- •4.1.Жобалау сатылары, оларды талдау.
- •4.2.Қатаң тiрегіш қабырғалар және олардың атқаратын міндеттері.
- •5.1.Жоба тапсырмалары.
- •5.2.Жабдықты таңдау.
- •5.3.Өнеркәсіптік ғимарат жабындары.
- •6.1.Техникалық жобалар. Мазмұны мен мәні.
- •6.2.Өндірістің түрі және сипаттамасы.
- •6.3.Колонна қимасының жекеленген өлшемдері.
6.3.Колонна қимасының жекеленген өлшемдері.
Үйдің конструкциясындағы температуралық өзгерістер (қыс, жаз) салдарынан пайда болған кернеулерді жою үшін температуралық жапсар жасайды: темірбетон үйлерде – 40 м арақашықтығында, болат қаңқасымен – 120-150м. Екі баған арасындағы температуралық жапсардың саңылауы 25-30 мм тең және қабырғаның бүкіл биіктігі бойынша іргетасқа дейін сақталады.
Қатарлардың бөлгіш осьтері мен бағандардың көлденеңдік осьтері штрих- пунктирлі сызықпен жүргізіледі және диаметрі 6мм домалақ маркамен белгіленеді. Осьтерді араб цифрларымен және жазба әріптерімен маркалайды (таңбалайды). Цифрлармен үйдің ұзындығы бойынша бағандар осі таңбаланады, ал әріптермен – ені бойынша. Осьтерді таңбалау жүйесі солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Бір қабатты өндірістік үйлердің темірбетон бағандары (колонналары) консольмен және оларсыз бола береді. Жоспардағы орналасуы бойынша оларды ортаңғы және шеткі деп бөледі.
Көлденең қимасына байланысты бағандар тікбұрышты, таңбалы, пішінді және екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай бәрыңғайланған бағандар қимасының көлемдері қолданылады:
Тікбұрыштылар үшін – 400х400, 400х600, 400х800, 500х500, 500х600, 500х800мм;
Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;
Екібұтақтылар – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х1500, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм;
Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және астынан жүретін бұтақтар енгізіледі.
Бағандар ұзындығын цехтың биіктігі мен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты және қостаңбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.
