Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Жануарлардың құрылысы мен тіршілігін шартты белгілер арқылы беру

Бұл тәсіл жануарлардың құрылысы мен тіршілігі туралы ең негізгі түсінік-ұғымдарды есте сақтап бекітуге, әңгімелеп айтуға, ал қорытыңды кестемен қарастырғанда:

1) жануарлардың құрылысы мен тіршілігінің төменгі сатыдан жоғары сатыға біртіндеп күрделенетінін көз алдына келтіріп, біртұтас жүйеде түсінуге мүмкіндік береді.

2) шартты белгіні жаттау қажет емес; тек белгінің нені бейнелейтінін еске сақтауға болады.

Шартты белгілер көрсетілген әріптердің мағынасы (атауы)

в — вакуоль на — несепағар

а —ауыз кл — клоака

ж — жұтқыншақ ққ — қуық

ө — өңеш мт — мальпигий түтігі

қн - қарын қлш — құлақша

жс — жемсау қш— қарынша

і — ішек к — көбею

жг — жарғақты мембрана ами — алдыңғы ми

сб — сілекей безі омы — ортаңғы ми

ұаб — ұлтабар асты безі арм — аралық ми

бр — бауыр миш — мишық

жв — жиырылғыш вакуоль спм — сопақша ми

т — тері жн — жұлын

б к — бүйрек

1. Тіршілік ортасы

1) суда;

2) құрлық бетінде;

3) топырақ арасында.

2. Мекен ортасы

  • 3 Қозғалуы

  • адымдап жүзу

  • жүру

  • су ішінде жүзу

  • с у түбінде

  • жүзу

  • сүңгу

  • топырақ арасында

  • жол салып жүру

Жаңаша бағалаудың 10 балдық шкаласы бойынша білім алушылардың оқу іс-әрекеттерін бағалау және бағалық талқылау. Білімді тексерудің жаңа әдістері.

Кез келген пәннің маңызды қыры – білім тексеру мен есепке алу. Сондықтан тексерісті ол әрбір оқушының таным әрекетін белсендіретін-дей және игерілген оқу материалын қолдана алатындай тұрғыда ұйым-дастыру керек. Тексеру ұстаздан үлкен еңбекті және зейінді талап етеді. Оның тиімділігі бұрын өтілгенді қайталау, түсіндіру және әр түрлі өздік жұмыс түрлері арқылы жаңа материалды бекіту кезінде де әдістемелік тәсілдердің көп түрлілігіне байланысты артады. Көп жылдан бері мұғалімдер жұмысының нәтижесінде білім мен біліктілікті тексеруде бай тәжірибе жинақталған. Қазіргі кезде тек оқушыға сұрақ қойып одан толық жауап талап ететін бұрынғы білім тексерудің әдісі жалғыз емес. Мұғалімдердің сабақтарда ауызша, көрнекі, практикалық тағы басқа да білім мен біліктілікті тексерудің әдістерін қолданады.

Жобалап оқыту технологиясы

Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсыр-маларды орындау арқылы меңгеретін білімі. .Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия универси-тетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы» тақырыбынан қысқа мерзімді жоспар құру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

1. Білімділік: Оқушыларға жұмыр құрттар типіне жататын ішексорғы үшкірқұрттардың құрылысын, даму циклын және тіршілік әрекеттерін түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа және өз денсаулықтарын сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.  

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сөзжұмбақ, биологиялық диктант, сызбанұсқалар.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың пәнаралық байланысы: валеология

Сабақтың жоспары:  І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.

II. Үй тапсырмасын сұрау. 15 мин.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин

IV.  Білімді бекіту. 6 мин

V. Үйге тапсырма беру. 1 мин.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.

VII. Қорытынды сөз. 1 мин.

Интербелсенді оқу/оқытудың қандай идеялары мен қағидалары бар?

Интербелсенді әдістеме оқу мақсаттарын екі бағытта нақтылауды талап етеді:1.Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау.2.Әр оқушының дамуын қадағалау. Оқу мақсаттары өлшенбелі және нақты, айқын түрде келтірілген (мәселен, кез келген оқушы пен мұғалімнің тануына тұрарлықтай) оқу нәтижелері арқылы көрсетілуі керек. Ал өз кезегінде оқу нәтижелері оқушылардың әрекеттері арқылы құрастырылады. Мұнда мақсаттарды нақтылаудың келесідей басты талабын орындау керек: мақсаттар оқу процесі нәтижесінде үйренушінің не жасай алатындығын (нақты әрекеттерді) көрсететін етістіктер арқылы сипатталуы керек. Оқу мақсаттарын бұлайша құрастыру оңай емес, өйткені дәстүрлі оқытуда оқытушы оқу мақсаттарын бірінші мезетте өзінің жоспарлауы тұрғысынан түсініп, оларды «оқушыларды/студенттерді үйрету, оқыту, түсіндіру» сияқты жалпылама етістіктер көмегімен құрастырған. Мұндай мақсаттар оқушыға, оның әрекеттері мен дамуына бағытталмаған, сондықтан да олардың тиімділігі мен нәтижелігін айқындау да қиыншылықтар туғызады.Сол себепті бұл проблеманы мақсаттардың нақты жүйесін, педагогикалық таксономияларды құрастыру арқылы шешу керек. Бұған қоса мұндай жүйенің ішінде мақсаттардың ерешеліктерін көрсететін категориялар (түрлер) мен деңгейлерді анықтау керек.