Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Дарынды баланы анықтау

Барлық ұстаздар оқушыларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты оқушыларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар оқушыларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың,мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері .Деңгейлеп оқытуға қойылатын талаптар. Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану ерекшеліктері. Деңгейлеп оқыту технологиясын тиімді пайдалану

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін а) жеке тұлға ерекшеліктеріне, б) психологиялық даму ерекшеліктеріне, в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты2)алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 3)Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4)Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады

Джинни л.Сиклл, Куртис с. Мередит, Чарльз Тэмпел, ж.Пиаже, л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алған Сорос - Қазақстан қорының «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту»-(сто) атты бағдарламасы.

Сорос Қазақстан қоры «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту»-(СТО) атты бағдарламасын Шығыс Европа және Орталық Азия үшін ұсынып отыр. Бағдарламаның мақсаты кез-келген мазмұнға сын тұрғыдан қарауды үйрету. Бұл технология бойынша оқушылар сабақ барысында бұрынғы бі летінің жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте қарастырады немесе бір идеяға басымдық берілмей, оған қарсы пікірді де сондай мүмкіндікпен қарастыру керек деген сөз.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибелі жүйеге келтірген Джинни Л.Сиклл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпел. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеаларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.