Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.68 Кб
Скачать

30.Мұғалімдерге кеңес беру формаларын негіздеңіз.

Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас мұғалімдерге, әсіресе бастауыш мектептің ұстаздарына кеңес: 1. Сабырлы, шыдамды, шыншыл болыңыз. Оқушының дұрыс орындамаған тапсырмаларына жүйкеңізді жұқартып, айқайлап, үстелді тарсылдатып, ашуланбаңыз. 2. Оқушының жүрегіндегіні сезіне біліңіз, сол кезде ғана ісіңіз жүзеге асады. Мысалы: кейбір бала мақтағанды ұнатса, кейбірі қаталдыққа үйренген. 3. Оқушының отбасымен хабардар болып, ата-анасымен байланыста болыңыз. Баласы жайлы мағлұмат алып отырыңыз. 4. Оқушының пікірін толық тыңдаңыз. Сұрағына нақты жауап беріңіз. Себебі бастауыш сынып оқушылары әр нәрсеге құмартып, сұрақ қойғыш болады. 5. Логикалық тапсырмалар мен сергіту сәтіне көп мән беріңіз. Қазіргі кездегі логикалық кітаптарды дұрыс таңдай біліңіз. 6. Өзі ұнататын нәрсемен көбірек шұғылдануына мүмкіндік беріңіз. Мысалы: сурет салуды ұнатса, оған тақырып қоюды, не туралы салғанын әңгімелеп беруін өтініңіз.  7. Оқушының қасында отырған бала да көп әсер етеді. Мысалы: тез қимылдайтын, жүйрік оқушының қасына ұяң баланы жайғастырыңыз. 8. Тәрбие сағатында тәрбиелік мәні бар тақырыптарды көп таңдаңыз. 9. Оқушының шығармашылық немесе дамыта оқыту жұмыстарымен шұғылданғанда сатылап бастау керек.  Мысалы: жүргізіп оқи алмайтын балаға 1) бір буынды сөз жазу, оқыту. 2) Екі буынды сөз жазу, оқу. 3) Сөйлемді көшіру. т.с.с. 10. Оқушылардың басылымдарға жазылуы мен кітапханаға баруға әдеттендіріңіз.

Мұғалімдеге кеңес берудің екінші формасы: 

Біріншіден, мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорай алады.

Екіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.

Әр мұғалімнің педагогикалық басты заңдылық. «Адам өзінің шаруашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқып, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандарты оқулықтарды пайдалану, ақпараттарды көбейту, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысының өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан- жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып,ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқтасақ, әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет – ақ. Сонда ғана ұстаз ұлағатты атқа лайық бола аламыз.

Жас мұғалімдерге кеңес беру үлгісі:

1. Кабинетке қоңырау соғылғанша дейін кіріңіз.Сабаққа дайындықтарын тексеріңіз.(тақтаның тазалығы, көрнекі құралдардың бар болуы т.с.с.) Сыныпқа соңғы болып кіріңіз.Оқушылардың барлығы бірдей амандасулары керек.Сыныпқа кірген кезде, әсіресе тәртіпсіз балаларға көз салыңыз.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырыңыз. 

2. Сынып журналдағы пәніңіздің бетін алдын-ала үзілісте дайындап алыңыз.

3. Сабаққа жігермен кірісіңіз.Әр оқушы бос отырмай, іспен айналысу керектігін ұмытпаңыз.      

4. Материалдың қызықты мазмұны, қиын жағдаятты тудыру арқылы оқушыларды сабаққа тартыңыз.Сабақ шапшаңдығын бақылауда ұстаңыз. Өз күштерін тексеру үшін әлсіз оқушыларға көмек көрсетіңіз.Басқа іспен айналысып, сабақты бұзатын оқушыларды бақылап отырыңыз.

5. Басқа іспен айналысатын оқушыларға жиі сұрақтар қойыңыз. 6. Одан да жоғары баға алу үшін оқушыға нені қайталау керектігін айтыңыз. 7. Сабақты сыныптың жалпы бағасы және жеке оқушының бағасымен аяқтаңыз.Өздері жасаған еңбек нәтижелеріне қанағат етсін.Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстарында оң жағын атап көрсетуге ұмытпаңыз, бірақ жиі қайталамаңыз.           8.Сабақ қоңырау соғылған уақытта аяқталуы тиіс.Кезекші міндеттері жайлы жиі айтыңыз. 9.Артық ескертулер жасаудың қажеті жоқ.           10. Басқа біреудің көмегіне жүгінбей, тәртіпсіз оқушылармен өзіңіз жұмыс жасауға тырысыңыз.  Есте сақтаңыз: біреудің көмегіне жүгінсеңіз,өз беделіңізден айырылып, сізге кері әсері тигізуі мүмкін.Одан да сыныптан көмек сұраңыз.  

31.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі психоаналитикалық тұжырымның негіздерін жүйелеңіз. .

Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техниканы қолдану:З.Фрейд классикалық психоанализі.(1856-1939).З.Фрейдтің аты Блейрмен бірге 1895 жылы «Исследование истерии» атты кітабын шығарған кезде атақты болды.Ол 3 компонент көрсетті.

1.Ид(лат.тілі «оно»)-тұлғаның тума ,инстинкті аспектілері.Әдетте:эрос(өмірге ,сексуалдықанағаттануға ұмтылыс )және тонатос (агрессияға,өлімге ,сөнуге ұмтылыс)Ежелгі Грецияда эрос –махббат деген мағынада.Ал Платон бойынша эрос-эстетикалық сезім,мейірімділік,әдемілік болса,танатос-өлім құдайы.

2.Эго (лат.тілі «мен»)-шешім қабылдауға жауап беретін психикалық аппараттың бөлігі.ол идтің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады.

3 .Суперэго (лат.тілі «жоғарғы-мен»)-әлеуметтік,қоғамда қалыптасқан ереже нормаларды сақтау.

З.Фрейд сол сияқты «либидо»яғни ұмтылыс,ұғымын еңгізді.

З.Фрейдтің тұлғаныңтопографиялық моделі:

1.Бейсана-ид пен оған қысым көрсететін суперэго бейсаналықтағы орны.

2.Сана алды-әдетте білінбейтін ,бірақ белгілі бір жағдайдың болуында сезіледі .Бұнда эго мен суперэго қатысты.

3.сана-Қоршаған ортамен байланыс . Эго мен суперэго қатысты.

З.Фрейд бойынша психоанализде теорияның мақсаты:

«Идболған жерде,эго болады.»яғни бейсаналы деңгейде болатын психикалы процесс.Адам негізі шындықпен келісу керек.

З.Фрейд «сублимация »туралы жазған.ол қорғаныс механизмі.(өзіндегі жағымсыз ,қажетсіз инстинктивті импульстерден қорғану.)

Классикалық психоанализ әдістері:

1.Емін-еркін ассоциациялар-Клиент емін-еркін болып, ойындағы түрлі көріністерді дауыстап айту.

2.Қарсыласуды интерпритатциялау-Клиент бейсана деңгейінде конфликтілерге,импульстерге қарсыласу мүмкін.

3.Түстерді анализдеу- Фрейд бойынша көрінбейтін құштарлық. «бейсаналыққа хандық жол»

4.Трансфер анализі-орын басу.Мысалы махаббат сезімі кейін зұлымдық сезіміне ауысуы.

5.Эмоционалды қайта оқу-соңғы этаптарда клиентті мадақтау.

6.Интерпритатция-клиентке оның белгісіз нәрселерін түсіндіру.

Интерпритатцияның негізгі ережелері:

1.Тереңге бату

2.Клиент қабылдауға дайындығын интерпритатциялау.

3.Клиентке қорғаныс механизмдерін көрсету.