Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-5-6билет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.07 Кб
Скачать

5.1.Жоба тапсырмалары.

Цехты жоспарлау - бұл өндрістік, көтергіш көліктік және басқа құрал - жабдықтарды орналастыру жоспары. Цех жоспары 1:200 немесе 1:100 масштабында орындалады; оларды келесі элементтердің : үй бағандарының сыртқы және ішкі қабырғалардың, қақпаларға, есік пен терезелерге арналған ойықтары бар қалқалардың, цез ішіндегі транспортты крандар , кран балкалар және т.б рельс жолдарының және басқа да бүкіл технологиялық жабдықтардың , өткелдер мен көлік жолдарының, қоймалар мен резервтік орындарыдың шартты белгілері тиіс.

Жабдықтарды орналастыру кезінде мынандай талаптар басшылыққа алынады.

1. Жабдықтарды ұқсас операциялар учаскелері бойынша және негзгі жүк жүретін бағытты орналастыру.

2. Зиянды және қауіпті өндіріс учаскелерін басқа участкелерден бөлу

3. Бытыралау, гидроқұмды аппараттар, ерітіндімен өңдеу ванналары, атмосфера бақылағыш қондырғыларды цехтың желдетілетін сыртқы қабырғасының жанындағы жабық бөлмелерде орналастыру

4. Үздіксіз жұмыс жасайтын пештер арасында өткелдер 3-4 метр , мезгілімен жұмыс жасайтын пештер арасында 1-2м кем қабылданады, пештердің қабырғамен арақашықтығы 1,5-2 м.

5. Цехта ені 2,5-4 м болатын көлік жүретін бір -екі жол болуы керек.

Цехтың аудандарын тағайындау жағынан өндірісті, көмекші және тұрмыстық деп бөледі. Өндіріс ауданына өндіріс жабдықтары мен жұмыс орындары орналасады. Олар – слесарьлардың жұмыс орындары, құрылғы және көмекші өндіріс операциялардың орындары, мастерлер мен бақылаушылардың орындары, механизациялау мен автоматтандыру орындары, операция аралық көлігі, аралықтар.

Көмекші аудандарға көмекші бөлімшелер (ремонт қызметі, лабараториялар, қоймалар) сонымен бірге корпуста орналасқан цехтардың арасындағы магистральды жолдар жатады.

Қызмет - тұрмыстық аудандарда администрация - техникалық персоналдардың бөлмелерін орналастырады, әлеуметтіе мекемелер, санитарлы - гигиеналық объектілер, тамақтандыру, медициналық және мәдени қамтамасыз ету орындары келтіреді. Цехтың жалпы ауданы ол өндіріс, көмекші аудандардың қызмет тұрмыстық аудансыз қосындысы. Жобалаудың технологиялық бөліміне жалпы ауданның есебі кіреді.

Ауданның есебі және қызмет тұрмыстық бөлмелердің жобалаудың құрылысы жобалаудың архитектура-құрылысытық бөліміне жатады, ол арнайы жобалау мекемелерде технологиялық бөлімін жасайтын жобалаушының тапсырмасымен атқарылады.

Цех ауданын үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретінде жабдық бірлігіне немесе бір жұмыс орнына келетін салыстырмалы ауданның көрсеткіштерін қолданады

Цехта жабдықтарды орналастырудың алдында, цехтың келтірмелі ауданын табу қажет. Ол үшін алынған пештердің санын цехтың ірі ауданның нормасына көбейтеді, осымен өндірістің келтірмелі ауданын алады. Алдын ала пеш залының өндіріс орындарды есептеу үшін бір пешке арналған келесі аудан нормаларынан шығару болады: инструменталды-термиялық цехта 25-30м2, штамты термиялық цехта 30-50м2, екінші термиялық цехта итергіш және конвейерлік пештермен 50-90 м2, соққы-термиялық цехта 80-130м2; жүру жолдары бөлек саналады және орта есеппен 25-30% өндіріс ауданын құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]