- •(Pisa - Programme for International Student Assessment) 15 жастағы оқушылардың дайындығын үш бағыт бойынша зерттейтіні туралы
- •«Бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек? Бағалау нәтижелері қашан қажетті болады және оларды қалайша пайдалануға болады?
- •«Бағалаудың талаптары (критерийлері) қандай болуы керек?» «Бағалаудың нәтижелерімен көпшілікті қалай және қашан таныстыру керек?»
- •«Бақылаудың сыртқы кері байланысы» және «бақылаудың ішкі кері байланысы».
- •XXI ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар. Неге мұғалім өзгеру керек
- •А.Маслоу технологиясын пайдаланудағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жүзеге асыру
- •Адам және оның денсаулығы» курсы бойынша анатомиялық мазмұндағы сабақтарды өту әдістемесі. «Бассүйек. Иық белдеуі қол сүйектері және жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері» тақырыбын оқу әдістемесі.
- •Адам және оның денсаулығы» курсы бойынша гигиеналық мазмұндағы сабақтарды өту әдістемесі. «Ac қорыту жүйесінің аурулары, олардың алдын алу» тақырыбын өту әдістемесі
- •Адам және оның денсаулығы» курсы бойынша цито-, гистологиялық ұғымдарды оқыту әдістері. «Адам организмінің жасушалық құрылысы. Жасуша органоидтары» тақырыбын өту әдістемесі.
- •Адам және оның денсаулығы» курсынан анатомиялық ұғымдарды оқыту әдістері. «Бұлшық еттер. Бұлшық еттердің құрылысы және қызметі» тақырыбында интерактивті технологияларды пайдалану.
- •II.Үй тапсырмасын сұрау.
- •Vі.Үйге тапсырма беру.
- •Адам және оның денсаулығы» курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы тақырыптар,физиологиялық ұғымдарды оқыту бойынша қысқа мерзімді жоспар құрастыру және табыс критерийінің міндеттері
- •Б.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгілерін құрастыру
- •Бағалау не үшін керек?
- •Бағалауда қандай мәселелерге назар аударып, қойылған талаптарды орындауы керек?
- •Бағалауда ұстанған жалпылама қағидалардың қандай болуы керек? Бағалауда қандай саясат ұстану керек?
- •Бағалаудың алты қағидасы қандай?
- •Белсенді және белсенді емес сынып
- •Биологиялық ғылыми жұмыстар
- •Биологиялық кештер, олимпиадалар, апталық, пікірталас өткізу. Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқуды ұйымдастыру.
- •Биологиялық функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған pisa зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастырудағы ерекшеліктер
- •Блум таксономиясы бойынша ойлаудың жоғарғы деңгейлері тұрғысынан қойылатын сұрақтар құрастыр.
- •Блум таксономиясының қолдану деңгейінің сұрақтарын құрастыр
- •Блум таксономиясының танымдық деңгейлері
- •Буылтық құрттар типі. Сақиналы құрттар «Шұбалшаңның сыртқы құрылысы» тақырыбын өту барысында «кластер», «т-кестесі», «шығу парағы» тәсілдерін қолдану.
- •Білім жүйесінде бағалау не үшін керек? Бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады?
- •Білімді бағалау: формативті, суммативті.
- •Білімді тексерудің жаңа әдістері. Эссе, авторға хат, т.Б.
- •Дарынды баланы анықтау
- •Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері .Деңгейлеп оқытуға қойылатын талаптар. Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану ерекшеліктері. Деңгейлеп оқыту технологиясын тиімді пайдалану
- •Джинни л.Сиклл, Куртис с. Мередит, Чарльз Тэмпел, ж.Пиаже, л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алған Сорос - Қазақстан қорының «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту»-(сто) атты бағдарламасы.
- •Жабық тест тапсырмаларын құрастырғанда қандай шарттарды қадалаған орынды
- •Жабық тест тапсырмаларының басым көпшілігін Блум таксономиясының төменгі «Білім» деңгейіне жатқызуға болады, неге?
- •Жануарлардың құрылысы мен тіршілігін шартты белгілер арқылы беру
- •Жаңаша бағалаудың 10 балдық шкаласы бойынша білім алушылардың оқу іс-әрекеттерін бағалау және бағалық талқылау. Білімді тексерудің жаңа әдістері.
- •Жобалап оқыту технологиясы
- •Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдану.
- •Қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығы деп неге айтады?
- •Қосмекенділер класы (өкілдері, құрылысы, ерекшеліктері, көптүрлілігі, көбею, дамуы, экологиясы, маңызы) тақырыбын дәстүрлі әдістермен өту әдістемесі
- •Мәселелік оқыту және жобалау әдісін биология сабағында қолдану
- •Мәселелік оқытуды биология сабақтарында қолдану
- •Мәселелік оқытудың басымшылдығы мен кемшіліктері
- •Мектептегі және сыныптағы атмосфера
- •Модульдік оқыту технологиясы (м.М.Жанпейісова).
- •Мұғалімнің кәсіби шеберлігі- сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық компоненттері және элементтерін жүргізе білуінде
- •Ой сергек түрлері, болжау, т–кестесі, Аялдамамен оқу, Кластер, Белгі қойып оқу немесе insert тәсілдері
- •Ой сергек, болжау, аялдамамен оқу, кластер, insert тәсілдерімен өту әдістемесі
- •Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде оқыту (Шаталовтың тірек конспектілер жүйесі.)
- •Оқу сапасы және оқушылардың білімін бағалау жолдары
- •Оқудың/оқытудың мақсаттарын айқындау
- •Оқушыда кездесетін кедергілер
- •Оқушылар әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде: ойын арқылы оқыту технологиясы.
- •Оқушылардың білімін тексеру. Оқушылардың жауаптарына қойылатын талаптар
- •Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
- •Оқыту технологиясының ерекшеліктері. Педагогикалық технологияның процессуалды бөлігі.
- •Оқытудың интерактивті әдісін қолдану арқылы сабақты жоспарлау және басқару. Жұмыс жасаудың жалпы тәртібі.
- •Оқытудың мақсаты қандай? Оқытудың басты назарын неге аудару керек: процеске ме, әлде нәтижеге ме? Басқаша айтсақ: басты мәселе «даму» ма, әлде «форма» ма?
- •Омыртқалы жануарлардың дене жабындыларының құрлысы ерекшелігін символымен белгілеу. Жануарлардың құрылысы мен тіршілігін шартты белгілер арқылы беру
- •1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назар аудару
- •Омыртқасыздар бөліміндегі сабақтардың құрылымы. Бунақденелілердің толық түрленіп дамуы (көбелек мысалында) өту әдістері
- •Өзін-өзі реттейтін оқушылар
- •Өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбын өту әдістемесі. Табыс критерийін құрастыр.
- •Проблемалық оқыту.Жоба жұмысы. Оқу жобасына қажетті талаптар
- •Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар мұғалімнін тапсырмасы бойынша жекеше түрде немесе топпен бірге бірігіп оқушылардың міндетті түрде орындайтын практикалық жұмыстар
- •Сабақтың оқу мақсаттары және оны құрастыру жолдары (смарт)
- •Систематикалық мазмұндағы сабақтарды жүргізу әдістемесі. Балықтар класы тақырыбын интербелсенді әдістердің ой сергек, болжау, аялдамамен оқу, кластер, insert тәсілдерімен өту әдістемесі
- •Сорос - Қазақстан қорының «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту»-(сто) атты бағдарламасы.
- •Суретті-идеограммалық жазулар, суретті-идеограммалық жазуды оқыту үрдісіне қолдану.
- •Сынып мәдениеті
- •Сыныпта қандай мәдениет қалыптасады?
- •Функционалдық сауаттылықты дамытуда қойылатын талаптар мен дағдылар
- •Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасы
- •Ххі ғасыр дағдылары қалыптасқан мұғалімнің іс әрекеті.
Бағалауда қандай мәселелерге назар аударып, қойылған талаптарды орындауы керек?
Білім беру үрдісіндегі оқушылар жетістігінің сапасын бақылау кез – келген пәнді оқытудың пәрменділігін көтерудегі маңызды құралдардың бірі болып саналады. Оқушылардың білімі және біліктілігінің жағдайы жөніндегі жүйелі ақпарат мұғалімге шұғыл түрде оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері мен құралдарын қолдануға және оқу үрдісін дұрыс басқаруға, оның логикасын бағамдауға, білім игеру нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.
Кез келген пәннің маңызды қыры – білім тексеру мен есепке алу. Сондықтан тексерісті ол әрбір оқушының таным әрекетін белсендіретін-дей және игерілген оқу материалын қолдана алатындай тұрғыда ұйым-дастыру керек. Тексеру ұстаздан үлкен еңбекті және зейінді талап етеді. Оның тиімділігі бұрын өтілгенді қайталау, түсіндіру және әр түрлі өздік жұмыс түрлері арқылы жаңа материалды бекіту кезінде де әдістемелік тәсілдердің көп түрлілігіне байланысты артады. Көп жылдан бері мұғалімдер жұмысының нәтижесінде білім мен біліктілікті тексеруде бай тәжірибе жинақталған. Қазіргі кезде тек оқушыға сұрақ қойып одан толық жауап талап ететін бұрынғы білім тексерудің әдісі жалғыз емес. Мұғалімдердің сабақтарда ауызша, көрнекі, практикалық тағы басқа да білім мен біліктілікті тексерудің әдістерін қолданады.
Бағалауда ұстанған жалпылама қағидалардың қандай болуы керек? Бағалауда қандай саясат ұстану керек?
Білімді бағалауға қойылатын талаптар: • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді. • әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады. • оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды. • оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу; • білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру; • байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі; • мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі; • бағаны әділ қойылуы; • оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы; • әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі; • бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Бағалаудың алты қағидасы қандай?
Бірінші қағида: «Маңыздылық».
Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады. Егер нәтиже маңызды болмаса (оқытушының пікірі бойынша), онда оны бағаламаса да болады.
Екінші қағида: «Дәлдік» («Адекваттық»).
Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек. Мысалы, егерде біз мақсат тұтқан нәтиже «Оқушыларды тұтынушы құқығын пайдалануға үйрету» болса, онда «Тұтынушының негізгі құқықтарын атаңыздар» деген тапсырмаға негізделген тексеру жұмысы бағалаудың дәл (адекватты) құралы бола алмайды, өйткені құқықтарды білу оларды пайдалана білуді меңземейді.
Үшінші қағида: «Объективтік» («Дәлелділік»).
Бақылау жұмысын орындаудың нәтижелерін бағалау – көп жағдайда субъективтік процесс. Әртүрлі адамдар бір жұмысты бағалағанда, олардың бірдей баға қоюына қалайша жетуге болады? Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады.
Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі».
Егерде қандай да бір жаттығуды (тапсырманы) бағалау үшін қажетті талаптар дайындайтын болсақ, олар сонымен бірге бұл тапсырманы орындаудың ережелері де болуы мүмкін, яғни нақты білім, білік, дағды, құндылықтарға үйретудің ережелеріне айналады. Демек, егер Сіз осы талаптар бойынша оқушылардың жұмысын бағалаймын десеңіз, онда оларды бұл талаптарды қолдануға үйретуіңіз керек. Дайана Хесс: «Өздеріңіз үйретпеген нәрсені бағалау әділдікке жатпайды» дейді. Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.
Бесінші қағида: «Жариялылық».
Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек.
Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық».
Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек. Бағалау талаптарын оқу процесіне біртіндеп, оқушылардың бағалау құралдарын игеру деңгейіне байланысты енгізуге болады. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемділігін туғызбау керек.
