Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.68 Кб
Скачать
  1. Кеңес беруді педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретінде түсіндіріңіз.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын  әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.

XX ғасырдың соңғы онжылдығында елімізде болған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты білім беру саласы мамандарынан тек әлеуметтік тәрбие мен оны жүзеге асыру технологияларына байланысты жұмыстар емес, сондай-ақ отбасы мен балаларды әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсету, қорғау шараларын ұйымдастыру керек болды. Осыған орай білім беру саласында әлеуметтік педагогтың жаңа қызмет саласы «әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру» пайда болды.

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беруді үш тұрғыда қарастырамыз:

  1. Ә.п ғылым ретінде

  2. Ә.п білім беру кешені ретінде

  3. Ә.п тәжірибе ретінде

1.Ә.п ғылым ретінде қарастырылған кездегі функциялары келесідей:

  1. Сипаттайды(описание)

  2. Түсіндіретін

  3. Болжамдайтын

  4. Диагностикалық

  5. Аналитикалық

  6. Интеграциялық

Ғылым ретіндегі ерекшелігі:

  1. Категориялары

  2. Заңдары

  3. Заңдылықтары

  4. Теориялары болады.

Нысаны: Ә.п іс-әрекеттің субъектілері мен институттарының баланың толық қамтамасыз етуілуіне бағытталған әрекеттер жиынтығы, яғни әлеуметтенуі.

Пәні: әлеуметтену процесіндегі заңдылықтар, қарама-қайшылықтар, әдіс-тәсілдер.

Мақсаты: білім беру үрдісі мен тәжірибесін жақсарту.

  1. Ә.П білім беру кешені ретінде

Әлеуметтік салада жұмыс жасаушылардың ғылыми-білім берушілік іс-әрекеті сипатталады.

Нысаны: Ә.п ерекшеліктері туралы айқын ғылыми –импирикалық білімдер жиынтығы.

Пәні: Ә.педагогтарды даярлау үрдісі

Мақсаты: даярлау сапасын қамтамасыз ету

Функциялары:

  • Білімдер жүйесін қалыптастыру

  • Дағды мен біліктер жүйесін қалыптастыру

  • Кәсіби мәнді біліктер қалыптастыру

  • Эмоциялық құнды қатынастар қалыптастыру

  • Өз бетінше білім алу, жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру және т.б.

  1. Ә.П тәжірибе ретінде

Ә.п саласындағы тәжірибелік іс-әрекет.

Нысаны: жалпы адамның әлеуметтік ортамен байланысы.

Пәні: адам әлеуметтенуінің тиімді жағдайын туғызу іс-әрекеті.

Мақсаты: әлеуметтенуді қамтамасыз ету.

Функциялары: диагностика; прогностика; білім беруші; коррекция; бейімдеушіліік; бақылаушылық; реабелитациялық; профилактикалық.

Кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қызметтің кәсіби бір бөлігі, формасы болып табылады. Яғни кеңес беру барысында кеңес беруші маман клиентке кәсіби тұрғыда әлеуметтік, педагогикалық көмек көрсетеді, әлеуметтік-педагогикалық білім негізін үйрете отырып туындаған қандай да бір мәселені шешуге бағыт көрсетеді. Әлеуметтік-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары Л.Я. Олиференко, Т.И. Шульга, И.Ф. Дементьева бойынша келесідей: баланың психологиялық даму мәселелері; жасөспірім-балалардың жеке тұлғалық мәселелері; отбасы мен неке мәселелері; мектептік кеңес беру; кәсіби кеңес беру және т.б. Аталған мәселелерді шеше отырып кеңес беру барысында педагогикалық білімдендіру әрекет жүзеге асады.

Кеңес беру түрлі мәселелер бойынша жүргізіледі, яғни кеңес беру санқырлы. Кеңес беру кіші жастағы балалардан басталып ересектерге дейін жалғасады. Мұнда кеңес беруге жүгінуде әрбір клиенттің өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай кеңес беру үрдісі түрлі сипатта, бағытта, түрлі тәсілдер қолдану арқылы жүргізіледі. Кеңес берушінің тәжірибелелігі мен кәсіби біліктілігі оның кез келген мәселеде орынды шешім тауып, клиентке дұрыс бағыт көрсетуіне мол септігін тигізеді.

Кеңес берудегі негізгі мәселелердің бірі педагогикалық білім беру, клиентті педагогикалық тұрғыда кәсіби түрде білімдендіру. Туындаған мәселе шешімі жағдайларға байланысты педагогикалық білім беруді, клиентке түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етуі мүмкін. Педагогикалық білімдендіру кеңес беру ісін шартты түрде тиімді етуі мүмкін. Сондықтан, кеңес беруді педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретінде қарастыру орынды болып табылады. Осы тұста атап кетер жайт, кеңес беру объектілер. Кеңес беру объектісінің педагогикалық білім деңгейі төмен болуы мүмкін (мысалы, ол кіші жастағы бала; педагогика саласына қатысы жоқ, педагогика мәселелерінен мүлдем бейхабар ата-ана болуы мүмкін ). Әрине, бұл жағдайда кеңес беру тиімділігін арттыруда педагогикалық білім берудің маңызы зор болады. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің психологиялық кеңес беруден ерекшеліктерінің бірі – педагогикалық білімдендіру әрекетінде болып табылады.

Қазіргі таңда әлеуметтік-педагогтың аса зор маңызға ие негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын формасы - кеңес беру. Қоғамдық қатынастар, адамдардың жеке тұлғалық мәселелері, мінез-құлық ауытқулары, қарым-қатынастар жүйесіндегі мәселелерді шешуде кеңес беруші көмегі өте қажет. Және осы мәселелерді шешуде педагогикалық білім жүйесі қолданылуы кеңес берудің педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретіндегі рөлін түсіндіреді.

2.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет жүйесіндегі орнын негіздеңіз.

XX ғасырдың соңғы онжылдығында елімізде болған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты білім беру саласы мамандарынан тек әлеуметтік тәрбие мен оны жүзеге асыру технологияларына байланысты жұмыстар емес, сондай-ақ отбасы мен балаларды әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсету, қорғау шараларын ұйымдастыру керек болды. Осыған орай білім беру саласында әлеуметтік педагогтың жаңа қызмет саласы «әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру» пайда болды.

Әлеуметтік-педагогтың диагностикалық, коррекциялық, профилактикалық, реабелитациялық қызмет түрлерімен бірге кеңес берушілік қызметі де әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуде маңызды болып табылады.

Ә.п іс-әрекет – арнайы ұйымдастырылған баланың әлеуметтенуін қамтамасыз ететін әрекет. Әлеуметтік мәдени тәжірибені игеру және қоғамда өзіндік орнын табуға бағытталған әрекеттің бір түрі.

Ә.п іс-әрекеттің негізгі бағыттары:

  • Балалардың негізгі әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, дезадаптацияның алдыналу;

  • Мінез-құлығында ауытқулары бар балаларды әлеуметтік реабелитациялау.

Ә.п іс-әрекеттің түрлері:

  1. Білім беру мекемелерінде;

  2. Қоғамдық ұйымдарда;

  3. Шығармашылық, бос уақыттарды ұйымдастыру орындары;

  4. Конфесция орындары (діни лицейлер)

Ә.п іс-әрекет қызметі:

Тәрбиелеу; диагностикалау; болжамдау; прогностикалық; ұйымдастырушылық; әлеуметтік терапиялық; қорғаушылық; коммуникативті.

Ә.п іс-әрекетті зерттеп қарастырған ғалымдар – Мардахаев, Мудрик, Пипский, Никончук.

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет барысында адамдардың тікелей әлеуметпен байланысты туындаған мәселелері төңірегінде педагогикамен байланыстырыла отырып жұмыс істелінеді. Ал әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру кезінде туындған осындай әлеуметтік-педагогикалық мәселелерге байланысты клиентке кеңес беріледі; мәселе жайлы ақпараттандыру, яғни педагогикалық тұрғыда білімдендіру; мәселені шешуде альтернативті ұсыныстары жасалады. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді жүргізу мәселелері түрліше болады: жұмыс орнындағы мәселелер (жұмыс жағдайына қанағаттанбау, жұмыстың қызтырмаушылығы, жұмыс басшылығымен жіне әріптестермен кикілжіңдер, жұмыстан шығу қауіпі), отбасы мәселелері, жек тұлғалық мәселелер, мектептегі бала мәселелері, жеке тұлғаның өзіне деген сенімсіздігі және өзін бағалауының төмендігі, белгілі бір мәселелерді шешу кезінде өз шешіміне сенімсіздік, қарым-қатынас мәселелер, және т.б. Аталған мәселелер әлеуметтік-педагогикалық сипатта және ол әлеуметтік-педагогтың қатысы арқылы шешімін тауып, әлеуметтік-педагог тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл тұстағы кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады.

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:

  • Адамға өз көзқарасы бойынша әрекет етіп, таңдау жасауға көмектеседі;

  • Жаңа мінез-құлық пен өзін ұстауға үйретеді;

  • Тұлғаның дамуына жағдай тудырады;

  • Кеңес беру кезінде клиен жауапкершілігін арттыруға бағыт жасалады, яғни кеңес беруші тек клиентке мәселені шешудің жолын көрсетеді, оны бағдарлайды ал нағыз шешімді тек клиент жасайды және ол өз ісіне жауапкершілікті сезінеді.

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру белгілі бір мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, кеңес беру мақсаты нақты белгіленбеген, ол клиент келіп отырған мәселелеріне байланысты өзгеріп отырады. George и Cristianiкеңес берудің бірқатар мақсаттарын атап көрсетті:

  • Клиенттің әлеуметтік шектеулеріне қарамастан оның өнімді өмір сүруі мен өмірлік қанағаттанушылыған қамтамасыз ететіндей клиенттің мінез-құлық өзгерістерін туындату.

  • Өмірлік жаңа қиындықтарға тап болуы кезінде оларды жеңе алатындай клиенттің дағдыларын дамыту;

  • Аса маңызды шешімдер қабылдай алуға, оларға жауапкершілікті болуға үйрету.

  • Қарым-қатынас орнату мен ұстану қабілеттілігін дамыту. Қарым-қатынас адам өмірінің ажырамас маңызды бөлігі, осыған байланысты адамда түрлі мәселелер қарым-қатынас байланысты туындайды.

  • Тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыру мен потенциалын жоғарылатуды дамыту қажет. Blocher (1966) пікірінше, кеңес беруде клиенттің еркіндікке қол жеткізуіне ұмтылу керек, сондай-ақ, клиенттің өзін және айналасын қадағалау қабілетін дамыту керек.

3.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің субъектілерін айқындаңыз.

Арнайы кәсіби кеңес берушілік қызметпен айналысатын маман – кеңес беруші. Яғни, әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің субъектісі (S)– кеңес беруші. Кәсіби кеңес беруді кеңес берушілер, психологтар, әлеуметтік-педагогтар, арнайы дайындықтан өткен педагогтар немесе дәрігерлер жүргізе алады.

Ал объектісі(О) – белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық сипатты мәселелері бар адамдар, ол оқушы, жеке тұлға, отбасы, жұмыскер, мұғалім, ата-ана, топ болуы мүмкін.

Кеңес беру үрдісінің негізгі құрауышы - кеңес беруші тұлғасы болып табылады. Кеңес беру үрдісінің тиімділігі, оң әсерлі болуы көп жағдайда кеңес беруші тұлғасына байланысты. Кеңес берушінің өз қызметі туралы толыққанды түсінігінің болуы, оның жұмысы қандай мақсатқа бағытталғанын білуі, кеңес берушіге қойылатын талаптарға жауап беруі кеңес беру үрдісін оңтайландырады.

С. Wrenn (1965) кеңес берушінің маңызды рөлдік қызметтерін жүйеледі, олар:

- клиентпен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату;

- клиенттің өмірлік жағдайына «кірігу»;

- клиент үшін қолайлы психологиялық орта құру;

- Кеңес беру үрдісін үнемі жетілдіріп отыру.

А.Storr (1980) кеңес беруші мамандығын ерекше мамандық деп санайды. Себебі, кеңес берушілер күні бойы өзге адамдардың өмірі мен қиындықтары туралы тыңдауға тиіс, ал басқа адамдардың осылай бөтен адамдарды тыңдап отырғанын елестету қиын.

Кеңес беру кезінде кеңес беруші позициялары мынадай болады:

  1. Нейтралды кеңес беруші

  2. Программист кеңес беруші (нұсқаулар ұсынады)

  3. Тыңдаушы кеңес беруші

  4. Айна

  5. Катализатор (проблеманы шешуге ұмтылады)

Қиын клиенттермен жұмыс істеу кезіндегі кеңес беруші стратегиялары:

  1. Контур-парадокс (клиент күтпеген нәрсені айту немесе жасау, яғни клиенттің дұрыс емес айтып отырғанын біле тұрып онымен келісу, оның іс-әрекетін қолдау )

  2. Экстрополяция (келісу)

  3. Ашық және сарапталмаған сұрақтар(тергеу)

  4. Угурация (ммм, мхм)

  5. Түйіндеме жасау (клиент ойын қорытындылау)

  6. Банальность (қалыпты диалогтар қолдану)

4.Кеңес берушінің кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптарды негіздеңіз.

Кеңес берушінің тұлғасы, оған қойылатын талаптар жайлы көптеген еңбектерде қарастырылған, бұл мәселе төңірегінде ғалымдар тобы зерттеулер жүргізіп өткен. Әр зерттеуде кеңес берушіге түрліше сипаттама беріледі, талап қойылады. Мысалы, белгілі ағылшын психоаналитигі М. Balint 1957 жылы «психотерапия – бұл теориялық білім емес, тұлғаның дағдысы, машығы» деп көрсетеді. Ғалымды мақұлдай отырып С. Rogers (1961) кеңес берушінің өз рөлін орындауы кеңес берушінің теориясы мен әдістемелерінен маңызды деп көрсетеді. S. Freud кеңес беруші жұмысының нәтижелі болуы үшін кеңес беруші байқампаздық танытып және клиенттің жан дүниесіне кіре білсе болды деп атап көрсетеді.

Кеңес берушінің тұлғалық қасиеттеріне байланысты зерттеулер көп болғанына қарамастан, нақты жүйе жоқ. Кеңес беруші тұлғасын сипаттау кезінде негізінен тұрмыстық кұнделікті сөз тіркестері қолданылады: «ашық», «жылышырайлы», «ақкөңіл», «төзімді», «байқампаз» деген сияқты. АҚШ-тың кәсіби ориентациялық ұлттық ассоциациясы кеңес берушінің келесідей тұлғалық қасиеттерін бөліп көрсетеді(George, Cristiani, 1990):

  • Адамдарға терең қызығушылық және олармен қарым-қатынас кезінде төзімділік таныту. М. Buber (1961) бұл факторды адамдар болмысына қызығушылық деп сипаттады.

  • Өзге адамдардың мінез-құлықтары мен қағидаларына сезімталдық.

  • Эмоционалдық тұрақтылық және объективтілік.

  • Өзге адамдар тарапынан сенімге ие бола алу қабілеті.

  • Өзге адамдар құқықтарын құрметтеу.

1964 жылы АҚШ-тың кеңес берушілерді даярлау және қадағалау Комитеті кеңес берушілерге қажетті 6 келесідей қасиеттерді белгіледі:

  • Адамдарға сенім;

  • Өзгелердің құндылықтарын құрметтеу;

  • Алғырлық, зеректік;

  • Алдын ала көндірудің болмауы;

  • Өзін түсінушілік;

  • Кәсіби борышын санала түсіну.

L. Wolberg (1954) келесі ерекшеліктерге мән береді: сезгіштік, объективтілік, икемділік, эмпатию және өзінің күрделі мәселелерінің болмауы. Кеңес беруші үшін аса жағымсыз сипаттамалар: өктемшілдік, пассивтілік және тәуелділік, тұйықтылық, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін клиенттерді пайдалануға ұмтылу, клиенттің түрлі қозуларына төзімді бола алмау.

A. Gombs өз зерттеулерінде алғабасушы кеңес берушілер клиенттерін өз бетінше шешім қабылдай алатын және өз шешіміне жауапты қарай алатын адам ретінде қабылдайтындығын көрстекен.

Н. Strupp кеңес берушілерді клиенттер тұрғысынан зерртей келе «жақсы кеңес берушілердің» қасиеттерін бөліп көрсетеді: ұқыптылық, тыңдай білу қасиеті, жылылық, жүрекпен қабылдау, достық кеңес берудегі білгірлік, тәжірибелілік.

A. Storr (1980) пікірінше,идеал кеңес беруші сүйкімді адам бола алатын; өзгелердің сезімдеріне ашық; әр түрлі адамдармен бірдейлене алатын, теңестіріле алатын адам; жылы, бірақ кез келген жайтқа көңілін босатып, өзін ұстай алмайтын емес; өз дегенін жасмайтын, бірақ өз ойы бар және соны қорғай алатын; өз клиенттері жақсылығына қызмет ете алатын адам.

К. Schneider (1992) кеңес берушінің кәсіби 3 постулатын бөледі:

  1. Жеке тұлғалық жетілу(зрелость). Кеңес беруші өзінің өмірлік мәселелерін сәтті шешкен, ол ашық, төзімді, өзіне қатысты шынайы.

  2. Әлеуметтік жетілуі. Кеңес беруші өзге адамдарға көмектесуге қабілетті, олардың мәселелерін тиімді шеше алады, өзге клиенттерге қатысты ашық, төзімді, шынайы.

  3. Кенес беруші жетілгендігі. Бұл қалып, жағдай емес үрдіс болып табылады. Үнемі және барлық жерде кемелденген болу мүмкін емес, ол үрдіс барысында қалыптасады.

5.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі бихевиоралды бағытты түсіндіріңіз.

А.Лазарус қазіргі бихевиоралды психотерапияның және психологиялық кеңес берудің көрнекті өкілі.Бихевиоралды бағыттың негізгі мақсаттары.

1. Әрекет-қылықтық реакциялардағы дефицитті жою.

2. Бейімделген әрекет-қылықты күшейту.

3. Адекватты емес әрекет-қылықты жою.

4. Қобалжушылық реакцияларды жою.

5. Босаңсуға деген қабілеттілікті жоғарлату.

6. Өзін-өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

7. Өзін-өзін реттей алу қабілетін дамыту.

Бихевиоралды бағыт. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше адамға әлеуметтік орта «үздіксіз» әсер етеді.

Психологиялық кеңес беру әрекет-қылыққа баға беруден немесе клиенттің проблемалық жерлеріне анализ жасаудан басталады. Үш типті реакциялар тіркелген:

  1. Өткен шақтағы жағдаяттық стимул (С). Мысалы: «Кеше сағат 15.30 да маған 15 бірге жұмыс жасайтын адамдарға өзімнің жұмысымды көрсету керек еді».

  2. Ауыспалы реакциялар (Р). Мысалы: «Қобалжып тұрып, тез сөйледім».

  3. Нәтижелер немесе нәтиженің ауыспалылығы (П). Мысалы: «Аудитория қызығып отырғандай көрінді. Бастық мені құттықтап, менің әрекетімді қолдады».

Жоғарыда көрсетілген реакциялар бойынша мәлімет жипауды СРП-анализ деп атайды. Кейде бұл көрсеткіштер әрекет-қылық мониторингінің күнделігі ретінде тіркеледі:

Стимул

Реакция

Нәтижелер

Ақпараттарды жинауда «Неге?» деген сұраққа басталатын сұраулы сөйлем тасталып кетеді, тек «Қалай?», «Қашан?», «Қайда?», «Не?» деген сөздерге басталатын сұрақтар қойылады.

Ақпарат мынандай жолмен жиналады:

  • интервью арқылы;

  • медециналық зерттеу арқылы;

  • алдында өткізілген психологиялық бақылаулардың отчеттерінен;

  • сұрақшалардан;

  • өзін-өзі бақылау мен арнайы күнделіктердегі кестелерді толтырулардан;

  • табиғи жағдайдағы тікелей бақылау арқылы;

  • табиғи жағдайдағы жанама бақылау арқылы;

  • моделдеуге келетін жағдайда тікелей бақылау арқылы;

Ақпарат пен мәлімет жинақталған соң, кеңес берудің мақсаты анықталады. Мақсаттарды нақты анықтап алу керек, соның негізінде кеңес беруші мен клиент өзгерістерді жеңіл бағалай алады. Жұмыс көбінесе ең негізгі әрі маңызды проблемадан басталады.

6. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі гуманистік бағытты түсіндіріңіз.

Гуманизмге бағдарланған кеңес беру - практикалық психологияда тұлғалық қиыншылықтарға деген психоаналитикалық, бихевиористік және когнитивті тәсілдердің жиынтығына жауап ретінде пайда болды.

Берілген тәсілдің негізгі критерийлері:

1)Жеке тұлға табиғаты кез келген тәрбиелік орта арқылы берілген бір нәрсе емес, ол – ішкі таңдау негізіндегі еркін дамудың ашық мүмкіндігі болып табылады.

2)Әрбір адам – қайталанбас тұлға, сондықтан да жеке тұлғаны статистикалық зерттеу нәтижесіне кіргізуге болмайды. Алайда бөлек жағдайларды талдау маңызды роль атқарады.

3)Адамды өзінің құндылықтарының арқасында сыртқы детерминизмнен белгілі біреркін деңгейі бар.

4)Жануарлар әрекет-қылығы мен адам әрекет-қылығы арасындағы ұқсастық жалған.

5)Адам табиғатынан толыққанды болып келеді.

6)Адам өз табиғатының бір бөлігі болып табылатын үздіксіз даму мен өзін-өзі шыңдауға деген күшке бөленген.

Берілген бағыттың неғұрлым белгілі тәсілдеріне жататындар:

1)И.Ялом мен Р. Мэйдің экзистенционалды тәсілі

2) В.Франклдың логотерапиясы

3) К.Роджерс – клинетке орталықтанған тәсілдің авторы.Қолданылатын тәсілдер:

1)Вербализация – айқын сөздерді қайталау

2)Үндемеу – клиентті қабылдауда ол сезетіндей үн қатпау

3)Эмоцияларды акценттеу.

К.Роджерс бойынша кеңес беру шарты:

1)Кеңес беруші өз тәжірибелеріне байланысты конгурентті болады

2)Кеңес беруші клиентке жағымды бағаны сезіндіруі керек

3)Кеңес беруші клиентті эмпатиялық жиі қолданылатын тәсілдер пайдалануы керек.

7. Кеңес беруші мен клиенттін арақытынас ұстанымдарын сипаттап негіздеңіз.

И.В.Цзен,Ю.В.Пахалов т.б. ғалымдар клиент пен кеңес беруші қатынасы ерекшеліктерін анықтауға негіз болатын төрт ұстанымды атап көрсеткен:

- теңдік;

- серіктестік;

- жоғарыдан төменге қарай;

-төменнен жоғарыға.

Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады.Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып теңдік ұстанымымен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады,бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы рөл кеңес берушіге жүктеледі.

Кеңес беру процессінде теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінеді.Кеңес беруші клиентті әріптесі ретінде бағалап,оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады.Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық,білгірлік көрсетпейді.Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін,қаншалықты берік ұстанымда болғанын ,олардың білімінің,іскерлігінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қоятынын көрсетеді.

Кеңес беру барысында клиент пен кеңес берушінің негізгі арақатынас ұстанымдары:

тілектестік. Клиентке мейірімділікпен қарап, жақсы көңіл-күймен қарсы алу.

Екі жақта бір-біріне дөрекі сөздер айтудан қажуы керек.

Әңгіме барысында клиент пен кеңес берушінің заңдық шеңберден аспауы керек.

Кеңес беруші мен клиент бірлесе жұмыс жасауы керек. Бірлесе қабылдаған шешімдері басқа адамға зиянын тигізбеуі керек.

Кеңес беруші мен клиенттің арақатынасындағы дистонция сақталуы маңызды. Кеңес алу барыснда клиентпен кеңес беруші орны ауысып кетпеуін қадағалау керек.

Клиентке сенім білдіріп, оның проблемаларын өзін жеңе алатынына сендіру.

Клиент пен кеңес берушы қарым-қатынасы этикалық ұстанымдарға негізделіп жүргізіледі.

8. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің құрылымы мен түрлерін негіздеңіз.

Кеңес беру түрлері: