Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.68 Кб
Скачать

40. Кеңес берудегі эмпатия мен конгруэнттілікті орнату, сендіру, қатынастарды өзгерту тәсілдерінің ерекшеліктерін жүйелеңіз

Эмпатия, эмпатиялық контакт орнату, эмпатиялық тыңдау нәтижелі кеңес берудің негізі және кепілі.

Эмпатия – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі.

Эмпатияның циклдары:

Barrett-lemard – клиентпен кеңес берушінің арасындағы эмпатиялық қарым қатынас. Эмпатиялық назар аударудың циклдары:

  1. Алдын-ала шарттар. Терапевт клиентке деген қарым-қатынаста эмпатиялық қондырулары болса.

  2. Эмпатилық резонанс фазасы. Яғни кеңес беруші клиентпен бірге сезімдерді, образдарды, естеліктерді көре алу, тыңдай алу сезіне алу деп түсініледі. \

  3. Эмпатияны білдіру фазасы. Вербальді немесе вербальді емес эмпатиялық лебіз, бірақ бұл жерде эмоцияларды жеткізе алу маңызды.

  4. Эмпатияны алу фазасы. Бұл фаза клиентті салмақты қабылдауда жүзеге асады.

Эмпатии деңгейлері:

0 – деңгей. Клиентпен эмпатия орнатпау арқылы біз клиентке оның сезімдерін түсінбей отырған секілді сезім тудырамыз. Бұл:пікір, сын, ақыл-кеңес, комментарийлер, бұл эмпатиялық назар аудару емес.

  1. Деңгей. Кеңес беруші клиентке сезімталдық түсіністік танытады, бірақ кеңес беруші клиент айтқаннан бірнәрсені тыңдамай жіберіп алған секілді сезім болады.

  2. Деңгей . кеңес беруші түсінушілігін көрсетеді, және клиент ойларының сезімдерінің қабылдануы көрінеді.

  3. Деңгей. Клиентті кеңес беруші толықтай түсіну, яғни кеңес беруші жасырын сезімдерді түсінгенін көрсетеді.

Конгруэнттілік (латынша - өлщемдес, сәйкес, беттесуші) - қарапайым геометриялық кесінділердің, бұрыштардың, үшбұрыштардың, басқа да пішіндердің және денелердің пара-парлығын (эквиваленттілігін) өрнектеу үшін қолданылатын ғылыми атау. Конгруэнттілік ұғымы қарапайым геометрияның негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Мұның қасиеттері сәйкес аксиомамен - конгруэнттілік аксиомасымен сипатталады. Егер негізгі түсінік ретінде қозғалыс алынса, онда екі пішіннің( фигураның) біреуі қозғалыс арқылы екіншісіне ауыстырылатын болса, бұл пішіндерді конгруэнтты пішіндер дейді. Конгруэнттілік қатынас   белгісі арқылы өрнектеледі.

Кеңес берушілік қатынастың шынайлығы немес конгруэнттілік – терапевтикалық кеңстік орнатудың маңызды элементтерінің бірі. Шынайылықты үйрену мүмкін емес, бірақ кеңес беруші клиентпен қарым-қатынаста өзін олардың ішкі жан-дүниесіне көмектесуші деп қабылдауы керек, қауіп деп емес. К. Роджерстің пікрінше конгруэнттілік « тұлғааралық қатынаста кеңес беруші өз уайымдарын еркін жеткізеді... психотерапевтік контакт кезінде кеңес беруші өз-өзімен қалуы керек.

Шынайы кеңес беруші өзімен-өзі болады, маска киіп рөл ойнауға әрекет жасамайды. Ол қарым-қатынаста табиғы, себебі өзінің сезімдерімен жауаптарына адал шыншыл оларды клиентке жеткізгенде. Шынайылық сезімдерді жеткізудің және вербальді емес мінез-құлықтың сәйкестігін блжайды. Өз сезімдеріне, ойларына ашық және алаңдаушылық сезінбейтін кеңес беруші клиенттің жайлы күйіне жағдай туғызады.

Алайда кейбір мамандар шынайылық пен ашықтықты білдіруде табиғи шектеулерге назар аударады. Әңгіме кеңес берушінің клиент алдында қаншалықты деңгейде ашылуымен, өз сезімдерімен бөлісу дәрежесі деңгейі туралы.кеңес берушінің ашықтығының өз шегі бар: кеңес беруші өз проблемаларын клиентпен бөліспейді және шешпейді.