- •1.Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтінің түсінігі, маңызы және мақсатына анықтама беріңіз. Қаржы жүйесі және оның құрамын анықтаңыз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдаңыз.
- •3.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігін анықтаңыз. Қаржылық құқықтың пәнін түсіндіріңіз және жүйесін талдаңыз.
- •4.Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасы қандай?
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері және ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілеріне анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамын саралаңыз.
- •7.Қаржылық-құқықтық қатынастардың түсінігіне және мазмұнына анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен түрлерін талдаңыз.
- •8.Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілерін атаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз не?
- •9.Қаржылық қатынастар мен қаржылық құқықтық нормалардың байланысына сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктері қандай? Ақша реформасының жүргізілу ерекшеліктерін атаңыз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздерінің жалпы сипаттамасын талдаңыз. Валюталық реттеудің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Валюталық монополия дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
- •13.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификацияның мазмұнын ашып беріңіз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру
- •14.Қаржылық құрылымның құқықтық негіздері: ұғымы мен жалпы сипаттамасы. Бюджеттік құрылым; Банктік құрылым; Сақтандыру құрылымы; Бюджеттен тыс қорлардың құрылымы;
- •15.Қаржылық бақылаудың ұғымы мен элементтері. Қаржылық бақылаудың түрлерін атаңыз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдері қандай?
- •16.Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың атқаратын функцияларын саралаңыз.
- •18.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздеріне анықтама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігі мен сатыларын талдаңыз. Қаржылық жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіз.
- •19.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар: жалпы сипаттамасы мен түрлері. Қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілері мен құрамына талдау жасаңыз.
- •22.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін талдаңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің құрылысына талдау жасаңыз.
- •24.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін беріңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлері атаңыз. Олардың құқықтық реттелу тәртібі қандай?
- •28.Салықтық құқықтың қайнар көздеріне сипаттама беріңіз. «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің» құрылысына талдау жасаңыз.
- •29.Салық құқығы саласындағы бақылау жүргізу ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бақылау түрлері қандай? Бақылау жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
- •30.Салық салу саласындағы басқару: түсінігі мен ерекшеліктерін саралаңыз. Басқару жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
- •37.Мемлекеттік қарыз алудың ұғымы, түрлері және нысандарына жүйелі түрде талдау жасаңыз. Мемлекеттік қарыз алу мен жергілікті қарыз алудың жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері айқындап көрсетіңіз
- •38.Мемлекеттік несие: түсінігі мен ерекшеліктерін атаңыз. Мемлекеттік несие саласындағы жасалатын шарттардың құқықтық табиғаты мен тәртібін саралаңыз.
- •39.Қаржы-шаруашылық құқығы - қаржылық құқықтың институты ретінде. Қаржы-шаруашылық құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасын ашып беріңіз. Қаржы-шаруашылық құқығының пәні.
24.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін беріңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлері атаңыз. Олардың құқықтық реттелу тәртібі қандай?
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория. Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді. Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың бастапқы кірістері қалыптасады. Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы
Мемлекеттік шығыстар. Мемлекеттік шығыстар – бұл мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың шығындар жүйесі арқылы жүзеге асырылатын тікелей шығындардан тұрады.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады. Бағытталуы мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығыстардың жиынтығын құрайды.
Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі. Мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді: 1) Материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар 2) Қызметтің өндірістік емес сферасын жататын шығыстар 3) Мемлекеттің резервтерді жасауға жұмсайтын шығыстары Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартқа отырған және ұлттық табысты жасаумен байланысты. Шығыстардың екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстардың үшінші тобы мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға жұмсалынатын шығындар.Төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес аялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік шығыстардың айрықша түрлеріне қызмет істеп тұрған немесе қайта қалыптасатын кәсіпорынға инвестиция бөлуге жұмсалатын шығындар жатады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметін атқарумен байланысты шығындары біртіндеп артып отырады. Осының нәтижемінде халықтың нақты табыстары мен материалдық және мәдени шараларға жұмсайтын шығындары артады.
25.Қазақстан Республикасының салық құқығы қаржылық құқықтың институты ретіндегі ерекшелігіне талдау жасаңыз. Қазақстан Республикасының салық құқығының түсінігі және маңызын бағалаңыз. Салықтарға тән белгілерді атаңыз және олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық- заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
26.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіне баға беріңіз. Салық құқығының жалпы және ерекше бөлімдерінің ара қатынасын көрсетіңіз. Салықтық құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлеріне талдау жүргізіңіз. Салықтық құқықтық қатынастардың түсінігі, маңызы және субъектілерін жүйелі түрде саралаңыз.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық- заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
27.Салық құқығы мен қаржы құқығының өзара байланысын көрсетіңіз. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан салық реформаларының ерекшеліктерін атаңыз. Салық құқығы саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкцияларға талдау жүргізіңіз
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:1. реттеушілік;2. фискалдық;3. қайта бөлу.Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
