Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.5 Кб
Скачать

37.Мемлекеттік қарыз алудың ұғымы, түрлері және нысандарына жүйелі түрде талдау жасаңыз. Мемлекеттік қарыз алу мен жергілікті қарыз алудың жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері айқындап көрсетіңіз

Мемлекеттік Қарыз - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы — мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл — басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсе түседі. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай

қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;

ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.[2]

Сурет:Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар.jpg

Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар

Мемлекеттік кредит кызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.

38.Мемлекеттік несие: түсінігі мен ерекшеліктерін атаңыз. Мемлекеттік несие саласындағы жасалатын шарттардың құқықтық табиғаты мен тәртібін саралаңыз.

Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін.

Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарда банк несиесімен шатастыруға болмайды. Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;

2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатың қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар”, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп салынады.

Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметін орындайды Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]