Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.68 Кб
Скачать

25.Балаға кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің түрі ретінде негіздіңіз.

Балаларға кеңес беру бағыттары:

1Аффективті жүйесіне (уайым)

2.Когнитивті жүйесіне –ойлау, ес, т.б.

3.Жүріс-тұрыс жүйесіне – іс –әрекеті

Мысалы: Тәуекел тобындағы балаларға к.б. ерекшелігі.

1.Мақсаты – баланың ішкі ресурстық мүмкіндіктерін жоғарлатуға бағытталады.Эмоциялық – еріктік қасиетін жоғарлатуға, жаңа мақсат пен құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.

2.Нәтижелері- ішкі танымдық дүниесіндегі өзгерістер, жаңа ақпаратты игеру, қиындықтың себеп-салдарын танып білу; қысымнан арылту, жағдайға жаңа көзқарасты қалыптастыру, өзіндік бағаны жоғарлату, жағымсыз установка мен нормаларды жою.

3.Тәсілдері: Ақпарат беру; Метафора;Логикалық байланыстарды құрастыру;

Парадоксты пайдалану;Эмоционалды заражение;Конструктивті емес;Эмоцияларды жоққа шығару;Релаксация; Қайта бағалау; Үйге тапсырма беру; Рольдік ойындар; Ситуацияларды талдау;Ішкі әңгіме.

Зорлықтың құрбаны болған балларға к.б. міндеттері:

1.Баланың бойындағы ұят,әлсіз, кінә сезімдерін азайтуға тырысу керек.

2.Өзіндік мәнділігін жоғарлатуға тырысу керек;

3.Өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрету,сенімін қалыптастыру.

Пайдаланатын техникалар:

Визуализация, гештальтерапия, арттерапия, психодрама,музыка терапия, когнитивті жүріс-тұрыстық терапия.

26. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі буллинг анықтамасын түсіндіріңіз.

Буллинг (ағылшын тілінде bully — мазақтау, қорқыту -  ұжымның, әсіресе мектеп ұжымының бір мүшесін агрессивті қудалау) құбылысы бұл – әлеументтанушылар мен психологтар ойлап тапқан жаңалық емес. Бұл проблеманың өзектілігі, бүгінгі күні қазақстандық қоғамда балалар арасында қаталдықтың және  ересектер тарапынан немқұрайдылық байқалуы шынайы сипат алып келеді.

Буллинг көбіне жасырын үдеріс болып табылады және оның байқалуы айқын жағдайға айналған кезде, оны түзету үшін қандай да бір әрекет жасау аса күрделі, ал кейде тым кеш болып жатады. Қудалау проблемасына ұшыраған кейбір балалардың, жапа шегетіні соншалықты, олар өздерінің барлық дағдыларын ұмытып, тіпті өзін-өзі жек көре бастайды. Мұндай балалар мұқият ойластырылған терапиялық араласуды қажет етеді: өйткені бала тап бүгін күш көрсетуге ұшырап отыр (оның құрбан немесе жай куәгер болғаны маңызды емес), онда қандай жағдайда болсын, бұл болса, баланың болашағы үшін, оның тұлғалық дамуында  су астындағы «айсебергке» айналуы мүмкін.

Норвегиялық психолог Д.Ольвеус мектептегі зорлық-зомбылықты «мектеп буллингі» деп атаған болатын, буллингпен күрес жүргізудің келесі тәсілдерін ұсынады: • Сіздің мектебіңізде кездесетін бул¬линг түрін анықтаңыз. Буллинг дегеніміз – «күштінің» «әлсізге» қорлық көрсетуден (материалды немесе руха¬ни түрде) «ләззат» алуы. • Дене немесе психологиялық күш көрсетуге бейім тұратын балаларды бақылауға алыңыз. Бқл мұғалімдер мен ата-аналарға да қатысты болуы мүмкін. • Оқушылар арасында жасырын сауалнама жүргізіп, буллингтің көлемі мен себептері туралы мәлімет жинаңыз, бұл бала¬ны қорғау шараларын анықтау үшін де керек. • Оқушылармен жеке және топтық әңгіме жүргізіңіз. Олардың сезімдерін бағалап, кінәлілердің әрекетіне рухани баға беріңіз. • Мекепте буллингті құрту, жою комитетін құрыңыз, осы арқылы оқытушылар мен ата-аналарға көмектесіңіз. • Оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа ықпал ететін іс-шаралар жо¬спарын құрыңыз. • «Айыптылармен» міндетті түрде әңгіме жүргізіңіз, және де олардың ата-ана¬сымен сөйлесіңіз. Бұл жұмыстың түрі әр түрлі болуы мүмкін: жай әңгімелесу, айыптыларды мәселені шешуге қатыстыру сияқты форма¬ларда болуы мүмкін. • Жәбірленген балаларды анықтап, оларға көмектесіңіз. • Ата-аналармен буллинг себептерін талқылаңыз, себебі буллингке барушылардың көбісі «берекесіз» отбасынан шығады. Түзету жұмысы кезінде екі негізгі бағытты ескеру керек: • Әлеуетті агрессорлармен (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) жұмыс істеу; • Әлеуетті зорлық-зомбылық көрушілермен жұмыс істеу. Агрессиялық жүріс- тұрысты түзетудің негізгі шарттары: • Қоршаған әлеуметтік ортада жағымды жағдайға бағдарлану; • Қарым-қатынас мәдениетін дамыту; • Бірлік, өзара түсінушілік, жылылық сияқты эмоциялық қалыпты ұстап отыру. Осыған байланысты жасөспірімдерге жақсы көңілде қарап, жайдарылық көрсетіп, оларға сенім білдіріп, белсенді әрекеттерге шақырып, олардың жетістіктерін мақтап, «кері байла¬ныс» жасап отыру керек.