Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.5 Кб
Скачать

30.Салық салу саласындағы басқару: түсінігі мен ерекшеліктерін саралаңыз. Басқару жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.

Салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері жалпы бөлімнің институты ретінде: маңызы, ерекшеліктері. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару түсінігі, маңызы, міндеттері, мақсаты, принциптері, басқару элементтері. Мемлекеттік салықтық басқарудың мемлекеттік басқарушылық қызметпен салыстырғандағы айрықша сипаты. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың ғылыми тұжырымдалған негіздері.

Салық салу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдар (мемлекеттің салықтық құрылымы) және олардың құқықтық мәртебелері. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреттері; Қазақстан Республикасы Парламентінің салық салу аясындағы құзыреттері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық салу аясындағы құзыреттері; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің фискальдық саясатты жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіліктері; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мемлекеттің бас салық органы ретіндегі құзыреттері және оның аумақтардағы салық комитеттерінің салықтық өкілеттіліктері; жергілікті мемлекеттік басқару органдары-Мәслихаттар мен Әкімдіктердің өз әкімшілік-аумақтық құрылымдары шегіндегі салық салуға байланысты өкілеттіліктері.

Мемлекеттің басты фискальдық органы - Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық салу саласындағы функциялары, құзыреттері және басқарушы ретіндегі айрықша қызметі. Мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу мемлекеттік басқарудың жарқын көрінісі ретінде: маңызы, экономикалық және құқықтық мән-жайы, нысандары, түрлері. Салықтық тіркеу есебіне алу. Салықтық бақылау. Салықтық тексерулер. Салықтық реттеу тәсілдері.

31.Мүлікке, жерге және көлік құралдарына салынатын салықтардың ерекшелігін көрсетіңіз. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу дегеніміз не? Оған талдау жүргізіңіз.

Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Қазақстанда елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. ;ер салығы салынбайды. Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің

32.Қазақстан Республикасының банк құқығы: түсінігі және маңызын көрсетіңіз.  Қазақстан Республикасының банк жүйесін талдаңыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы мен ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банк жүйесінін, маңызды элементі — банктер болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңнын, 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:1)заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;2)жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;3)банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;4)заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;5)кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;6)аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;7)есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);8)заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;

Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады. Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Ұлттық Банкінің маңызды қызметі — банктердің, жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді. Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі; 1)мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау; 2)төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету; 3)қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 4)банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:1) меншікті қаражат есебінен: 2. басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен; 3. ҚР төңірегіндегі тартылған қаражаттардан; 4)арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен. Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызметету жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.

33.Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың банктерге қадағалау жүргізу функцияларын ашып көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктерін талдап беріңіз. 

Банктік бақылау тиімділігі банктік жүйе тұрақтылығының негізгі шарты негізінде қарастырылады,ол мемлекеттің ақша-несие саясатының реттеу көзін байланыстырады.Банктік бақылаудың мақсаты банктер кәсіптеріндегі негативті тенденциялар және бұзушылықтарға уақытылы назар аудару,олардың қаржылық жағдайының нығайту әрбір банктің және түгел алғандағы банктік жүйенің қаржылық сенімділігін және тұрақтылығын қолдау.

Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:

- күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;

- банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;

- банкiлердiң қызметiн тексеру;

- ертерек ден қою шараларын қолдану;

- банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;

- банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

Банкiлер мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн пруденциалдық қалыптардың құрамына:

- банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;

- банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері;

- өз капиталы жеткiлiктiлiгiнің коэффицентi;

- бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi;

Қазақстан даму банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. Қазақстан Республикасының “Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 жылы 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. Қазақстан Даму Банкінің құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы министрлігі), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды

Қазақстан Даму Банкі қызметінің мақсаты. – мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу.

Банктің міндеттері: инвестициялық жобаларды орта мерзімге (5 жылға және одан көпке), ұзақ мерзімге (10 жылға және одан көпке – 20 жылға дейін) несиелендіру; Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін өнім экспортын ынталандыру мақсатымен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелендіру; басқа несие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру мақсатымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторының несиелендірілуін ынталандыру; Қазақстан Республикасы Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру.

Банктің өкілеттіктері: Банктің несие саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған несие саясатын айқындау. Банк өзінің өкілеттіктері мен міндеттерін орындау үшін мынадай операцияларды жүзеге асырады: заңды тұлғаларға несиелер мен кепілдіктер беру; кепілдікті мемл. қарыздар жөніндегі шарттарға сәйкес шартты салымның арнаулы есепшоттарын ашу; банктің қарыздарын, басқа да қарыздарды және респ. бюджет пен жергілікті бюджеттердің қаражатын есептеу үшін банк есепшоттарын ашу; Банк қарызгерлерінің ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау; Банк қарызгерлерінің, сондай-ақ, корреспондент-банктердің тапсыруымен олардың банктегі есепшоттары бойынша есеп айырысу; қарызгердің пайдасына төлем құжаттарын қабылдау; бағалы қағаздар шығару; меншікті мүлкін жалға беру; мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ банк заңдарында белгіленген реттерде өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет жүргізу.

 1. Даму Банкiнiң функциялары:       1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және қаржыландыру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;       2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындау;       3) республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;       4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;      

34.Қазақстан Республикасындағы  сақтандырудың құқықтық негіздері және сақтандыру қызметі: түсінігі және ерекшеліктеріне жүйелі түрде талдау жасаңыз. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру түрлері және оның әртүрлі негіздерге жіктелуін көрсетіңіз.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ қаржы табыстарды бөлістірумен байланысты болса, сақтандыру -қайта бөлістіру қатынастарынан бөлек барлық қатынасты қамтиды.

Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырудың жағдайын сипаттайтын белгілерге келесілер жатады:

• Адамдардың жағдайы және табиғи ерекшеліктері (ауру, қартаю, өлім, баланың дүниеге келуі)

• Адамдардың тәуекелділік сипаттағы еңбек қатынасына қатысуы: (жарақаттану, мүгедектік)

• Өндірістің қолайсыз жағдайлары (күннің қатты сууы немесе күрт ысуы);

• Стихиялық жағдайлар (катастрофа, өрт);

• Халық шаруашылығының дамуындағы теңсіздік

Сақтандырудың экономикалық категория (санаты) ретіндегі негізгі нысандарын атап өтуге болады:

1. Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты

2. Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатынасуы.

3. Сақтандырудың іс қимылы ақша қорларын жасап пайдаланумен қосарланып жүзеге асырылады.

4. Сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.

Сақтандыру барысындағы қалыптасатын ерекшеліктер оған келесі анықтаманы береді:

Сақтандыру – бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және

35.Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының құрылу тәртібін атаңыз. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге саралау жасаңыз. Сақтандыру қатынастарына қатысушы субъектілердің түсінігі, олардың құқықтық жағдайына (сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған тұлға, пайда көруші) сипаттама беріңіз. 

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ісіне деген монополиялық үстемдік жойылған. Кеңестік дәуірде барлық мүліктік және жеке сақтандыруды жүзеге асыратын –Мемлекеттік сақтандыру болатын. Бүгінгі уақытта сақтандыру нарығында әр түрлі меншіктегі ұйымдар жетерлік.Олардың қызмет ету аясы тәуекелді сақтандыру аясын қамтиды: биржалық келісімдерді, жүктерді, несиені сақтандыру және коммерциялық, құқықтық және басқа да арнайы тәуекелдерді сақтандыру. Қазақстанда экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру коперациясы құрылған. Бұл кооперацияның негізгі мақсаты қазақстандық тауар өндірушілерді және тауар экспортын әлемдік нарықта тәуекелден сақтандыру.

ҚР сақтандыру нарығының қатысушыларына келесілер жатады:

1) Сақтандыру ұйымы

2) Сақтандыру брокері

3) Сақтандыру агенті

4) Сақтандырушы

5) Аудиторлық ұйым

6) Өзара сақтандыру қоғамы

7) Сақтандыру қызметімен айналысатын кәсіпкерлік қызмет

Мемлекет ҚР Үкіметі негізінде ғана сақтандыру ұйымының құрылтайшысы бола алады. Жарғылық қорының 50% астамы мемлекетке қатысты ұйым сақтандыру ұйымының құрылташысы бола алмайды.

Сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған және заңда белгіленген тәртіп - яғни сақтандыру қызметке лицензия алған сақтандыру ұйымы, заңи тұлға, яғни сақтандыруды жүзеге асыратын, сақтанушыға шартта уағдаласатын сақтандыру уақиғасы басталғанда келтірілген зиянды өтеуге немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенген мамадарылған ұйым (мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік аралас ұйым). 

Сақтанушы – сақтандырушымен ерікті негізде немесе заңға сәйкес сақтандыру шартын жасаған заңды немесе жеке тұлға. Сақтанушы сақтандыру жарналарын төлейді және сақтандырушымен (сақтандыру компаниясымен) нақты қатынастарға түседі. Ол үшінші тараптың мүдделері үшін немесе соның атынан сақтандыру шартын жасауға құқылы. Халықаралық сақтандыру тәжірибесінде оны полис ұстаушы деп атайды. Міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша оларда көрсетілген тұлғалар заңға сәйкес, яғни шарт жасаспай-ақ Сақтанушы болып табылады.

Сақтандырылған тұлға, Сақтандырылушы – 1) өзіндік (жеке басты) сақтандыруға қатысушы жеке тұлға. Оның мүдделері өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен, медицина шығындарды төлеумен, т.б. байланысты болады және сақтандыру арқылы қорғалады, яғни сақтандыру нысанасы болып табылады; 2) жауапкершілігінің тәуекелі сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған, сақтандыру шартында немесе заңда көзделген жағдайларда уағдаласылған сақтандыру төлемін не қайтарылуға тиіс сақтандыру жарнасын алу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға. 

36.Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін ашып беріңіз. Сақтандыру қызметі саласындағы өкілді орагандарға талдау жасаңыз. «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы» заңына талдау жүргізу.  Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан сақтандыру реформаларының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі

Сақтандыру – сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.

2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.

3. Исламдық сақтандыру қызметі исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты қызметi болып табылады.

Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.

Сақтандыру қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы-14 тараудан 85 баптан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]