Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.68 Кб
Скачать

47. Кеңес берушілік әрекетті ұйымдастыру жоспарын құрастырыңыз (уақыттық, кеңістік және мазмұндық көрсеткіштері

Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары – ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.

Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.

Психолог – кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.

Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.

Уақыттық, мазмұндық көрсеткіштері.

Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:

- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толықжауапкершілікте болуы керек.

- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңгерлік негіздерге сүйенілуіі керек. - Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға және клиенттің интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге бағытталады.

- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиенттің жеке тұлғасын, құндылықтарын сыйлау арқылы жүзеге асырылады. Психолог-кеңес беруші адамгершілік құқықтарды сыйлауы керек.

- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық принциптерін басшылыққа алады. Сонымен қатар ол өзінің берген ұсыныстарында өте сақ болуы қажет.

Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:

1. Туындаған проблемада клиентке шұғыл көмек көрсету. Шұғыл көмек көрсетуде психолог тарапынан берілген кеңес оңтайлы шешімдерді үлестіру мақсатында болуы керек. Мысалы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы.

2. Белгілі бір жағдайда ғана берілетін психолог- консультанттың кеңесі.

3. Уақытша көмек көрсету ( яғни депрессиялық жағдайға түскен клиентпен жұмыс).

4. Егер, тіпті психологтың беретін нақты кеңесі болмайтын жағдайда, минимальды болса да (аз мөлшерде) көмектесу, кеңес беру.

Психолог-кеңес берушінің міндеті:

1. Клиенттің проблемасын анықтау, яғни клиентте туындаған мәселе қандай жағдайда екенінен құлағдар болу.

2. Клиентті өзіндегі пайда болған проблемаларымен құлақтандыру яғни, түсіндіру.

3. Психолог-кеңес беруші клиенттің өз проблемасын шеше алатынын немесе шеше алмайтынын анықтау.

4. Клиент проблемасының шешу жолдарын қарастыру.

5. Психолог-кеңес беруші элементарлы, өмірлік қажет кеңестерін беру. Психологиялық кеңес беру - адамға, яғни клиентке өзінің өмірлік қиындығына сырт көзбен қарауға, өзінің жағымсыз қылығы мен іс-әрекетін сырт көзбен көруге жағдай туғызады. Ол клиенттің жеке өмірін дұрыстауға, өзінше шешім қабылдауға, өз тағдырына жауап беретіндей сенімділік туғызады.

Кеңес беру психологиясы мынадай кезеңдерде жүргізіледі:

1. Дайындық кезең – бұл кезеңде психолог-консультанттын клиентпен танысуын, клиенті жайлы тіркеу журналына тіркелуі керек. Оның 20-30 минутқа созылуы шарт.

2. Қалыптастыру кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант жеке кездесіп, өзін клиентпен жұмыс істеуге қалыптастыруы керек және ол клиентке де қатысты. Бұл барлығы дайын болған жағдайда 5-7 минутті қажет етеді.

3. Диагностикалық кезең – бұл кезеңде психолог-консультант клиентті ұқыпты тыңдап, талдауын анықтап, проблемасын нақтылағаны жөн. Бұл кезеңнің жалпы мазмұны клиенттің өз проблемасын баяндауымен шектеледі және осыған байланысты кедергі келтіретін жайттар болмау керек, яғни бөлмеде психолог пен клиенттен өзге адамдардың болмауы, клиентке уақыт та жеткілікті болуы керек. Кейде кеңес беру психологиясының бұл кезеңі 4 сағаттан 6-8 сағатқа дейін созылуы қажет.

4. Кепілдемелік кезең – психолог консультант бұл кезеңде алдыңғы болған кезеңдердегі ақпаратты жүйелеп, тығырықтан шығу жолдарын клиентпен бірлесе отырып жасауы керек. Осы кезеңде ұысыныстар нақтыланады. Бұл кезең 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылады.

5. Бақылау кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант клиентпен бірлесе отырып болған жағдайларды талқылайды. Психолог-консультанттың кеңесі мен ұсыныстары қаншалықты жағдайда бағалы болғанын анықтайды. Осы кезден бастап психолог-консультанттың алдағы еңбектері сараланады, яғни қосымша сұрақтарға жауап бере алатынын көрсете алады.

Жалпы орта жағдайдағы психологиялық көмек 20-30 минутқа ғана созылмақ. Ал егер клиент жағдайы ауыр болатын болса, психологиялық тесттен бөлек 2-3 сағаттан 10-12 сағатқа созылады. Яғни, бұл барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша. Психологиялық кеңес беру процедуралары. Кеңес берудің жалпы процедураларының көмегімен психологиялық кеңес берудің тапсырмалары, мәселелері шешіледі. Осының бәрі кеңес беру психологиясы процедураларының нәтижесіне байланысты. Процедура негізгі нақты психологиялық кезеңдермен сабақтас. Осы кезеңдер арқылы оны бөліп қарастыруға болады. Кеңес беру псхологиясының бірінші кезеңінде қарастырғандай процедурада да нақты процедуралар қабылданбайды, жиі кезеңде процедура қабылданады. Кеңес беру жүреді, клиенттің эмоционалды қолайлылығы қалыптасады. Клиентпен кездесу процедурасы клиенттің психологпен кездесу алдындағы нақты бір іс-әрекет өзіне қосады. Бұл кезеңде психолог-консультанттың жағдай сұрауы және алғашқы кеңес беруі клиент үшін өте маңызды. Көптеген клиенттерде психолог-консультантқа келгенде психологиялық кедергі мен комплекс пайда болады. Ол психолог-консультантқа және басқа да адамдарға байланысты. Әсіресе, психологиялық кедергі мен комплекс танымайтын адамдарға байланысты пайда болады. Оған мысал ретінде психолог-консультантпен алғашқы кездесуін алуымызға болады. Осы бейтарап мүмкіндікке жағымсыз іс-әрекет комплексі және психологиялық кедергіні алу үшін арнайы процедура «Психологиялық кедергіні алу» қолданылады. Бұл процедураны қолдану барысында психолог-консультант клиентімен нақты бір іс-әрекеттерді қолдану арқылы клиентті тыныштандырып, қауіпсіз психологиялық күйге, өзінің сеніміне кіргізеді. Кеңес беру психологиясының үшінші кезеңінде эмпатикалық тыңдау процедурасы белсенді жұмыс жасайды. Эмпатикалық тыңдау тапсырмасы тереңірек.

Психолог-консультант клиентті эмоционалды жағынан түсініп әңгімелерін басынан-аяғына дейін қабылдауы тиіс. Клиенттің сөздеріне яғни жағдайына ойланып, қобалжып кетуге болмайды. Клиентті тыңдай отырып, психолог-консультант клиенттің бейнесіне, роліне еніп, ойланып, өзін психологиялық қалыпқа келтіреді, яғни психологиялық жағынан көмек беруге дайындалады. Кеңес беру психологиясының төртінші кезеңінде мынадай процедуралар қолданылады: анықтау, көзін жеткізу, детальдарды айқындау, нақтылау. Осы прцедураның барлығы практикалық ұсыныстар мен кеңестердің клиентке саналы әсер етуімен байланысты. Бұл процедуралардың мақсаты клиентке терең және толық түрде шешімдерін түсіну, яғни бұл жерде психолог-консультанттың тікелей қатысуымен байланысты. Ал кеңес беру психологиясының бесінші кезеңінде төртінші кезеңдегі процедуралар қолданылады. Бұл жерде нақты қолданылатын жағдай клиентке өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесу.

Кеңістіктік көрсеткіштері.

  1. Кеңес беретін бөлменің жабдықталуы: клиент пен кеңес берушіге ыңғайланып жасалған креслолар немесе столдар, айналатын журналдық столдар болуы тиіс.

  2. Егер клиент пен кеңес берушінің жүргізетін жұмысы аз уақыттық қана болса, онда креслолардың орнына столдар қоюға болады. Және кеңес берушілік іс барысында клиенттің бейвербалды қарым-қатынасын мұқият қадағалап отыру керек. Егер жұмыс ұзақ уақытқа созылатын болса, онда креслоларды қойған жөн. Жиһаздан бөлек, кеңес беру бөлмесінде аудио және видео техниканы да орнатып қоюға болады, бұл қандай да бір жазбаларды жазу тыңдау немесе көру кезінде керек болып қалуы мақсатында.

  3. Үстел үстінде қағаздар, көшірме техникалары, компьютер, т.б. заттар болуы керек. Клиенттің психологиялық тестінің нәтижесін талдау үшін калькулятор керек болып қалуы мүмкін.

  4. Клиенттің картотекасын және басқа адамдарға көрсетуге болмайтын құжаттарын сақтауға арналған сейф орнатылуы тиіс.