Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Систематикалық мазмұндағы сабақтарды жүргізу әдістемесі. Балықтар класы тақырыбын интербелсенді әдістердің ой сергек, болжау, аялдамамен оқу, кластер, insert тәсілдерімен өту әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі, түрлері және кәсіптік маңызы туралы жалпы түсінік беру. Тәрбиелілігі: Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында т8с3н3к бере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дамытушылығы: Сүйекті балықтардың таралу аймақтарымен таныстырып, ой - өрістерін дамыту. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: ойын сабақ Сабақтың әдіс - тәсілі: ойын, сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест, ой сергек, болжау, аялдамамен оқу, кластер, INSERT Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері Сабақтың басқа пәндермен байланысы: география, зоология, ихтиология, информатика Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі А) Сәлемдесу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

ІҮ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі

Ү. Бекіту кезеңі ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі Сүйекті балықтар денесі қабыршақпен қапталған, қабыршақтары және қаңқасы сүйектен түзілген, желбезек қақпалары бар омыртқа жоталы жануарлар. Сүйекті балықтар алғаш суда өмір сүрген омыртқа жоталы жануарлар. ҮІІ. Бағалау кезеңі ( жетон арқылы )

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сорос - Қазақстан қорының «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту»-(сто) атты бағдарламасы.

Сорос Қазақстан қоры «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту»-(СТО) атты бағдарламасын Шығыс Европа және Орталық Азия үшін ұсынып отыр. Бағдарламаның мақсаты кез-келген мазмұнға сын тұрғыдан қарауды үйрету. Бұл технология бойынша оқушылар сабақ барысында бұрынғы бі летінің жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте қарастырады немесе бір идеяға басымдық берілмей, оған қарсы пікірді де сондай мүмкіндікпен қарастыру керек деген сөз.

Сын тұрғысынан ойлану (СТО) технологиясында сабақтар құрылымы негізінен үш кезеңге бөлінеді деуге болады.

1.Тақырыпқа қызуғушылықты ояту

2.Мағынаны танып білу

3.Тақырып туралы ой толғаныс.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен дұмыс жасау барысында көз жеткіздік.

Суретті-идеограммалық жазулар, суретті-идеограммалық жазуды оқыту үрдісіне қолдану.

Суреттік, пиктографикалық, идеографиялық, буындық және әріптік-буындық алфавиттік жазу болып бөлінеді. XIX ғасыр бойы ақпарат беруде, негізінде әріптік-дыбыстық жазу пайдаланылады. Бірақ, оның графикалық белгілерінің ақпараттық сыйымдылығы өзге жазуларға қарағанда төмен.Пиктограммалар мен идеограммалар абстрактылы таңбалар болып саналады, кез-келген хабарды білдіреді, сонымен бірге олар сигналды таңбалар қызметін, адамдар қатынасының ұйымдастырушылық ролін де атқарады. Содан, суретті-идеографиялық жазу біз үшін таңбалық-символдық графикалық жүйе деп танылады жеке элементтер пиктограмма және идеограммалардан тұрады және оқушыларға оқу жобаларын жеткізу қызметін атқарады, оқу материалдарын әр түрлі логикалық ойлау қабілетік ұғыну үшін ұйымдастырушы жұмысын да атқарады.Таңбалық-символдық көрнекіліктер, сондай-ақ оқыту нөтижелерін айқындау құралы ретінде де қолданылды. Құрал ретінде таңбалық символдық көрнекілік формасы, мазмұны және күрделілігі бойынша ерекшелеңді. Суретті-идеографиялық жазуды оқыту үрдісіне қолдану келесі міндетті үш сатыдан тұрады,олар:

1) Кіріспе-түсіндірме кезеңі

2) Оқыту-дамыту кезеңі

3) Бақылау-бағалау кезеңі.

Сын тұрғысынан ойлану (СТО) технологиясында сабақтар құрылымы. Қызығушылықты ояту, мағынаны танып білу, ой толғаныс кезеңдері. «Кубизм»,«Топтастыру»,«Бес жолды өлең», «Эссе»,«Венн диаграммасы» т.б. стратегиялары

Венн диаграммасы- екі заттың ерекше қасиетін бөліп көрсету және екеуіне ортақ қасиетін табу.

Болжау стратегиясы- оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіру үшін қолданатын тәсіл. Мұнда оқушыға тақырыпты өз еркімен аяқтауға рұқсат етіледі.

Эссе жазу-оқушының ең сүйікті ісі болуы керек, жазуды жеңілден ауырға қарай, қарапайымнан күрделіге ұарай дамытып отыру керек.

5 жолы өлең стратегиясы, тақырыпты түйіндеп терең ойды, сезімді қысқа сөзбен қазақ тілімен байланыстыра отырып жеткізу. Мысалы:

1. зат есім (не?)-тамыр

2.сын есім (қандай)- ұзын, қысқа, жанама, кіндік, шашақ

3.етістік (не істейді?)-сабаққа қоректік затты өткізеді, топыраққа берік орнығуына көмектеседі, қор зат жинайды.

4.Сезіну (мадақтау)- Тамыр өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту, тіршілігін сақтап қалуға көмектеседі.

5. Синоним-өсімді мүше

Кубизм-Өтілетін материалды жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Кубиктің 6 қыры бар:

1 нұсқа 1.суреттеңіз 2 нұсқа 1. Сипаттаныз

2.салыстырыңыз 2. Дәлелдеңіз

3.зерттеңіз 3. Баяндаңыз

4.қолданыңыз 4. Салыстырыңыз

5.не елестеді? 5. Зерттеңіз