- •1.Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтінің түсінігі, маңызы және мақсатына анықтама беріңіз. Қаржы жүйесі және оның құрамын анықтаңыз.
- •2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдаңыз.
- •3.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігін анықтаңыз. Қаржылық құқықтың пәнін түсіндіріңіз және жүйесін талдаңыз.
- •4.Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасы қандай?
- •5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері және ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •6.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілеріне анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамын саралаңыз.
- •7.Қаржылық-құқықтық қатынастардың түсінігіне және мазмұнына анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен түрлерін талдаңыз.
- •8.Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілерін атаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз не?
- •9.Қаржылық қатынастар мен қаржылық құқықтық нормалардың байланысына сипаттама беріңіз.
- •10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз. Қр-ң ақша жүйесінің ерекшеліктері қандай? Ақша реформасының жүргізілу ерекшеліктерін атаңыз.
- •11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздерінің жалпы сипаттамасын талдаңыз. Валюталық реттеудің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Валюталық монополия дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
- •13.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификацияның мазмұнын ашып беріңіз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру
- •14.Қаржылық құрылымның құқықтық негіздері: ұғымы мен жалпы сипаттамасы. Бюджеттік құрылым; Банктік құрылым; Сақтандыру құрылымы; Бюджеттен тыс қорлардың құрылымы;
- •15.Қаржылық бақылаудың ұғымы мен элементтері. Қаржылық бақылаудың түрлерін атаңыз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдері қандай?
- •16.Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың атқаратын функцияларын саралаңыз.
- •18.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздеріне анықтама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігі мен сатыларын талдаңыз. Қаржылық жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіз.
- •19.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар: жалпы сипаттамасы мен түрлері. Қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілері мен құрамына талдау жасаңыз.
- •22.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін талдаңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің құрылысына талдау жасаңыз.
- •24.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін беріңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлері атаңыз. Олардың құқықтық реттелу тәртібі қандай?
- •28.Салықтық құқықтың қайнар көздеріне сипаттама беріңіз. «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің» құрылысына талдау жасаңыз.
- •29.Салық құқығы саласындағы бақылау жүргізу ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бақылау түрлері қандай? Бақылау жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
- •30.Салық салу саласындағы басқару: түсінігі мен ерекшеліктерін саралаңыз. Басқару жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
- •37.Мемлекеттік қарыз алудың ұғымы, түрлері және нысандарына жүйелі түрде талдау жасаңыз. Мемлекеттік қарыз алу мен жергілікті қарыз алудың жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері айқындап көрсетіңіз
- •38.Мемлекеттік несие: түсінігі мен ерекшеліктерін атаңыз. Мемлекеттік несие саласындағы жасалатын шарттардың құқықтық табиғаты мен тәртібін саралаңыз.
- •39.Қаржы-шаруашылық құқығы - қаржылық құқықтың институты ретінде. Қаржы-шаруашылық құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасын ашып беріңіз. Қаржы-шаруашылық құқығының пәні.
1.Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтінің түсінігі, маңызы және мақсатына анықтама беріңіз. Қаржы жүйесі және оның құрамын анықтаңыз.
2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдаңыз.
3.Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшелігін анықтаңыз. Қаржылық құқықтың пәнін түсіндіріңіз және жүйесін талдаңыз.
4.Қаржылық құқықтық өзге құқық салаларымен арақатынасы қандай?
5.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері және ерекшеліктерін сипаттаңыз.
6.Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілеріне анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен құрылысын талдаңыз. Қаржылық құқықтық нормалардың құрамын саралаңыз.
7.Қаржылық-құқықтық қатынастардың түсінігіне және мазмұнына анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен түрлерін талдаңыз.
8.Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілерін атаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз не?
9.Қаржылық қатынастар мен қаржылық құқықтық нормалардың байланысына сипаттама беріңіз.
10.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері: ұғымы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз. ҚР-ң ақша жүйесінің ерекшеліктері қандай? Ақша реформасының жүргізілу ерекшеліктерін атаңыз.
11.Валюталық реттеудің құқықтық негіздерінің жалпы сипаттамасын талдаңыз. Валюталық реттеудің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Валюталық монополия дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
12.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтеріне анықтама беріңіз. Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлері қандай? Оның маңызын анықтаңыз. «Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңның сипаттамасы, құрылымы және маңызына талдау жасаңыз.
13.Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификацияның мазмұнын ашып беріңіз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістері атаңыз. Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдерін көрсетіңіз.
14.Қаржылық құрылымның құқықтық негіздері: ұғымы мен жалпы сипаттамасы. Бюджеттік құрылым; Банктік құрылым; Сақтандыру құрылымы; Бюджеттен тыс қорлардың құрылымы; Орталықтандырылған қаржылар құрылымы.
15.Қаржылық бақылаудың ұғымы мен элементтері. Қаржылық бақылаудың түрлерін атаңыз. Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттасы мен бақылау тәсілдері қандай?
16.Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың атқаратын функцияларын саралаңыз.
17.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқарудың ұғымы. Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасын беріңіз. Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың түрлерін атаңыз. Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіңіз.
18.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздеріне анықтама беріңіз. Қаржылық жоспарлаудың түсінігі мен сатыларын талдаңыз. Қаржылық жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіз.
19.Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар: жалпы сипаттамасы мен түрлері. Қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілері мен құрамына талдау жасаңыз.
20.Қаржылық құқық бұзушылықтың құрамы: белгілері мен элементтеріне жүйелі талдау жасаңыз. Қаржылық құқық бұзушылық саласындағы жүргізілетін істердің өндірісі, олардың тәртібі мен ерекшеліктерін саралап беріңіз.
21.Бюджеттік құқықтың түсінігін ашыңыз. Бюджеттік құқықтың пәні, әдістері және жүйесін талдаңыз. Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы қандай? Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсетіңіз.
22.Бюджеттік құқықтың қайнар көздерін талдаңыз. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің құрылысына талдау жасаңыз.
23.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне сипаттама беріңіз. Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібін атаңыз. Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі қандай? Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібін саралаңыз.
24.Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігін беріңіз. Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түрлері атаңыз. Олардың құқықтық реттелу тәртібі қандай?
25.Қазақстан Республикасының салық құқығы қаржылық құқықтың институты ретіндегі ерекшелігіне талдау жасаңыз. Қазақстан Республикасының салық құқығының түсінігі және маңызын бағалаңыз. Салықтарға тән белгілерді атаңыз және олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтарын көрсетіңіз.
26.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіне баға беріңіз. Салық құқығының жалпы және ерекше бөлімдерінің ара қатынасын көрсетіңіз. Салықтық құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлеріне талдау жүргізіңіз. Салықтық құқықтық қатынастардың түсінігі, маңызы және субъектілерін жүйелі түрде саралаңыз.
27.Салық құқығы мен қаржы құқығының өзара байланысын көрсетіңіз. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан салық реформаларының ерекшеліктерін атаңыз. Салық құқығы саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкцияларға талдау жүргізіңіз.
28.Салықтық құқықтың қайнар көздеріне сипаттама беріңіз. «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің» құрылысына талдау жасаңыз.
29.Салық құқығы саласындағы бақылау жүргізу ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бақылау түрлері қандай? Бақылау жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
30.Салық салу саласындағы басқару: түсінігі мен ерекшеліктерін саралаңыз. Басқару жүргізетін өкілді органдарды атаңыз.
31.Мүлікке, жерге және көлік құралдарына салынатын салықтардың ерекшелігін көрсетіңіз. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу дегеніміз не? Оған талдау жүргізіңіз.
32.Қазақстан Республикасының банк құқығы: түсінігі және маңызын көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының банк жүйесін талдаңыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: құқықтық жағдайы мен ерекшеліктерін көрсетіңіз.
33.Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың банктерге қадағалау жүргізу функцияларын ашып көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктерін талдап беріңіз.
34.Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың құқықтық негіздері және сақтандыру қызметі: түсінігі және ерекшеліктеріне жүйелі түрде талдау жасаңыз. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру түрлері және оның әртүрлі негіздерге жіктелуін көрсетіңіз.
35.Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының құрылу тәртібін атаңыз. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге саралау жасаңыз. Сақтандыру қатынастарына қатысушы субъектілердің түсінігі, олардың құқықтық жағдайына (сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған тұлға, пайда көруші) сипаттама беріңіз.
36.Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін ашып беріңіз. Сақтандыру қызметі саласындағы өкілді орагандарға талдау жасаңыз. «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы» заңына талдау жүргізу. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан сақтандыру реформаларының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. 37.Мемлекеттік қарыз алудың ұғымы, түрлері және нысандарына жүйелі түрде талдау жасаңыз. Мемлекеттік қарыз алу мен жергілікті қарыз алудың жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері айқындап көрсетіңіз
38.Мемлекеттік несие: түсінігі мен ерекшеліктерін атаңыз. Мемлекеттік несие саласындағы жасалатын шарттардың құқықтық табиғаты мен тәртібін саралаңыз.
39.Қаржы-шаруашылық құқығы - қаржылық құқықтың институты ретінде. Қаржы-шаруашылық құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасын ашып беріңіз. Қаржы-шаруашылық құқығының пәні.
40.Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржыларының құқықтық режимі. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық қатынастарының түрлері. Мемлекеттік мекемелердің қаржыларының құқықтық режимі. Мемлекеттік мекемелер субъект болып табылатын қаржылық қатынастардың түрдері.
41.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді. Бұл шешім бюджетке түсетін кіріс деңгейінің төмендеуімен түсіндірілді. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Өз жауабыңды нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасап негізде.
42.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туарлы Парламентке ұсыныс енгізілді. Бұл шешім республикалық бюджетке түсетін кіріс деңгейін жоғарлатуымен байланысты болды. Республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды кім енгізеді. Аудан әкімінің әрекеті заңды ма? Өз жауабыңды нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасап негізде.
43.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың шешімімен республикалық бюджетке трансфертті қысқарту туралы шешім қабылданды. Ол шешім кіріс деңгейінің төмендеуімен және бюджеттің қаражат жұмсауға байланысты кейбір бөлігінің орындалуына мүмкін еместігімен түсіндірілді. Облыстық мәслихаттың шешімі заңды ма? Жауабыңды толық негізде.
44.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды. Қор жергілікті бюджетке түскен салықтық қаржыдан қалыптастырылды. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Жауабыңды толық негізде.
45.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың ревизиялық комиссиясын облыстық әкімнің тікелей өзі басқаруы туралы шешім қабылданды. Бұл шешім облыстық бюджет атқарылуына қатаң қадағалау қажеттілігімен түсіндірілді. Облыс әкімінің шешімі заңды ма? Ревизия дегеніміз не? Ревизияның қандай түрлері бар?
46.Тәжірибелік сұрақ: Облыстық бюджет қаражатын толтыру мақсатында облыс әкімі, облыс аумағынан жүретін көліктерге қосымша ақы тағайындады. Облыс әкімінің әрекеті заңды ма? Егер Облыс әкімінің әрекеті заңсыз болса, қандай құқық бұзушылықтың түрі орын алған?
47.Тәжірибелік сұрақ: Банк саласындағы дағдарыспен күресу мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан екінші дәрежедегі банктерге несие беру туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк басшылығының шешімі дұрыс па? Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді атаңыз.
48.Тәжірибелік сұрақ: 2015 жылы 15 акпанда “Алау” ЖШС-ң трактористі мас күйінде, өз бетімен ЖШС-ң тракторын өз мақсатында алып, “Нарынқол” ауылына айдап кетіп, онда тракторды қараусыз қалдырып, нәтижесінде двигатель мен радиатор қатып, ЖШК 350.000 теңге мөлшерінде зиян келтірді. Аудандық сот жауапкердің материалдық жағдайын ескеріп, ЖШС-ң талабын ішінара 5000 теңге мөлшерінде қанағаттандырып, оның қарауында 4 баласы бар екендігін көрсетті. Аудандық соттың шешімі дұрыс па? Қаржылық жауаптылық орын алған ба? Азаматтық-құқық жауапкершіліктің материалдық жауапкершіліктен айырмашылығы неде?
49.Тәжірибелік сұрақ: «Ару» ЖШС-і Қытайдан матаны Қырғыз Республикасына әкеліп әртүрлі киімдер тігеді. Сосын тігілген тауарларды Қазақстанға әкеліп сатады. «Ару» ЖШС-ң заң алдында қандай міндеттемелері бар? Заң алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін қандай жауаптылық түрі көзделеді?
50.Тәжірибелік сұрақ: «Табысинвест» Серіктестігі Қазақстанда өндірілмейтін құрал жабдықтарды инвестициялық жоба аясында кедендік жеңілдікпен, яғни баж төлемей Қазақстан Республикасына әкелді. Салық комитетінің қызметкерлері тексеру жүргізу аясында «Табысинвест» Серіктестігіне Қазақстан Республикасың аумағында қосылған құн салығын төлемегені үшін айыппұл салды. Салық комитеті қызметкерлерінің әрекеті заңды ма? Қосылған құн салығы дегеніміз не?
51.Тәжірибелік сұрақ: «Азимут» ЖШС-і шет мемлекеттен тауарлар әкелу кезінде кеден органының тауарға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасын жүргізудің тәртібімен және тауарға берілген жіктеу кодымен келіспеді. Нәтижесінде «Азимут» ЖШС-і қандай да болмасын міндетті төлемдер төлеуден бас тартты. «Азимут» ЖШС-ң әрекеті дұрыс па? Қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Қаржылық жауаптылықтың қандай түрі орын алған.
52.Тәжірибелік сұрақ: Азамат Б. Жеке пайдалануға деп шет елден 15 құты виски, 2000 дана темекі өнімін және 20 кг-ға жуық азық-түлік алып келді. Аталған жағдайда мемлекет тарпынан бюджеттік түсімдер қарастырылады ма?
53.Тәжірибелік сұрақ: Қазақстан Республикасының азаматы Жолдасов 100 мың АҚШ долларын кеден шекарасы арқылы алып өтпек болды. Аталған жағдайда қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Қаржылық құқық бұзушылық дегеніміз не? Қаржылық жауаптылықтың қандай түрлері бар?
54.“Жалын” ауылшаруашылық ЖШС 2010 жылы қантар айында құрылды. Оның құрамына 20 адам кірді. 2014 жылдың басында кооперативте 100 бас ірі қара, 50 жылқы, 300 қой, ауылшаруашылық техникасы және де 100 га жер болды. 2014 жылы қараша айында “Жалын” ЖШС төрағасы жергілікті салық инспекциясына шақырылып, онда оған 7000 теңге мөлшерде жер салығын, 50000 теңге мүлікке салық, үй жануарларына салық, әр сиыр басына - 500 теңге, әр жылқы басына - 700 теңге, ал қойға - 200 теңге мөлшерде және де ауылшаруашылық техникасына салық төлеуі тиіс екендігі түсіндірілді. Салық органының әрекеті заңды ма? Бұл құқық қатынас қандай нормативтік актімен реттеледі? Ауылшаруашылық товар өндірушілері үшін салық жеңілдіктері көзделе ме?
55.Тәжірибелік сұрақ: Интеллектуалдық меншік объектісінің 1000 данасын азамат Қожаев өзі автор болғандықтан уәкілетті органның келісімінсіз кеден шекарасынан сыртқа шығармақ болды, оның бұл әрекетін кеден органы заңсыз деп танып іс қозғады. Бұл жерде құқық бұзушылық орын алған ба? Орын алған болса, қандай түрі? Қожаев салық төлеуге міндетті ме?
56.Тәжірибелік сұрақ: Азамат Павлов Кеден шекарасы арқылы құны 130000 теңгелік зергерлік бұйымдар алып өтпекші болды, оған қарсы Кеден органы контрабанда үшін қылмыстық іс қозғады. Аталған жағдайда қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Қаржылық жауаптылықтың түрлерін атаңыз? 57.Азамат Петров жанұясымен асыл тұқымды мал өсіру мақсатымен шаруа қожалығын құруды шешіп аудандық маслихатқа өтініш жолдады. Бұл өтінішті Мәслихат төрағасы қарап, Петров Ресей азаматы болғандықтан жер салығын және мүлік салығын ай сайын екі есе төлеу қажеттілігін айтады. Азамат Петров асыл тұқымды мал өсіру мақсатымен шаруа қожалығын құруға құқысы бар ма? Мәслихат төрағасының әрекетінде қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба?
58.Ауылшаруашылық шағын кәсіпорны сотта Шамов және Сағатов деген жұмысшыларға әрқайсысынан жоғалған малдың құны ретінде 3000 теңге өндіріп беру туралы талап қояды. Яғни Шамов малмен айналыса жүріп және Сағатов ферманың күзетшісі бола отырып бір-біріне малды есепсіз берген. Жүргізілген тексеру барысында 30 бас ірі қара жеткіліксіз екендігі белгілі болған. Сот жауапкерлерінің материалдық жағдайын ескеріп, олардан 1000 теңге ғана өндірген. Прокурор бұл шешімге наразылық білдірген. Бұл жағдайда қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба? Істі шешіңіз. 59.Тәжірибелік сұрақ: Аудандық бюджет қаражатын толтыру мақсатында аудан әкімі, қаланың бес орталық көшесімен жүру үшін көліктерге қосымша ақы тағайындады. Аудан әкімінің әрекеті заңды ма? Егер Аудан әкімінің әрекеті заңсыз болса, қандай құқық бұзушылықтың түрі орын алған? 60.Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімі өз шешімімен орын алған жер сілкінісіне байланысты төтенше бюджет құрып, оны толықтыру мақсатында жергілікті тұрғындардың салық төлеу міндеттілігі туралы шешімі қабылдайды. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Төтенше бюджет дегеніміз не? Төтенше бюдеттің құрылу тәртібі қандай?
1.Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтінің түсінігі, маңызы және мақсатына анықтама беріңіз. Қаржы жүйесі және оның құрамын анықтаңыз.
Мемлекеттің ақша қорын пайдалануды ұйымдастыруға, бөлуге және қалыптастыру б\ша, сондайақ елдің ақша инфрақұрылымын, тиісті қызметін қамтамасыз ету б\ша құзыретті органдардың немесе тұтасымен қатысатын елдің қызметін қаржылық қызмет деп атаймыз. Мемлекет қаржылық қызметті іске асыра отырып, бір уақытта екі бағытта қатысады: Саяси жүйенің субектісі ретінде және белгілі қорларда жинақталған ақша құралдарының меншік иесі ретінде. Қаржылық қызмет кәсіпкерлік қызметтің тұрі ретінде болмауы керек. Қаржылық қызметтің коммерциялизациялануы теріс экономикалық салдарға әкеліп соғады. Қаржылық қызметтің басты мақсаты қоғамның әлеументтік экономикалық құрылымының қалыпты қызметіне тиімді жағдай жасау. Қаржылық қызметті іске асыра отырып, мемлекет 3 басты тапсырманы орындайды: 1. Қоғамның ақша инфрақұрылымын құру және қалыпты қызметін қамтамасыз ету. 2. Өз өзін және өз қызметін қалыптастыру үшін ақша қаражатты тарту. 3. Қоғамда болып жатқан әлеументтік экономикалық процестерге ақша ричактарының көмегімен ықпал ету. Мемлекеттің қаржылық қызметі келесідей қағидаларға сүйенуі тиіс. 1. Қоғам қажеттілгін есепке алу және оның мүддесіне ағыну. 2. Қоғамның жариялылығы ашықтығы бақылау астында болуы. 3. Заңдылық 4. Ғылыми негізділік тиімділік және рационалдық 5. Ақша қаражат шығындарының үнемділігі. 6. Жоспарлық және нормативтік. Қаржылық қызметті іске асырғанда қаржылық қатынаспен қатар, тауар ақша қатынастарыда орнауы мүмкін.
Бюджет Кодексіне сипаттама: ҚРның Бюджет кодексі 2008 жылы 4желтоқсанда №95 қабылданды. Бюджет кодексі 13 бөлім, 245-бап, 49-тараудан тұрады. 1бөлім бюджет жүйесіне арналған. 2бөлім бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу. 3 бөлім бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту. 4 бөлім бюджеттердің атқарылуы. 5 бөлім Қрның Ұлттық банкі жайында ал 6 бөлім Бюджеттік есепке алу мен есептілік. 7 бөлім мемлекеттік қаржылық бақылау. 8 бөлім Бюджеттік инвестициялар. 9 бөлім Концессиялық міндеттемелер. 10 бөлім Гранттар. 11 бөлім бюджеттік кредиттеу. 12 бөлім Мемлекеттік кепілдікке арналған соңғы 13 бөлім Қорытынды және өтпелі ережелерге арналған.
2.Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функцияларын талдаңыз.
Қаржы қызметі- қаражат табу процестері және оларды бөлу арқылы жұмсау Мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістер: 1) Қалыптастыру әдістері 2) Бөлу әдістері 3) Қаржы қорларын ұйымдастыру әдістері. Қалыптастыру әдістері: 1.Қаражат қүралдарын пайдаға айналдыру 2. Міндеттеуші қайтарылмайтын 3. Міндеттеуші қайтарылатын 4.Ерікті қайтарылмайтын5. Эмиссия 6.Ерікті қайтарылатын 7.Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру арқылы қаражат тарту. Қаржыны бөлу әдістері: 1) Каржыландыру 2) Несиелеу. Қаржы қорларын үйымдастыру әдістері: 1) Бақылауды жүзеге асыру 2. Қаржы қорларын орнату 3. Қаржы нормативтерін орнату 4. Каражатты жумсауды бекіту шарты 5. Қаржы қорларын жүмсауды жобалау 6.Шарттар мен нормативтерді бекіту.
Ақша қорларын қалыптастыру эдістеріне мыналар жатады:
ақша қаражаттарын олардың иелерінен еріксіз жэне қайтарым- сыз түрде алу.
ақша қаражаттарын еріксіз бірақ қайтарылатын түрде алу.
ақша қаражаттарын ерікті бірақ қайтарымсыз түрде жүмылды- ру (өз еркімен, ақысыз, тегін түрде). өз ақшаларын берулері, сондай-ақ қайырымдылық көрсетулері.
ақша қаражаттарын ерікті жэне қайтарылатын түрде жүмылдыру.
мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қүралдарын тарту (мемлекеттік баж);
мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін ақша қүралдарын мемлекеттің кірісіне айналдыру
(мемлекеттің шаруашылық қызметі);
Эмиссия, айналымға жаңадан ақша немесе бағалы қағаздар шығару
Ақша қорларын бөлудің негізгі эдістері:
Қаржыландыру, яғни белгілі бір қордан ақша қаражаттарын мерзімсіз, ақысыз негізде, біржолата беру.
Дотация - өз қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда көмек ретінде орнын толтыру мақсатында бөлінеді.
Субвенция - белгілі мақсатты жүзеге асыру үшін бюджеттен төмен тұрған бюджетке ақша қүралдарының бөлінуі.
Субсидия - белгілі мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекет- тік ақша қорынан заңды жэне жеке тұлғаларға ақша қ^ралдарының бөлінуі.
Кредиттеу (несиелеу), яғни белгілі бір қордан ақша қаражат- тарын қайтарып алу шартымен, ақылы түрде пайдалануға беру.
Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауы. (мемлекеттің ішкі жэне сыртқы қарыздарын өтеуі)
