Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Оқушыда кездесетін кедергілер

Кез келген бала бірінші сыныпқа аяқ басқаннан өз сабағына тиянақтылықтықпен қарайды. Басында қызығушылықпен бастайды, сосын үйіндегі үлкендердің қадағалауымен оқитын болады. Кейіннен өресі бар бала өзі үшін оқуды жалғастырады. Осылайша сыныптан сыныпқа көше береді. «Бес алдым бүгін» деп үйге кіргеннен күнделігін ала жүгіретін бала сыныбы өскен сайын мейлінше әке-шешесі күнделігін тексермегенін қалап тұрады. Баланың дұрыс білім алып, сауатты болу үшін оған түрлі жағдайлар әсер етеді. Ендеше, сол жағдайларға тоқталып өтейік.Ата-ана тарапынан қадағалау болмаған жағдайда. Егер ата-ана жастайынан баласының сабағын қадағаламай, оны қараусыз әрі елеусіз қалдырса, мұның арты баланың білімсіз болып өсуіне әкеп соғары түсінікті. Баланың кішкентай кезінде осы алып жатқан білімі ертең өзіне азық боларын ойлауға өресі жетпейді. Мұны ата-ана оған үнемі айтып отырғанымен ойын баласы мектеп кезінен бастап білім жинауды аса маңызды санамайды. Сондықтан бала ес біліп, білім алудың керек екендігін түйсініп өзімен-өзі болғанша оның сабақ оқуын қадағалауда ұстау керек. Мектеп ауыстырған кезде

Баланың білім алуына оның өзі сабақ алып жатқан білім ордасынан басқа мектепке ауысуынан да бұзылады. Бұл кезең бала үшін өте ауыр кезең болып есептеледі. Мектеп ауыстырған бала жаңа оқу ордасына үйренгенше біраз уақыт жатырқап жүреді. Психологиялық жағынан балаға мектеп ауыстырудан зиян көп. Өз мектебінде үздік оқушы болып келген бала мұнда келіп тіпті төмендеп кетуі де мүмкін. Мектеп ауыстырған баланың білімінің төмендеп кетуіне сыныптастары да, пән мұғалімдері де, ортасы да, пән кітаптары да әсер етеді. Өтпелі кезеңді бастан кешіріп жүрген шақта 

Өтпелі кезең ешқандай да баланың өміріне соқпақ өте алмайды. Бұл кезең аты айтып тұрғандай өтпелі. Әйткенмен өтіп кететін кезең болса да баланың өмірін өзгертіп жіберуге де қауқары жетеді. Сондықтан өтпелі кезеңде жүрген баланың тәрбиесі мен білім алуы да аса жауаптылықты қажет етеді. Өтпелі кезеңді бастан кешіргенше бала сабақтан өзгеге көңіл қоймай, күнделігін «беспен» толтырып жүрсе, өтпелі кезеңді өткере бастағанда керісінше болып кетуі ғажап емес. «Қызықты» техникалардың арасында жүргенде

Бөлмесінде интернетке қосылған компьютер, қолында соңғы үлгідегі қымбат телефоны бар баланы сабақтан басқа да дүниелер қызықтырады. Ол үшін компьютер нағыз «қызықтың» ордасы. Осыншама қызықты тастап ол қалай кітапқа бас қойсын? Оянғаннан мектепке барады. Онда сабаққа зауқы соқпаған бала мұғалімді тыңдаудың орнына телефонын шұқылаумен әлек болады.

Оқушылар әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде: ойын арқылы оқыту технологиясы.

Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге:өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің  материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударылған жөн. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі—ойын.