Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Б.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгілерін құрастыру

«Таксономия» ұғымы биологиядан алынған. Ол күрделігінің өсуі бойынша (яғни, иерархия бойынша) бірінен соң бірі орналастырылған және өзара тығыз байланыстағы объектілерді жіктеу (классификация) және жүйелеуді білдіреді.

Деңгейлер

Көрсеткіштер

Білім

Ақпаратты, оқу материалын (қажетті деректерді, нақты фактілерді немесе бүтін теорияларды) есте сақтау мен қайталау (репродукция).

Түсіну

Оқу материалын бір формадан екінші формаға, бір белгі жүйесінен басқа жүйеге түрлендіру (интерпретация), ауыстыру, оқу мәліметін өздігінше игеру, салдары мен нәтижелерінің қандай болатындығы туралы алдын-ала болжау, жорамалдау. Мысалы, сөздерді математикалық формулаға түсіру немесе схема, кесте түрінде көрсету; өз сөзімен түсіндіріп беру, қысқаша сипаттау.

Қолдану

Оқу материалын жаңа жағдайлар мен ситуацияларда қолдану. Мәселен, ережелерді, формулаларды, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, қағидаларды қолдана отырып қандай да бір проблеманы шешу.

Талдау (анализ)

Оқу материалын құрамдас бөліктерге жіктеп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша құралатындығын түсіну және түсіндіре білу.

Синтез

Оқу материалын пайдалана отырып, шығармашылық тұрғыдан жаңа мазмұн құрастыру. Мәселен, баяндама немесе эссе жазу, жоспар немесе схема құрастыру.

Бағалау

Жасау

Оқу материалының мағызын бағалау: салыстыру және айырмашылықтарын айқындау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау. Мұнда тұжырымдар нақты талаптар (крите-рийлер) тұрғысынан болуы керек. Бұл критерийлер үйренушінің өмірлік тәжірибесі мен ұстанған көзқарас-тарына негізделетін немесе ұстаздың ұсынысы-нан туындайтын болуы керек. Бағалау алдыңғы деңгейлердің нәтижелеріне жету мүмкіндігін береді.

Бағалау не үшін керек?

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

• қадағалау;

• алынған мәліметтердің интерпретациясы;

• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.

Бақылауды жоспарлы түрде жүргізу мұғалімге оқушылардың белгілі бір уақыт көлеміндегі игерген білімдерін жүйеге келтіруге, оқудағы жетістіктерді, жекелеген оқушылардың және толық сыныптың оқылық-тары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Білімді бақылау мұғалімнің өзін - өзі тексеру құралы болып табылады. Оқушылардвың жетістіктері жөніндегі ақпарат ата – аналар үшін де маңызды, сол арқылы олар өз балаларының бақылауға қатысып, оларға оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі.