Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Адам және оның денсаулығы» курсы бойынша гигиеналық мазмұндағы сабақтарды өту әдістемесі. «Ac қорыту жүйесінің аурулары, олардың алдын алу» тақырыбын өту әдістемесі

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары  Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тамақтану гигиенасы туралы терең түсініктер беру. 2. Дамытушылық: Оқушының салауатты өмір дағдыларын қалыптастыру қабілетін дамыту.  3. Тәрбиелік:Гигиена сақтауға, өз күтіміне көңіл бөлуге тәрбиелеу Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, маркерлер Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Психологиялық ахуал. «Сәлемдесу»

Топтық жұмыс. «Дұрыс тамақтану гигиенасы» деген кезде ойларына не түседі соны қағаз бетіне түсіріп жазындар. Оқушылар бұл жұмысты топпен атқарады. Әр топтағы баяндамашы өз жұмыстарын қорғап шығады. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға «Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары» тақырыбын түсіндіріп беру. Осы тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар алу. Топпен жұмыс. Әр топқа тақырыптың мазмұнына байланысты жағдаяттар беру. Оқушылар жұппен, топпен талқылап қағаз бетіне түсіреді. Оны топтағы баяндамашы қорғап шығады. 1 топқа «Ішекте болатын құрт аурулар» 2 топқа «Тағамнан улану» 3 топқа «Дұрыс тамақтану және денсаулық» 4 топқа «Тамақтану ережесі». Сергіту сәтін өту. «Ыстық орындық» ойыны.

Үйге тапсырма. Тәуліктік қажетті тағамның орташа мөлшері кесте сызып келу. Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып тақтаға іледі.

Адам және оның денсаулығы» курсы бойынша цито-, гистологиялық ұғымдарды оқыту әдістері. «Адам организмінің жасушалық құрылысы. Жасуша органоидтары» тақырыбын өту әдістемесі.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендермен таныстыру. Дамытушылығы: Сонымен қатар оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру. Тәрбиелігі: Адамгершілікке, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1. Сәлемдесу 2. Түгелдеу 3. психологиялық ахуал 4. Сабаққа дайындығын тексеру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. ІV. Бекіту. V. Үйге тапсырма беру VІ. Бағалау ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Ішкі мүшелердің топографиясы 2. Адам анатомиясы дегеніміз не 3. Адам физиологиясы ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Адам, негізінен, дене пішіні, мүшелерінің орналасуы және олардың кызметі бойынша ұқсас болады. Адам денесі көп жасушалы организмдер сияқты жасушалық құрылысты болады. Оны құрылысы мен атқаратын қызметі әр түрлі миллиардтаған жасушалар құрайды. Біз әр түрлі әдемі кірпіштен — жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар тітіркенуге белсенді жауап қайтарады, зат алмасуға катысады, өседі, көбейеді, регенерацияға (кайта қалпына келуі) және тұқым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге қабілетті.

Жасуша органоидтеріне тұрақты жасуша құрылымдары жатады. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) цистерна - қалта - шық, көпіршік, қуыстар, өзектер, ұсақ көпіршіктер торы. болып табылады. Эндоплазмальщ тордың тегіс және түйіршікті түрлері бар. Түйіршікті ЭПТ мембранасында рибосомалар орналасқан. Тегіс ЭПТ мембранасында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалык тор жасушалар - дағы заттардың тасымалына қатысады. Түйіршікті ЭПТ - да нәруыздар, ал тегісінде — майлар мен көмірсулар (гликоген — жануар крахмалы) синтезделеді. Бекіту. ОРГАНОИД құрылысы Атқаратын қызметі Үйге тапсырма беру. Оқу, тапсырмалар мен сұрақтар.