- •1 Клеткаларды in vitro жағдайында өсіру.
- •2Клетканың тотипотенттілігі
- •3.Каллус және регенерант өсімдіктің биологиясы
- •2Билет.
- •1.Клеткалык суспензия
- •2Биотехнологияның даму тарихының негізгі кезеңдері
- •3.Өсімдіктер клеткасын өсіру әдістерін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдар
- •3.Билет
- •1Клетканы өсіру үшін қажетті жағдайлар
- •2Қоректік ортаның құрамы
- •3.Өсімдікті залалсыздандыратын заттар.
- •1.Дифференциялану және дедифференциялану.
- •2.Клеткалар суспензиясын дайындау.
- •3.Сұйық ортада өсетін клеткалардың қатты ортада өсетін клеткалардан артықшылығы.
- •1. Сұйық ортада клеткалар суспензиясын өсірудің тәсілдері.
- •6.Билет.
- •1. Гендер активтілігінің реттелуі.
- •7.Билет
- •8.Билет
- •9.Билет
- •1.Генетикалық тұрғыдан өсімдіктерді жақсарту үшін клеткаларды in vitro жағдайында өсіру.
- •2.Жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткалар өсімдіктерді көбейту және сақтандыру.
- •3.Өсірілетін клеткалардан экономикалық маңызы бар заттар алынуы.
- •10.Билет
- •1.Өсірілген клеткаларды биосинтездік өндірісте пайдалану.
- •2.Иммобильденген клеткалар және бұл әдістің ұтымдылығы.
- •11. Билет
- •1.Клеткалардың жоғары өнімді линияларын шығару
- •3.Клонды микрокөбейтудің артықшылықтары
- •12Билет
- •1.Морфогенез процесінің нәтижесінде регенерант өсімдіктері алу әдістері.
- •2. Қолтық бүршігінің меристемаларыныңклондық микрокөбейтуде қолдану
- •3.Жасанды тұқым алу
- •1.Өсімдіктерді клондық микро көбейту технологиясы
- •2. Өсімдіктерді микрокөбейтуге әсер ететін факторлар.
- •3. Клонды әдістердің жетістіктері мен болашағы.
- •1.Вирустар қоздыратын аурулармен күресуде биотехнологияны пайдалану.
- •2. Каллустардың биологиялық ерекшеліктері.
- •3. Өсімдіктердегі вирустік ауруын анықтау әдістері.
- •1.Вирустан аластатылған көшеттердің көбеюі.
- •2. Картоптың сауықтырылған көшеттерін шығару технологиялары.
- •– Билет.
- •1.Әріден будандастыру кезінде пайда болған ұрықтың ерекшелігі.
- •3. Бөліп алған будан ұрпақтары ин витро жағдайында табысты өсіру.
- •1.Ұрықты ин витро жағдайында өсіру әдісі
- •2. Гаплоидтарды шығарудың эксперименталдық әдістері
- •3. Микроспоралардың табиғи дамуы
- •1.Микроспоралардың ин витро жағдайында дамуы
- •2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар
- •1.Клеткалық инженерия
- •2. ПРотопластарды бөліп алу жолдары.
- •3.Протопласттың тіршілік икемділігін анықтау
- •1.Протопластарды өсіру технологиясы
- •2.Протопластардан регенерант өсімдіктердің шығуына әсер ететін факторлар.
- •3.Протопластардың құйылып қосылу әдістері.
- •1.Жыныстық будандастырумен салыстырғанда сомалық будандастырудың айырмашылығы.
- •2.Будан клеткаларымен будан өсімдіктерінің сұрыпталуы
- •3. Сомалық будандарды генетикалық талдау әдістері.
- •2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар.
- •3.Ин витро жағдайында өсірілетін клеткаларда болатын өзгерістер.
- •1.Клеткалық селекция және оның артықшылықтары.
- •2. Клеткалық селекцияның әдістері.
- •3.Қажетті белгісі бар клетканың сұрыпталуы
- •1.Белгілері тұрақталған клеткалар линияларын шағару жолдары.
- •2.Ин витро жағдайында клеткаларда жүретін мутация.
- •3.Сомаклондық варианттарды пайдалану жолдары.
- •1.Сомаклондық варианттар және олардың ин витро жағдайында пайда болуы.
- •2.Клеткалық технологияларды дайындау жұмысының негізгі кезеңдері
- •3.Клеткалардың мутагенездерін индукциялау.
– Билет.
1.Әріден будандастыру кезінде пайда болған ұрықтың ерекшелігі.
Әріден будандастыру деп әр түрлі түрлер мен туыстарды шағылыстыруды айтады. Әріден будандастыруда түрлі түрлердің жекелеген гендері мен хромосомаларының комбинациялануын пайдаланады, ал кейде (ал-доплоидты будандарды алу кезінде) бүтіндей геномдардың комбинациялары пайдаланылады. Осының нәтижесінде жекелеген жағдайларда будандарда биологиялық және систематикалық жағынан алыс формалардың қасиеттерін үйлестіруге мүмкіндік туады.(қосарлы ұрықтану).Әріден будандастыру кезінде постгамдық сәйкессіздіктің кесірінен ұрық пайда бола алмайды, ал кейде пайда болғаннын өзінде де жөнді дамымайды.
2. Постгамдық сәйкессіздіктің себебі және оны жеңу жолдары.
Постгамдық сәйкессіздіктің бірнеше себебі бар: 1. Екі спермийдің бір бірімен жабысып, олардың ажырамауы; 2. Спермийдің жұмыртқа клеткасымен қосылмауы; 3. Спермийдің орталық клеткаға қосыдмауы, сөйткенннің өзінде де эндоспермнің өте баяу дамуы; 4. Эндосперм мен ұрықтың жұғымсыздығы; 5. Әлі зерттеліп анықталмаған беймәлім құбылыстар.постгамдық сыйымсыздықты жеңу үшін будан ұрықты ин витро жағдайында өсіреді. Өсімдіктерді әріден будандастыруда ин витро жағдайында пайдаланатын әдістердің ең кең қолданылатыны ол осы будан ұрықты өсіру(эмбриокультура) әдісі.
3. Бөліп алған будан ұрпақтары ин витро жағдайында табысты өсіру.
Айқас және өздігінен тозаңданатын өсімдліктерінің гүл шанақтарын ашылуға бір күн қалғанда кесіп алып, оларды залалсыздандырып, аналықты бөліп алады. Аналықтың мойнын қысқартып немесе толық кесіп тастап, түйінді қоректік ортаға отырғызады. 2 – 3 күн өткен соң, мойын кесіндісіне немесе түйіннің жанына агарға стерильденген тозаңды себеді, ол өсе келе микропиле арқылы ұрық қалтасына енеді. Ұрықтың дамуы ин витро жағдайында ин виво сияқты әдеттегідей өтеді. Бұл процедураны жеңілдету жолы бар, ол үшін тұқым бүршігін бүрбүртігімен бірге өсіріп, сонан соң тозаңдандыру. Мұнда тұқым бүршігі мен тозаң жасанды қоректік ортада гинецей ұлпаларының теріс әсерін сезбейді. Өзара сыйымсыздығы бар өсімдік түрлерін тозаңдандыру үшін тек осы әдіс жарайды.
17– билет.
1.Ұрықты ин витро жағдайында өсіру әдісі
Пісіп жетілмеген ұрықтарды ин витро жағдайында нәтижелі өсіру көп факторлармен, ең алдымен оның даму кезеңімен, дифференцияланған деңгейімен байланысты. Дифференцияланған ұрықтарды өсіру оңайға түседі.ин витро жағдайында ұрықтың дұрыс дамуцы үшін жасанды қоректік ортаның құрамын әр өсімдіктің түріне сәйкес ылғи да толықтырып өңдеп отыру керек. Ұрық пен эндосперм арасындағы тығыз байланыстың боллуы, әсіресе эмбриогенездің бастапқы кезеңінде, ұрықтарды ин витро жағдайында өсіргенде айқындалады.егер жас эндосперм ұрықтың дифференциялдануына себепші болса, пісіп жетілген эндосперм бұл процесті едәуір тежейді. Солай болғандықтан, жетілмеген ұрықтар қоректік ортаның құрамын талғағыш, өте «сезімтал» болып келеді. Сондықтан қоректік ортаға физиологиялық активтілігі жоғары заттар қосылады. Сон.қатар жас эндоспермдердің экстраттары да пайдаланылады. Кейдк қоректік ортаға будан ұрықтың қасына тақап немесе аналық өсімдіктердің эндосперм, нуцеллус және басқа көбею жүйесінің бөліктерін отырғызу жақсы нәтиже береді.
