Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Биологиялық ғылыми жұмыстар

Шәкірттерді ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді:

1. Тақырыптың ғылыми құндылығы;

2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;

3. Шешендік шеберлігі, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;

4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

5. Жұмыстың көркем безендірілуі;Қабілетті шәкірттердің бейімділігі одан әрі дамыту, оның шығармашылық қызметін, іс-әрекетін жетілдірудің бір түрі, оларды олимпиадаларға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру мектеп бойынша, сондай-ақ пән мұғалімдерінің арнайы жасалынған жеке жоспары негізінде жүргізіледі. Мектепішілік пән олимпиадасының жүлдегерлері, олимпиадаға қатысатын үміткер оқушылар арнайы сауалнама негізінде іріктеліп мұғалімдерге бекітіліп беріледі. Бұл оқушылармен дайындық барысы, жоспарланған жұмыстың орындау сапасы мектеп басшылары тарапынан апта сайын тексеріледі, қорытындыланып отырылады. Тексеру кезінде тапсырмалардың талапқа сай іріктеп алынуы, оның орындалу сапасы, пайдаланып жүрген әдебиеттер, оның дұрыс іріктелуі, шәкірт дайындығының деңгейі, т.с.с. егжей-тегжейлі тексеріледі.Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып жүр.

Биологиялық кештер, олимпиадалар, апталық, пікірталас өткізу. Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқуды ұйымдастыру.

Барлық ұстаздар оқушыларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты оқушыларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар оқушыларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Оқушылар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді ұстаздар, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе оқушылардың өздері айқындай алады. Оқушылардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

Биологиялық олимпиадалар Қабілетті шәкірттердің бейімділігі одан әрі дамыту, оның шығармашылық қызметін, іс-әрекетін жетілдірудің бір түрі, оларды олимпиадаларға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру мектеп бойынша, сондай-ақ пән мұғалімдерінің арнайы жасалынған жеке жоспары негізінде жүргізіледі. Мектепішілік пән олимпиадасының жүлдегерлері, олимпиадаға қатысатын үміткер оқушылар арнайы сауалнама негізінде іріктеліп мұғалімдерге бекітіліп беріледі. Бұл оқушылармен дайындық барысы, жоспарланған жұмыстың орындау сапасы мектеп басшылары тарапынан апта сайын тексеріледі, қорытындыланып отырылады. Тексеру кезінде тапсырмалардың талапқа сай іріктеп алынуы, оның орындалу сапасы, пайдаланып жүрген әдебиеттер, оның дұрыс іріктелуі, шәкірт дайындығының деңгейі, т.с.с. егжей-тегжейлі тексеріледі.Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде оқушылар облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып жүр.