Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Мәселелік оқытудың басымшылдығы мен кемшіліктері

Проблемалық оқытудың артықшылығы: зейіннің дамуына мүмкінщілік жасайды, байқампаздықты танытады, оқушының танымдық іскерлігін белсенді дамытады, жауаптылық, сыншылдық, өзін сынау, бастамашылдық және өзіне баға беру әрекетін дамытады. Бұдан басқа проблемалық оқыту білімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, мұнда Б. Зейгарник ашқан, психологияда белгілі аяқталмаған әрекет эффектісі жұмыс істейді. Оның мәні мынада, басталған әрекеттер, бірақ аяқталмағаны есте жақсы қалады: “ әрекеттердің басы мен күтілетін нәтиже арасында өзекті байланыс сақталады, сондықтан бізді аяқталмағаны ойландырады, аяғына дейін істелмегені есімізде сақталады”. Проблемалық оқытудың кемшілігі оның оқу үрдісінде оқушыға қиындық туғызатындығы, соның арқасында шешу жолын ізденуге көп уақыттың кетуін жатқызуға болады.сонымен қатар бағдарламаланған оқытуға қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру оқытушының шеберлігі мен көп уақытын талап етеді. Тап осы жағдайлар проблемалық оқытуды кең қолдануға кедергі келтіреді. Бірақ, оған талпыну керек және әрбір шебер педагаг оны қолданады, өйткені проблемалық оқыту зерттеумен байланысты және осыған сәйкес дәстүрлі оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез келген зерттеу – жаңа білім алу үрдісі, ал оқыту – белгілі білімдерді тарату үрдісі болып табылады.ал проблемалық оқыту зерттей отырып оқытуға, оқыта отырып зерттеуге үйретеді. Міне, тек осылай ғана шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға болады.

Мектептегі және сыныптағы атмосфера

Мектеп атмосферасы оқыту және оқу үшін қажетті алғышарттарды қамтамасыз ететін өзгерістерге неғұрлым қабілетті физикалық және психологиялық мектеп аспектілерін көрсетеді. Мектеп атмосферасын мектеп ортасының төрт аспектісі тұрғысынан қарастыруға болады:

Қоршаған ортаның физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және оқу (танымдық) факторлары мыналар болып табылады:

Оқытуға ізетті және ықпал етуші физикалық орта

Оқытуды қолдайды

Оқытуға кедергі жасайды

Мектеп мекемелеріне оқушылардың шектеулі саны ғана сыяды

Мектеп мекемесіне оқушылардың көп саны сыяды

Оқушылар қауіпсіздікте болады және мектеп ішінде өздерін қауіпсіз сезінеді.

Оқушылар дәлізде, демалыс бөлмелерінде, асханада және ойын алаңдарында басқа оқушылардың тарапынан соққыға ұшырайды.

Сыныптар жинақталған.

Сыныптар жинақталмаған.

Сыныптар мен алаңшалар таза әрі жақсы жағдайда ұсталады.

Сыныптар мен алаңшалар кір, аса жарық емес және нашар жағдайда.

Шу деңгейі төмен.

Шудың деңгейі жоғары.

Нұсқау беруге және қызмет етуге арналған алаң тұтынушыларға лайықталған.

Сабақтар оны өткізуге лайықталмаған бөлмелерді өтеді және оқушылар аса көп.

Штат жеткілікті әдебиетпен және мектепке қажетті жабдықтарымен қамтылған.

Сыныптар жасырылған, тексеруден қорғаулы.

Әдебиеттер мен мектепке қажетті жабдықтар жеткіліксіз. Жеткізу бөгелуде.