Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.68 Кб
Скачать

57. Көп балалы отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын даярлаңыз.

Әлеуметтік педагогтың көп балалы отбасылармен жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылатын сәтті технологиялардың бірі - әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру;

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің маңызды бағыттарының бірі - отбасылық кеңес беру. Ол мынадай мәселелерді қарастырады: ерлі-зайыптылар арасындағы, олардың ата-аналарының арасындағы, балалар мен ата-аналар арсындағы қарым-қатынас. Соңғы жылдары психологиялық-педагогикалық орталықтарға шағымданушылардың басым бөлігі - балаларының тәрбиесі мен дамуындағы туындаған мәселелер, олармен арадағы дау-дамайлар толғандыратын ата-аналар. Тәжірибеде анықталғандай, 14-15 жасқа дейінгі балаларды ата-анасының қатынасуынсыз кеңес беру көбіне нәтижелі бола бермейді. Себебі олардың мәселесін отбасылық қатынастардың жалпы контекстік анализінсіз анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар ата-аналардың көп шағымданатын мәселелердің қатарына балалардың мектептегі оқу үлгерімдерін жатқызуға болады.

Әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруіне бағытталған "Жүйелі отбасылық терапия" бағдарламасы. Ол 4 блоктан тұрады:

1-блок: Классикалық отбасылық психотерапияның теориясы және практикасы

• теориялық жүйе негіздері;

• құрылымдық терапия;

• стратегиялық терапия;

жүйелік терапияның Миландық мектебі.

2-блок: "Жүйелі отбасылық психотерапияның техникасы" атты видеотренинг

• Жүйелі отбасылық психотерапияның классиктерінің бейнебаяндарына анализ жасау;

• Тренингке қатысушы отбасыларға қолданған импровизвциялық әдістерді жазып отыру. Сол әдістерге анализ жасау.

3-блок: Генограмманы қолданып өзін-өзі танушылық тренинг ұйымдастыру

• тренингке қатысушы отбасының тарихына анализ жасау;

4-блок: Жүйелі отбасылық терапияның заманауи бағыттары

• жүйелік терапияның философиялық негіздері;

• трансгенерациондық психотерапия

• ерлі-зайыптылардың тиімді қарым-қатынастар тренингі (В.Сатир)

• нарративті психотерапия;

• шешімге бағытталған қысқа мерзімді терапия (BFST);

58. Қауып тобындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын құрастырыңыз.

Қауып тобындағы балаларға әлеуметтік-педагогиалық кеңес беру

Әлеуметтік педагогқа индивидуалды кеңес беру туралы ұсыныс отбасы жағынан (ата-анасы, жақын туыстары), сонымен қатар баладан (жасөспірімнен) да түсуі мүмкін. Мұндай ұсыныстармен жұмыс индивидуалды жағдайда кеңес беру арқылы қолдау көрсету ретінде қаралады.

Кеңес беру құрылымы екі түрлі жағдайда құрылады, яни ұсынысты кім бергеніне байланысты: баланың өзі және оның педагогы. Кеңес беру тек клиенттің келісімімен ғана жүзеге асатындықтан, үлкендер ұсыныс берген жағдайдағы баламен жұмыс жасөспірімде әлеуметтік педагогпен өзара іс-әрекетте мотивацияны қалыптастыру міндетті түрде болуы керек.

Қауып тобындағы балаларға кеңес беруде көбіне әңгімелесу терапиясының әдістері қолданылады, яғни әңгімелесу әдісі психологиялық денсаулықтың бұзылуын жоюда басты құрал болып табылады.