- •1.Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтінің түсінігі, маңызы және мақсатына анықтама беріңіз. Қаржы жүйесі және оның құрамын анықтаңыз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдаңыз.
- •3.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігін анықтаңыз. Қаржылық құқықтың пәнін түсіндіріңіз және жүйесін талдаңыз.
- •4.Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасы қандай?
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері және ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілеріне анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамын саралаңыз.
- •7.Қаржылық-құқықтық қатынастардың түсінігіне және мазмұнына анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен түрлерін талдаңыз.
- •8.Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілерін атаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз не?
- •9.Қаржылық қатынастар мен қаржылық құқықтық нормалардың байланысына сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктері қандай? Ақша реформасының жүргізілу ерекшеліктерін атаңыз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздерінің жалпы сипаттамасын талдаңыз. Валюталық реттеудің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Валюталық монополия дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
- •13.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификацияның мазмұнын ашып беріңіз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру
- •14.Қаржылық құрылымның құқықтық негіздері: ұғымы мен жалпы сипаттамасы. Бюджеттік құрылым; Банктік құрылым; Сақтандыру құрылымы; Бюджеттен тыс қорлардың құрылымы;
- •15.Қаржылық бақылаудың ұғымы мен элементтері. Қаржылық бақылаудың түрлерін атаңыз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдері қандай?
- •16.Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың атқаратын функцияларын саралаңыз.
- •18.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздеріне анықтама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігі мен сатыларын талдаңыз. Қаржылық жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіз.
- •19.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар: жалпы сипаттамасы мен түрлері. Қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілері мен құрамына талдау жасаңыз.
- •22.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін талдаңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің құрылысына талдау жасаңыз.
- •24.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін беріңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлері атаңыз. Олардың құқықтық реттелу тәртібі қандай?
- •28.Салықтық құқықтың қайнар көздеріне сипаттама беріңіз. «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің» құрылысына талдау жасаңыз.
- •29.Салық құқығы саласындағы бақылау жүргізу ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бақылау түрлері қандай? Бақылау жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
- •30.Салық салу саласындағы басқару: түсінігі мен ерекшеліктерін саралаңыз. Басқару жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
- •37.Мемлекеттік қарыз алудың ұғымы, түрлері және нысандарына жүйелі түрде талдау жасаңыз. Мемлекеттік қарыз алу мен жергілікті қарыз алудың жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері айқындап көрсетіңіз
- •38.Мемлекеттік несие: түсінігі мен ерекшеліктерін атаңыз. Мемлекеттік несие саласындағы жасалатын шарттардың құқықтық табиғаты мен тәртібін саралаңыз.
- •39.Қаржы-шаруашылық құқығы - қаржылық құқықтың институты ретінде. Қаржы-шаруашылық құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасын ашып беріңіз. Қаржы-шаруашылық құқығының пәні.
22.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін талдаңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің құрылысына талдау жасаңыз.
Бюджеттік құқықтың қайнар көздерінің қатарына:1.Қазақстан Республикасының Конституциясын; 2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі Бюджет Кодексін;3.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы маусымның 12-сіндегі Салық кодексін; 4.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы сәуірдің 5-індегі Кеден кодексі5.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы Ережені ;6.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы7.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті туралы;
8.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы;9.Республикалық бюджет комиссиясы туралы Ережені; 10. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті туралы;11. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әзірлеу т.б. Бюджет Кодексіне сипаттама: ҚРның Бюджет кодексі 2008 жылы 4желтоқсанда №95 қабылданды. Бюджет кодексі 13 бөлім, 245-бап, 49-тараудан тұрады. 1бөлім бюджет жүйесіне арналған. 2бөлім бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу. 3 бөлім бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту. 4 бөлім бюджеттердің атқарылуы. 5 бөлім Қрның Ұлттық банкі жайында ал 6 бөлім Бюджеттік есепке алу мен есептілік. 7 бөлім мемлекеттік қаржылық бақылау. 8 бөлім Бюджеттік инвестициялар. 9 бөлім Концессиялық міндеттемелер. 10 бөлім Гранттар. 11 бөлім бюджеттік кредиттеу. 12 бөлім Мемлекеттік кепілдікке арналған соңғы 13 бөлім Қорытынды және өтпелі ережелерге арналған.
23.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне сипаттама беріңіз. Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібін атаңыз. Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі қандай? Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібін саралаңыз.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.
2. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
3. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер - мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
4. Барлық деңгейдегі бюджеттерді әзірлеу, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі барлық бюджеттердің бірлігі, толықтығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі принциптеріне негізделеді.
2. Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің принцтерімен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Ол бюджеттердің түсімдерін қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасауға негізделген. <*>
3. Бюджеттердің толымдылығы Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңдарында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттiк
