Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.18 Кб
Скачать

Буылтық құрттар типі. Сақиналы құрттар «Шұбалшаңның сыртқы құрылысы» тақырыбын өту барысында «кластер», «т-кестесі», «шығу парағы» тәсілдерін қолдану.

Сабақтың мақсаты: Білімділік – Буылттық құртты мысалға алып, ішек қуыстылы, жалпақ, жұмыр құрттармен (сыртқы, ішкі құрылысы бойынша) салыстырғанда әлдеқайда күрделі ерекшелік сипатын көрсету. Шұбалшаңның топырақ түзу процесіндегі маңызын анықтау.

Дамытушылық – оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

Тәрбиелік – ойын элементтерін пайдалана отырып, болашаққа көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Жоба қорғау сабағы. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, таблица, электрондық оқулық. Қолданылатын әдістер: Жекелей-іздену, эвристикалық, пікірлесу, жобалау, проблемалық, интерактивтік, «кластер», «Т-кестесі», «шығу парағы». Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру 2 мин  Жаңа сабақ. ( Үй тапсырмасын сұрау) 37 мин Бекіту. 3 мин Бағалау. 2 мин Үйге тапсырма беру. 1 мин Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Сыныптың өз топтарында отыруын қамтамасыз ету . Топ жетекшісін сайлап алу. Сергіту жаттығуын өткізу.

Білім жүйесінде бағалау не үшін керек? Бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады?

Бақылауды жоспарлы түрде жүргізу мұғалімге оқушылардың белгілі бір уақыт көлеміндегі игерген білімдерін жүйеге келтіруге, оқудағы жетістіктерді, жекелеген оқушылардың және толық сыныптың оқылық-тары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Білімді бақылау мұғалімнің өзін - өзі тексеру құралы болып табылады. Оқушылардвың жетістіктері жөніндегі ақпарат ата – аналар үшін де маңызды, сол арқылы олар өз балаларының бақылауға қатысып, оларға оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі.Білім беру үрдісіндегі оқушылар жетістігінің сапасын бақылау кез – келген пәнді оқытудың пәрменділігін көтерудегі маңызды құралдардың бірі болып саналады. Оқушылардың білімі және біліктілігінің жағдайы жөніндегі жүйелі ақпарат мұғалімге шұғыл түрде оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері мен құралдарын қолдануға және оқу үрдісін дұрыс басқаруға, оның логикасын бағамдауға, білім игеру нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.Кез келген пәннің маңызды қыры – білім тексеру мен есепке алу. Сондықтан тексерісті ол әрбір оқушының таным әрекетін белсендіретін-дей және игерілген оқу материалын қолдана алатындай тұрғыда ұйым-дастыру керек. Тексеру ұстаздан үлкен еңбекті және зейінді талап етеді. Оның тиімділігі бұрын өтілгенді қайталау, түсіндіру және әр түрлі өздік жұмыс түрлері арқылы жаңа материалды бекіту кезінде де әдістемелік тәсілдердің көп түрлілігіне байланысты артады. Көп жылдан бері мұғалімдер жұмысының нәтижесінде білім мен біліктілікті тексеруде бай тәжірибе жинақталған. Қазіргі кезде тек оқушыға сұрақ қойып одан толық жауап талап ететін бұрынғы білім тексерудің әдісі жалғыз емес. Мұғалімдердің сабақтарда ауызша, көрнекі, практикалық тағы басқа да білім мен біліктілікті тексерудің әдістерін қолданады.