Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.68 Кб
Скачать

29.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру барысында кәсіби қайшылықтарды шешу жолдарын айқындаңыз.

Әлеуметтік педагог мамандардың кеңес беру барысында кәсіби бейімделу процесі ішкі және сыртқы қайшылықтармен сипатгалады. Кәсіптік бейімделу процесі барысында туындайтын ішкі қайшылықтар:

- Әлеуметтік педагогтің кеңес беруде өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, білік-дағдыларының жоқтыгынан;

- Жалпы теориялық білімін практикалық қызметінде қолдана алмауынан;

-Әлеуметтік педагогтің өзін-өзі таныту қажетгілігі мен оның коммуникативті мүмкіндігінің сәйкессізідігінен.

Әлеуметтік педагогтің кәсіби бейімделу процесінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтары:

- Әлеуметтік педагогтардың өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті олардың жаңа әлеуметтік жағдайы, педагогикалық клиент пен оның құндылық бағдарлары ұсынатын нақтылы мүмкіндіктер арасында;

- Әлеуметтік педагогтің талап-тілектері және клиентпен тұлғааралық қарым-қатынастар құрылымындағы нақтылы алатын орны арасында;

- Кеңес беру барысында қойылатын нақтылы талап-тілектері мен клиенттен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық ұмтылысы арасында;

- қарым-қатынас тәжірибесінің жеткіліксіздігінен және алғашқы жылдарда қоғамдық - педагогикалық қызметінің көп салалығына байланысты да туындайды. Бұл қайшылықтарды шешудің жолдарын ұсына отырып (мысалы,жоғары оқу орнының оқу -тәрбие процесінің кәсіби - педагогикалық бағытын күшейту, әлеуметтік-педагогикалық ұжымның ролін арттыру т.б), олардың әрқайсысын тұлғалық ерекшелігімен немесе белгілі бір топпен байланыстыра қарау керек.

Туындаған қайшылықтарды жеңу үшін әлеуметтік педагогтар алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске ынта-құлшыныспен қарауы өте маңызды.

Әлеуметтік педагогтің кәсіби қалыптасуының талдауын қарастыра келе, бұл процестің негізгі кезеңдерін көрсетуге болады:

1. Кәсіби өзін-өзі анықтау-мамандық таңдауға және мамандық әлеміне индивидтің таңдаулы қатынасы.

2. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзегі әлеуметтік-экономикалық шарттар мен кәсіби іс-әрекеттің талаптарын, мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып мамандық таңдау болып табылады.

3. Кәсіби өзін-өзі анықтау барлық кәсіби өмір ағымында кездеседі: жеке бастың мамандығына деген пікірі, кәсіби болмысы жайында ой қорытындысын жасайды.

4. Жеке бастың кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзектілігі жалпы білім беретін мектепті аяқтау, кәсіби мекемеде оқып бітіру, біліктілігін жоғарылату, тұратын жерін ауыстыру, жұмыстан шығу т.б. сияқты оқиғалармен байланысты болады.

5.Кәсіби өзін-өзі анықтау жеке бастың әлеуметтік-психологиялық жағдайының оның өзіндік өзектілігі мен өзіндік таратудағы қажеттілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады.

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесінде бір-бірімен тығыз байланысты 3 кезеңді көрсетуге болады:

- өзін-өзі тану.

- өзін-өзі бағдарламалау.

- өз-өзіне әсер беру.