- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •9. Кеңес берушілік арақатынастың ұстанымдарын жіктеңіз.
- •10. Кеңес берушілік арақатынас үлгілерін жүйелеңіз.
- •11. Кеңес берудің емдік және барьерлік үлгісін түсіндіріңіз.
- •12. Кеңес берудің ережелік және ынталандырушы үлгісінің мәнін ашыңыз.
- •15.Кенес берудегі трансактілі талдау әдісін негіздеңіз.
- •Трансактілік анализ
- •17. Кеңес беруде еркін ассоциациялар әдісін түсіндіріңіз.
- •18. Кеңес беруде қарсыласурлармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін сипаттаңыз.
- •19.Кеңес беруде қорғаныстармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін анықтаңыз.
- •20. Кеңес беруде вербализация тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •22. Мультимодалды кеңес беру ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Балаға кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің түрі ретінде негіздіңіз.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі буллинг анықтамасын түсіндіріңіз.
- •27. Отбасылық кеңес беру тұжырымдары мен үлгілерін сипаттаңыз.
- •28.Отбасылық кеңес беру тактикасы.
- •29.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру барысында кәсіби қайшылықтарды шешу жолдарын айқындаңыз.
- •30.Мұғалімдерге кеңес беру формаларын негіздеңіз.
- •32.Кеңес берудің этикалық принциптерін жүйелеңіз.
- •33. Агрессиялық мінез құлық, зорлық және түрлі ауытқуларға байланысты кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •Зорлықтың түрлері:
- •34. Кәсіби және тұлғалық даму бойынша кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •35.Топтық және жеке кеңес беру формаларын жіктеңіз.
- •36. Өзіндік тұлғалық даму бағдарламасын әзірлеңіз.
- •37. Парадокстық ниеттер әдісінің мазмұнын (логотерапия) сипаттаңыз
- •38. Кеңес беруде ауыстыру мен контрауыстыру ерекшеліктерін айқындаңыз
- •40. Кеңес берудегі эмпатия мен конгруэнттілікті орнату, сендіру, қатынастарды өзгерту тәсілдерінің ерекшеліктерін жүйелеңіз
- •41.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі психодрама әдісінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •§ 3. Психодраманың әдістемелері
- •43. «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің қайнар көздері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз.
- •44. «Кеңес беру идеяларының пайда болуы мен генезисі» атты сызба құрастырыңыз.
- •45. Gilland, р.Качюнас және а.Н.Елизаров бойынша «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің түрлері, үлгілері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз. Эклектикалықкеңес беру (е. Gilland)
- •Р.Кочюнас кеңес берудің мақсаты
- •А.Н. Елизаров бойынша
- •Түрлері.
- •46. «Шебер-кеңес беруші. Білім, білік, дағдылар, құзырлар» атты үлгі құрастырыңыз.
- •47. Кеңес берушілік әрекетті ұйымдастыру жоспарын құрастырыңыз (уақыттық, кеңістік және мазмұндық көрсеткіштері
- •48. Баламен кеңес берушілік интервью құрылымын құрастырыңыз.
- •57. Көп балалы отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын даярлаңыз.
- •58. Қауып тобындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Қауып тобындағы балаларға кеңес беру көпшілікпен мақұлданған үлгі арқылы жүзеге асырылады:
- •Қауып тобындағы жасөспірімдерге кеңес берудің ерекшеліктері
- •59. «Кеңес берушілік әңгі
- •60. Жеткіншектерге топтық кеңес беру картасын құрастырыңыз (қарастырылатын мәселені өзіңіз таңдайсыз).
19.Кеңес беруде қорғаныстармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін анықтаңыз.
Қорғаныс механизмдері (ығыстыру реактивті құрылым, проекция, рационализация, сублирование, регрессия, интроекция, идентификация, компенсация және т.б.)
Психологиялық қорғаныс механизмдері өте көп. Әрбір адамның өзіне тән қорғану мехнизмдері болады. Алайда олардың классикалық түрлері төмендегідей:
Рационализация. Импульсивті қылықтардың себебін, мінез-құлықтың саналы негіздерін іздестіру. Кейде адам өзінің орынсыз әрекеттерін қандай да бір қисынды-қисынсыз себептермен ақтауға тырысады.
Репрессия. Травмалық әсер, жағымсыз ойлар. Адамның теріс әрі жағымды эмоцияларының көрініс беруіне тиым салуы.
Регрессия. Мінез-құлықтың ерікті қадағалануы әлсірегенде туындайды.
Жоққа шығару. Адам проблеманы шешкеннің орнына оны жоққа шығаратын жағдайда орын алады.
Адам өз жанының жарақаттанған қырын санадан шеттейтін қуатты стресс жағдайында кездеседі.
Реактивті құрылымдар адам қолы жетпейтінін түсінсе де мүлде қарама-қарсы бағытта әрекет ете бастағанда пайда болады.
Проекция. Адамның өзіне тән қажеттіліктерін, сезімдерін, қызығушылықтарын, түсініктерін, тіптен мінез бітістерін басқа адамдарға көшіруі. Өз сезінулерін басқа адамдардың сезінгенін қалау.
Сублимация. Жүзеге асырылмайтын мақсат орындалған әрекеттерден шынайы қанағаттанатындай басқа мақсатпен алмастырылуы.
Бұл қорғаныс механизмдерінің ішіндегі сублимацияға ерекше тоқталар болсақ,
Сублимация энергияның бір объектіден екінші объектіге ауысуын көрсетпейді. Ол бір мақсаттан екінші мақсатқа көшуді анықтайды. Бір мақсаттан екінші мақсатқа көшу эмоцияның өзгерісімен қатар жүреді. Бұл жолда сексуалдық және агрессиялық нысандарға өтуі жүзеге асады.
Ол нысандарға:
Біріншіден, агрессиялық энергияны күйзелістер арқылы шығару (кинода, театрда).
Екіншіден, жағдайды әзіл немесе өзін күлкі етуі арқылы агрессиялық күйді өзгерту.
Үшіншіден, агрессия спортта сублимацияланады.
Сурет салу –сублимацияның бір формасы болып табылады. Сурет тұлғаның ішкі конфликтілі жағдайын көрсетеді. Оны сыртқа шығаруға көмектеседі. Армениядағы жер сілкінісінен кейін сондағы психикалық тұрғыдан жараланған балаларды осы әдісті қолдана отырып, емдеп шығарған.Олар өз қорқыныштары мен күйзелістерін белгілемейді. Психологиялық қорғаныс механизмдері проблеманы шешу процесінің барысында пайда болып, оны бұрмалап, қиындатуы мүмкін. Алайда ол – жеңуге болатын, ұжымдық көзқараспен сақтандыруға болатын жеке дара проблема.
20. Кеңес беруде вербализация тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Сөйлеу арқылы біз табиғи тілдік дыбыстарды cондай-ақ, фонетикалық белгілерді, оның екі негізгі лексикалық және синтаксистік белгілерін түсінеміз. Сөйлеу коммуникацияның универсалды құралы болып табылады, яғни ақпарат беру кезінде оның көмегімен хабарламаның мағынасы беріледі.
Вербализация. Кеңес беруші клиенттің айтқан сөздерін жиі қайталайды. Бұл клиенттің өз сөздеріне, өзіне назар аударуы үшін қажет.
Вербалды қатынас дегеніміз ауызша немесе тіл арқылы сөйлеу қатынасы.Вербалды қатынастың негізгі дағдысы тойтару немесе рефлексия болып табылады. Бейнелеу дегеніміз, клиенттің айтқандарына жауап қайтару, яғни айтқанда клиенттің сізге айтқандарын айрықша кілтті сөздерді қолданып өзіне қайталап айту. Клиенттің айтқанын қайталау, оның әңгімені ары қарай жалғастыруына ықпал етеді.Бейнелеу клиентке біздің оның сезімдері мен уайымын түсінуімізді білдіреді. Бейнелеу клиенттің қолданған сөздері мен сөйлемдерін қайталауымызда белгіленеді. Осы кезде біз әңгімені толығырақ естуге ықпалымызды білдіреміз. Бейнелеу қайталап айту түрінде болуы мүмкін: басқа сөздерді қолданып, клиенттің айтқанын қайталау. Бұны ұқыпты түрде жасаған жөн: клиенттің айтқанын басқа сөздерді қолданып қайталау, бірақ айтылғанның мағынасы жоғалмауы керек. Бұл жағдайда клиенттің айтқанын ғана емес, оның дауыс ырғағын, бет әлпетінің түрін және дене қимылын қайталауымыз қажет.
Бейнелеудің екі түрі бар:сезімдік және деректі бейнелеу Деректі бейнелеу
Дерек бейнелеу сіздің ынтаңызбен және ықыласыңызбен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді. Рефлексияның бұл түрі сізге клиентті дұрыс түсініп-түсінбегеніңізге сендіреді. Деректі рефлексиясы – бұл клиенттің айтқандарын қайталау.
Сезімдік бейнелеу
Бұл жағдайда факттылық мазмұны емес сезімдік жағын айқындауға мүмкіндік беру қажет.
Мысалы:
«кеше менің жігітім келгенде мен қатты қорықтым» - мағынасы,келесі түрге келеді:
«кеше сіздің жігітіңіз үйіңізге келгенде, сіз қатты қорқыныш сезімінде едіңіз».
бейнелеу маңызды, өйткені ол:
Сіздің тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.
Сізді тыңдауға мәжбүр етеді.
Егер сіз дұрыс түсінбеген болсаңыз, клиент сізді түзетуіне мүмкіндік береді.
Клиенттің әңгімені жалғастыруына мүмкіндік береді.
Клиенттің тақырып таңдауына мүмкіндік береді.
Сөйлесу қатынасының факторлары:
бір жауапты берілетін сұрақтар
көптеген жауап берілетін сұрақтар
жанама сұрақтар, байқау сұрақтары, екпінді сұрақтар
Сөйлеу қарым-қатынасы:
рефлексис және нақтылау
жан ашу бейнесі
қорытындылау,түйіндеу
21. Қате жазу мен жаңылыс сөйлеу, комплекстерді талдау әдісінің мәнің ашыңыз.
Кеңес беру барысында клиенттің келген проблемасының түп негізін түсіну үшін З.Фрейд айтып кеткен қате жазу мен жаңылыс сөйеуді талдаудың мәні аса зор. З.Фрейдтің психологиялық зерттеулерінің маңызды тақырыптарының бірі қателеді зерттеу болатын. Жаңылыс сөйлеу – айту керек сөздің орнына шатасып, айтқысы келген сөзді айтып қоюы. Қате жазу – хат жазған да немесе сезімдерін парақ бетіне түсіру кезінде байқамай қате жазып қоятын немесе қате жазылып үстінен сызылып кететін сөздер. Қателер бірнеше рет қайталанса, ол адамның проблемасы тікелей сол сөзбен байланысты, сол себепті кеңес беру барыснда кеңес беруші клиенттің әрбір сөзінің арасында кеткен қатеге баса назар аударып оны басқа пробемалармен байланыстыра білуі керек.
Клиент өз проблемасын сөзбен жеткізуге қысылған жағдайда, оны парақ бетне түсіруді ұсынамыз. Жазу барысында байқамай,бейсаналы түрде сөйлемдер арасында қате кетіп, клиент ол сөзді сызып тастаған болса және осы сөз бірнеше рет қайталанған болса ол қатемен жұмыс жасау арқылы проблеманың түп-тамырын анықтауға болады. Фрейд айтып кеткен бұл қателер бейсаналы түрде болып, адамның проблемаларының тамыры болуы мүмкін, және осы мәселелерге байланысты жүргізілген зерттеулерде жетерлік.
Комплекс (лат. Complex — байланыс, үйлесім)— психологияда(психонолизде) санадан тыс қалыптасатын, шамадан тыс эмоцияға берілген түсініктер, мотивтер, мақсаттар жиынтығын білдіреді. Тұлғаның, оның психикасының дамуына және қызметіне, іс – әрекетіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді
Адамда комплекстер балалық шақта қалыптасады. Яғни ми түскен ақпаратты толықтай өңдей алмайтын кезінде; 2- 4 жасында бала «самостоятельный» болуға үйренеді және бұл кезеңде комплекстер жиі қалыптасады.Көп кездесетін комплекс түріне:
«Комплекс неполноценности» физикалық жағынан жетіспеу; толықтай жойылмайды.
« Отличник» комплексі – адамдардың өзіне тым қатал талаптарды қою және оны өзгелерден күту;
«Превосходство»комплексі – бұл өзінің тұлғасына деген көзқараста асыра сілтеу;
«Комплекс Враждебности» – адамның агресивтілігінің жоғарлауы;
« Комплекс вины»- жауапкершілік сезімі және ар-ұяты аса дамыған.
Комплекстерді жеңуге арналған Кеңестер:
1. Жетістіктердің тізімін жасаңыз; 2. Басқа адамдардың сізді не үшін мақтап жатқанына құлақ салыңыз, 3. Қазірден бастап өзіңізді кешегі мен салыстырғанда кішкене болсада артық жақсы көріңіз.
4. Шешімді өзіңіз қабылдаңыз, сенімдеріңізден бастартпаңыз, өмір оның қате екенін көрсетпейінше.
5. Таңғалдырудан қорықпаңыз;
6. Ашық болыңыз
