық комитеті қызметкерлерінің әрекеті заңды ма? Қосылған құн салығы дегеніміз не?

Салық қатынастар дегеніміз жеке және заңды тұлғалардан салықты өндіру және салықты орнатуға байланысты пайда болатын, салық құқығы нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда: салық субъектісі; салық объектісі; салық көзі; салық мөлшері; салық жеңілдіктері; салық ставкасы; салық кезеңі; салықты есептеу тәртібі; салық есептілігі; салықты төлеу тәртібі

Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. 

Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. аталғандар салық төленеді.

Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық кеден төленетіндігін анықтау.

Салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын соның сомасын білдіреді және ол шекті жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп, заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. 

51.Тәжірибелік сұрақ:  «Азимут» ЖШС-і шет мемлекеттен тауарлар әкелу кезінде кеден органының тауарға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасын жүргізудің тәртібімен және тауарға берілген жіктеу кодымен келіспеді.  Нәтижесінде «Азимут» ЖШС-і қандай да болмасын міндетті төлемдер төлеуден бас тартты. «Азимут» ЖШС-ң әрекеті дұрыс па? Қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Қаржылық жауаптылықтың қандай түрі орын алған.

Қаржылық құқық бұзушылық деп, қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиесілі қаржылық міндеттерін тиісінше орындалмағандарына байланысты көрініс табатын қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) айтамыз.

Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру, кедендік статистиканы жүргізу үшін қолданылады.

Кедендік декларациялау үшін кедендік декларация берген кезде декларант Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарды сыныптайды және кедендік декларацияда тауардың кодын мәлімдейді.

Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант кедендік декларацияда тауарлардың кодын дұрыс мәлімдеген болса, онда кеден органының лауазымды адамы қосымша құжаттарды табыс етуді сұрамай, тауарлардың сыныпталуы бойынша мәліметтерді тексеруді аяқтайды.

Кеден одағының комиссиясына оның халықаралық негізінің кезекті нұсқасына көшу кезінде тауар позициясы, қосалқы позициясы және кіші қосалқы позициясы деңгейінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкестік кестелерін құруды және жіберуді кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.

52.Тәжірибелік сұрақ:  Азамат Б. Жеке пайдалануға деп шет елден 15 құты виски, 2000 дана темекі өнімін және 20 кг-ға жуық азық-түлік алып келді. Аталған жағдайда мемлекет тарпынан  бюджеттік түсімдер қарастырылады ма?

53.Тәжірибелік сұрақ:  Қазақстан Республикасының азаматы Жолдасов 100 мың АҚШ долларын кеден шекарасы арқылы алып өтпек болды.  Аталған жағдайда қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Қаржылық құқық бұзушылық дегеніміз не? Қаржылық жауаптылықтың қандай түрлері бар?

? Қаржылық құқық бұзушылық деп, қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиесілі қаржылық міндеттерін тиісінше орындалмағандарына байланысты көрініс табатын қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) айтамыз. Ал берілген жағдай бойынша: "Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы" сәйкес келесідей көрсетілген.

Жеке тұлғаның кеден одағының кеден аумағынан ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін әкетуі мынадай тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады:       баламасы 10 мың АҚШ долларына тең не одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкеткен кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатпайды;       баламасы 10 мың АКШ долларынан асатын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкеткен кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері әкетілетін қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің барлық сомасына жолаушылардың кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатады.

Көрсетілген заңнамаға сәйкес кеден одағының кеден аумағынан ақша қаражатын әкетуі немесе әкелу шектеусіз жүзеге асырылады. Яғни, заңи нормаларға сәйкес әрекет болғандықтан қаржылық құқық бұзушылық болып саналмайды.

54.“Жалын” ауылшаруашылық ЖШС 2010 жылы қантар айында құрылды. Оның құрамына 20 адам кірді. 2014 жылдың басында кооперативте 100 бас ірі қара, 50 жылқы, 300 қой, ауылшаруашылық техникасы және де 100 га жер болды. 2014 жылы қараша айында “Жалын” ЖШС төрағасы жергілікті салық инспекциясына шақырылып, онда оған 7000 теңге мөлшерде жер салығын, 50000 теңге мүлікке салық, үй жануарларына салық, әр сиыр басына - 500 теңге, әр жылқы басына - 700 теңге, ал қойға - 200 теңге мөлшерде және де ауылшаруашылық техникасына салық төлеуі тиіс екендігі түсіндірілді. Салық органының әрекеті заңды ма? Бұл құқық қатынас қандай нормативтік актімен реттеледі? Ауылшаруашылық товар өндірушілері үшін салық жеңілдіктері көзделе ме?

55.Тәжірибелік сұрақ: Интеллектуалдық меншік объектісінің 1000 данасын  азамат Қожаев өзі автор болғандықтан уәкілетті органның келісімінсіз кеден шекарасынан сыртқа шығармақ болды, оның бұл әрекетін кеден органы заңсыз деп танып іс қозғады.  Бұл жерде құқық бұзушылық орын алған ба? Орын алған болса, қандай түрі? Қожаев салық төлеуге міндетті ме?

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде интеллектуалдық меншік объектісіне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздемесі бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға интеллектуалдық меншік объектісіне құқығын қорғау туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы. 

Егер тізілімге енгізілген тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған екендігінің белгілерін тапса, онда мұндай тауарларды шығару тоқтатыла тұрады.

Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарлар: 1) өтініш берушінің өтініші бойынша; 2) тізілімге енгізу кезінде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда; 3) өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда; 4) тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда; 5) өтініш беруші осы бөлімнің ережелерін сақтамаған жағдайда тізілімнен шығарылуы мүмкін. 

Тауарларды шығаруды он жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешімді кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам қабылдайды және тиісті бұйрықпен ресімделеді. Өтініш берушінің сұрауы бойынша көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

56.Тәжірибелік сұрақ:  Азамат Павлов Кеден шекарасы арқылы құны 130000 теңгелік зергерлік бұйымдар алып өтпекші болды, оған қарсы Кеден органы контрабанда үшін қылмыстық іс қозғады. Аталған жағдайда қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Қаржылық жауаптылықтың түрлерін атаңыз?

Қаржылық құқық бұзушылық деп, қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиесілі қаржылық міндеттерін тиісінше орындалмағандарына байланысты көрініс табатын қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) айтамыз. Ал берілген жағдай бойынша: "Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы" сәйкес келесідей көрсетілген.

Жеке тұлғаның кеден одағының кеден аумағынан ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін әкетуі мынадай тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады:       баламасы 10 мың АҚШ долларына тең не одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкеткен кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатпайды;       баламасы 10 мың АКШ долларынан асатын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін бір мезгілде әкеткен кезде көрсетілген ақша қаражаты және (немесе) жол чектері әкетілетін қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің барлық сомасына жолаушылардың кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатады.

Көрсетілген заңнамаға сәйкес кеден одағының кеден аумағынан ақша қаражатын әкетуі немесе әкелу шектеусіз жүзеге асырылады. Яғни, заңи нормаларға сәйкес әрекет болғандықтан қаржылық құқық бұзушылық болып саналмайды.

57.Азамат Петров жанұясымен асыл тұқымды мал өсіру мақсатымен шаруа қожалығын құруды шешіп аудандық маслихатқа өтініш жолдады. Бұл өтінішті Мәслихат төрағасы қарап, Петров Ресей азаматы болғандықтан жер салығын және мүлік салығын ай сайын екі есе төлеу қажеттілігін айтады. Азамат Петров асыл тұқымды мал өсіру мақсатымен шаруа қожалығын құруға құқысы бар ма? Мәслихат төрағасының әрекетінде қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба?

58.Ауылшаруашылық шағын кәсіпорны сотта Шамов және Сағатов деген жұмысшыларға әрқайсысынан жоғалған малдың құны ретінде 3000 теңге өндіріп беру туралы талап қояды. Яғни Шамов малмен айналыса жүріп және Сағатов ферманың күзетшісі бола отырып бір-біріне малды есепсіз берген. Жүргізілген тексеру барысында 30 бас ірі қара жеткіліксіз екендігі белгілі болған. Сот жауапкерлерінің материалдық жағдайын ескеріп, олардан 1000 теңге ғана өндірген. Прокурор бұл шешімге наразылық білдірген. Бұл жағдайда қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Істі шешіңіз.

59.Тәжірибелік сұрақ: Аудандық бюджет қаражатын толтыру мақсатында аудан әкімі, қаланың бес орталық көшесімен жүру үшін көліктерге қосымша ақы тағайындады. Аудан әкімінің әрекеті заңды ма? Егер Аудан әкімінің әрекеті заңсыз болса, қандай құқық бұзушылықтың түрі орын алған?

Егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi стратегиялық жоспардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет түсiмдерiн қысқартуды қажет ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынса, онда бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiледi.Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар тек қана үшiншi жылға жасалады.9. Бюджеттiк өтiнiмге түсiндiрме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негiзгi бағыттарын, мәлiмделген бюджеттiк бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негiздiлiгiн, нәтижелердiң қол жеткiзiлген көрсеткiштерiнiң талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнiң құрамына енгiзiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерiн қамтиды.

60.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімі өз шешімімен орын алған жер сілкінісіне байланысты төтенше бюджет құрып, оны толықтыру мақсатында жергілікті тұрғындардың салық төлеу міндеттілігі туралы шешімі қабылдайды. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Төтенше бюджет дегеніміз не? Төтенше бюдеттің құрылу тәртібі қандай?

Төтенше бюджет - елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қабылданатын, не жай бюджетке (ағымдағы кіріс пен шығыс бюджетіне) қосымша түрде, не оның орнына жасалатын бюджет, мемлекет кірісі мен шығысының тізбесі. Т.б. негізінен соғыстар кезеңінде немесе дүлей апаттар кезінде жасалады. Алайда кейбір елдерде ол арнаулы сипатта болды Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу не Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығы төтеншемемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады. Тиісті мемлекеттік органдар төтенше немесе соғыс жағдайы әрекет ететін кезеңде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.  Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемін, сондай-ақ қаржыландырылуы бюджет қаражатын қайта бөлу мақсатында тоқтатыла тұратын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]