Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окончательный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29.18 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: «Я.А.Коменский – педагогика ғылымының негізін салушы»

Орындаған: Кужакулова А.С. «ПжП»

мамандығының 2 курс студенті

Тексерген: Изтлеуова С.Ш

магистр, аға оқытушы

Ақтөбе, 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

І. ЯН АМОС КОМЕНСКИЙ - ЕУРОПА ПЕДАГОГИКА МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ....................................................................................................................5

1.1 Я.А.Коменскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.....................................

1.2Я.А.Коменскийдің көзқарастарының қалыптасуы.............................................

ІІ ТАНЫП-БІЛУГЕ, БІЛІМ АЛУҒА.......................................................................

2.1 Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы мен қағидалары.......................

2.2 Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы..............................

ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт — өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу-тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.

Я.А.Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Педагогика тарихында өшпейтін із қалдырған Я.А.Коменскийдің педагогикалық қызметі туралы баяндау және педагогика ғылымына қосқан үлесін талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Я.А.Коменскийдің еңбектерімен толығырақ танысу;

- Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориялары мен қағидаларын меңгеру;

- Я.А.Коменскийдің педаготгика ғылымына қосқан үлемін анықтау.

Зерттеу объектісі: Я.А.Коменский, оның қызметі.

Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен баспасөздерде жарияланған ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ЯН АМОС КОМЕНСКИЙ – ЕУРОПАДА ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

1.1 Я.А.Коменскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі

Я.А.Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда "Чех ағайындары" демократиялық қауымға жататын отбасыда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патритоттық бірлестік болып табылады.

Я.А.Коменский ата-анасынан ерте айырылып, "Чех ағайындары" қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Еуропаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде Я.А.Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: "Ғалымдар үшін ғылыми кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек". Осы демократиялық идеяға Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы Отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалады. Кейіннен "Чех ағайындары" қауымы өздерінің қауымының свещенигі етіп сайлайды. Коменский мектепте ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманисттік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, "Чех ағайындары" қоғамы мүшелерінң арқасында насихаттауға ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектер жазған еді.

Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), "Чех ағайындары" қауымы бүкіл чех халқымен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін "Чех ағайындары" қауымы және оның жетекшісі Я.А.Коменскийге өз Отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында Я.А.Коменский өз қауымынан қол үзе алмады, ол гимназия басшысының міндетін атқарды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Я.А.Коменский дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, толықтай, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекетті, көрнекілікті кеңінен қолдану және оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдері кеңінен насихатталды. Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеп, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді.[2]

Коменскийге тағылмаған ат қалмаған шығар: "адамзаттың досы", "дөкір жынды", "адамның да, Құдайдың да шындығын сақтаған ғимарат негіздерін тудырушы", "қасиеттілерді қорғаушы" атанған; "жер бетіндегі ұстаз атаулының ішіндегі ең ұлысы" деген атаққа бөленетінін де айтқандар, сол кездегі мектепті "момын тоқтылардың көбінесе жабайы есектер шаққан орын" деп атағаны үшін, "мемлекеттік тәртіптерге нұқсан келтірді" деп айыптауға тырысқандар да болған.[5]

Ол балалармен тез тіл табысатын, бірақ патшалар оған қарамағындағыларды оқытып-ағартуды сеніп тапсырғанмен, оның шонжарлармен тіл табысуы оңай бола қойған жоқ. Швецияда Коменскийге мектеп реформасын өткізуге ұсыныс жасалды, бірақ ол мемлекеттік істердің әурешілігінен гөрі, жергілікті мектепте сабақ беріп, адамның істерін түзету жайындағы кітабын жазуды жөн көрді. Өмірге лайықты іспен ғана айналысу, ең маңызды нәрсе жайында ғана жазу - барлық уақыттарда да көз көрмеген еркіндік: оны лақтырып тастау немесе күшпен алу мүмкін емес, зардар-салдарына қарамастан, оған бел шешіп, бекіне керек.[3]

Я.А.Коменскийдің өмірі шым-шытырық оқиғаларға толы болды. Ата-анасынан ерте, он жасқа толмаған шағында айырылып, ол туған-туысқандарының қолында тәрбиеленді. Преровтағы моравиялық бауырластардың мектебін тамамдаған соң, ол кальвинизмнің сол кездегі орталығында дін ілімін үйрену үшін - Германияға, ол жерден Амстердамға аттанады, екі жыл жаяу-жалпы сапар шегіп, қайтадан Моравияға оралады. Аңыз бойынша, ол тиын-тебенсіз жүрген, өйткені қолында барды түгелдей Коперниктің сол кездегі тыйым салынған "Об обращениях небесных сфер" атты еңбегінің қолжазбасы үшін беріп қойған.

"1661 жылы Я.А.Коменский 24 жаста еді. Моравиялық бауырластар қауымының пасторы болып, ол Оломоуцта уағыз жүргізеді, ал біраз уақыттан кейін Фульнекке шақырылып, бір мезгілде мектеп мұғалімі, әрі "латын мектебінің" ректоры лауазымына тағайындалады. Бұл ұстаз өзгеше бір адам еді. Ол шәкірттерінің "желкелерін сызғышпен ұрғылап тәрбиелемеген", ең бір сотқар деген балаларға қиын сұрақтар беріп, оларды тентектік жасаудың орнына, сол сұрақтардың жауабын табудың анағұрлым қызық екеніне ұйытып қоятын. Сондай-ақ ол балаларды көршілес жатқан орманға ертіп апарып, құлашын кең жая өскен шамшаттың көлеңкесінде ертіп апарып, құлашын кең жая өскен шамшаттың көлеңкесінде олармен "асқақ та пайдалы заттар" туралы әңгіме дүкен құратын".[3]

1631 жылы Я.А.Коменский "Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі" атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы оның ең негізгі еңбегі "Ұлы дидактика" чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Я.А.Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.

Я.А.Коменский - танымның жалғыз бастау-бұлағы деп сезімді, сезінуді мойындайтын сенсуалист (лат. sensus - "сезім,сезіну" сөзінен шыққан).[4]

Я.А.Коменскийдің "пансофиясы" немесе жалпыға бірдей даналық мектебі "жан-жақты жетілуді және білім мен танымның жүйелілігін талап ету дегенді білдіретін,- деп жазады ойшылдың педагогикалық мирасын зерттеген танымал ғалым, профессор А.А.Красновский. - Оның "барлықтарын бәріне үйрету" идеясы адамдардың барлығы танымға және білімге қабілетті дейтін ой-пікірге сүйенеді... Танымды Коменский ақылға қонымды оқытумен тығыз байланысты белсенді үдеріс деп санайды.[3]

"Ұлы дидактика" педагогика тарихында педагогика ғылымының теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дидактиканың негізін қалаған ғылыми еңбек еді. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдерінде шақыруға ұсыныс жасаған болатын.

1641-1654 жылдардың аралығында Я.А.Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде, яғни 1648 жылы "Тілдердің жаңа әдісі" деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған "Дүниені суреттер арқылы бейнелеу" атты атақты оқулығын әзірледі, кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылды. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.

1654 жылы Я.А.Коменский Лешно қаласына қайта оралды, бірақ 1656 жылы швед-поляк соғысы кезінде Лешно қаласы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.

XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - ''Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.

Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог ''Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады'', ''Адам болу үшін ол білім алуы тиіс'', ''Білімділер нағыз адам'' - деді. "!лім -нравтылықтың спутнигі'' - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Я.А.Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет, - деді.

Я.А.Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Я.А.Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.

Я.А.Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақылауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкімнің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат - ұрып, соғу мақсатын көздеді.

Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - ''Ешбір ойластырылмаған'', ''Ешбір қызықтырмайтын" деп атады. Ал, Я.А.Коменский оданда ауыр етіп ''Ақыл соғысы'' - деп атады. Англияда Фрэнсис Бэкон латын оқуын айыптады, қайтадан жаратылыс пәнін үйретуді ұсынды. Вольфганг Ратке, Иоганн Валентин Андреэ - Германияда т. б. оқу жүйесін өзгергуге өз беттерінше жұмыс істей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы - оқуды өзгерту туралы олардың ешқайсының оқу туралы ойларын, ұсыныстарын қабылдамады.

Я.А.Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - ''Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі'' атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. ''Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі'' -деп, жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Я.А.Коменский еңбектері негізінде иллюстрацияланып жарық көруде.[2]