Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окончательный.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29 Кб
Скачать

1.2 Я.А.Коменскийдің көзқарастарының қалыптасуы және кейбір педагогикалық принциптері

Я.А.Коменскийдің көзқарастарының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, "Чех ағайындардың" демократиялық даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.

Сол кезеңдегі материалистік бағыттар туралы айтқанда, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді, Беконның философиясын, ағылшын материализмінің негізін салушы, ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды, тәжірибені, индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталады, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештене болмайды деп үйретті.

Я.А.Коменский көзқарасына "Қайта өрлеу" дәуірінің табиғаттың алдында бас ию, адамның идеялын, күшті жан мен тәнді жоғары қою, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Коменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылық, мәселен, оның көзқарасында материализм элементтерін аңғару қиын емес, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.

Я.А.Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекелеген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуға ықпалы ерекше болды.

Гуманизм және демократизм Я.А.Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Я.А.Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сезіммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделеді. Адам, оның көзқарастары бойынша, бұл "жетілдірілген, керемет құрылым", ол табиғаттан қабілеттермен сыйланған, білім берудің ең жоғарғы сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқы әрбір адамның табиғи құқы ретінде қарастырылады. Коменский мектепті "адамгершіліктің шеберханасы" деді.

Я.А.Коменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан, білім алуға құқылы. Олар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін ғана айналысуға және басқалармен сабақтан себепсіз бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек қана тәрбиешілерді бір сарынды белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Я.А.Коменский білім алуға барлық балалардың қол жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: "Мектептерге тек байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз, сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде, селолар мен деревняларда". Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеті жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалпыға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды.

Я.А.Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Я.А.Коменскийдің айтуынша, "интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештене жоқ". Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді, К.Маркстің сипаттауынша, Бекон "ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі эксперименталды ғылымдардың негізін салушы болды".[2]

Педагогикалық көзқарастарында Я.А.Коменский білім беру мақсатының пайдалылығын атап көрсетіп: "Білу, айту және іске кірісіп әрекет ету - даналықтың мәні осында", - деп жазған.

Мұғалім материалының көлемі. "Мұғалім материалды қанша, білгенінше үйретуі қажет емес, оны оқушылардың меңгеруінше үйретуі тиіс" - деп көрсетті.

Оқыту әдістері. "Барлық уақытта практикалық, әр кезде қызығатын тартымды, осының нәтижесінде мектепте шын мәнінде өмірдің барлық үлгілерін көрсетіп тамаша щығармашылық өнер - бастауы болуы тиіс"

"Жақсы оқу - біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілікпен шын мәнінде білімді меңгеру" - деді Я.А.Коменский.

"Қабілетті мұғалім деп соларды ғана атауға болады, кім - өте шыдамдылықпен балаға білім бұлағын егетін, қиыншылықпен оны жеңе білетін адамды айтамыз".

"Оқыту жай ғана көрсету емес: бір заттың пайдаланатын орнына байланысты, екінші заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегін т.б. кім жақсы айыра, талдай білсе, сол ғана жақсы оқыта алады".

Логикалық байланыстар. "Мағынасыз нәрсені қанша айтсаңда, түсіне алмайсың, бағалайда алмайсың, дәлірек айтсақ, оны еске түсіруде мүмкін емес".

"Бір бөлшегі жоқ дүние - түсініксізде, материалды талдайда алмайсың, алайда оны есіңе де түсіре алмайсың".

Түсіну. "Түсіну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа және қарым-қатынасқа байланысы. Неге, ол кіммен, немен байланысты, қандай жағдайда, қалай бірінен-бірінің айырмашылығы, ұқсастығы неде?".

"Өте жақсы айтылған, алғаш рет біз текстіні оқуымыз қажет, демес, оның мазмұнымен танысу үшін, екінші рет - оны түсіну үшін, үшінші рет оны өзінің есінде жаңғырту үшін, төртінші рет біз оны өзімізше қайталауымыз қажет, мақсат оны қалай игергенімізде".

"Оқудың негізі айнала затты және құбылысты таным процесімен байланыстыру, басқалар байқағанда және зат туралы куәлікті жаттаудың қажеті жоқ".

"Құлақ көру мен сөзді байланыстырады - қолменде жалғастырады". Үйрету сыртқы сезім мен ақылдың арақатынасын айқындайды.[5]

ІІ ТАНЫП-БІЛУГЕ, БІЛІМ АЛУҒА