Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде оқыту (Шаталовтың тірек конспектілер жүйесі.)

В.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту әдістемесі. Сондай ізденістен туындаған технологиялардын бірі — В.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту әдістемесі. Әдістеменің ерекшелігі мен маңызы не?Бірінші ерекшелігі — нақты, дәл есептелген тұтас оқу үрдісін құру. В.Шаталов бұл құрылымды былай түсіндіреді: "Тірек сигналдары дегеніміз -ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ, ең басты мақсат — берілген тақырыпты қисынды байланыстар негізінде оқушының түсінуі және ұзақ уақыт есте сақтауы ".Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тарауды түсіндіру барысында бірнеше такырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Оқу материалын осы тәсілмен шоғырландыру арқылы бір сыныптың курсын 20-30 сабақ ішінде оқып шығуға мүмкіндік туады. Ал негізгі ерекшелігі — тірек сигналдарын қолдану. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Тірек сигналдарын қолданудың басты маңызы – берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі және ұзақ уақыт есте сақтауы болса, ал негізгі мақсаты – оқушыларды жұмысбастылықтан құтқару. Көп ізденіспен ойлап табылған тірек сигналдары арқылы түсіндірілген жаңа сабақта оқушылардың есту, көру қабілеттері белменді жұмыс істейді. Тірек сигналдарын аса құнды, ғылыми маңызды мәліметтерге құрған мұғалім көп нәрседен ұтатыны даусыз.

Оқу сапасы және оқушылардың білімін бағалау жолдары

Білім беру үрдісіндегі оқушылар жетістігінің сапасын бақылау кез – келген пәнді оқытудың пәрменділігін көтерудегі маңызды құралдардың бірі болып саналады. Оқушылардың білімі және біліктілігінің жағдайы жөніндегі жүйелі ақпарат мұғалімге шұғыл түрде оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері мен құралдарын қолдануға және оқу үрдісін дұрыс басқаруға, оның логикасын бағамдауға, білім игеру нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.

Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

• қадағалау;

• алынған мәліметтердің интерпретациясы;

• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.

Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейгеқалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b)

Оқудың/оқытудың мақсаттарын айқындау

оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді. Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады.

Оқушы не нәрсеге үйрету керек: фундаменталдық білімге ме, әлде осы білімді іздену дағдыларына ма? Дәлелде.