Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс 15 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.36 Кб
Скачать

Банкроттықтың ішкі және сыртқы факторлары.

Сыртқы факторлар.Оған жататындар

1) Экономикалық факторлар: ел экономикасының дағдарысты жағдайы, өндірістің жалпы төмендеуі,инфляция,қаржы жүйесінің тұрақсыздығы,ресурстарға бағаның өсуі,нарық конъюнктурасының өзгеруі,әріптестердің төлем қабілетсіздігі және банкроттығы т.б.

2) Саяси факторлар: қоғамдағы саяси тұрақсыздық, мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты; экономикалық байланыстардың үзілуі; экспорт мен импорт шарттарының өзгеруі, заңнаманың жетілмеуі.

3) Халықаралық бәсекенің күшеюі және иртеграциялық үдерістер жағдайындағы мемлекеттік саясаттың ықпалы.

4) Демографиялық факторлар: халықтың саны, құрамы, халықтың төлем қабілетті сұранысы мен қажеттілігінің құрылымы және мөлшері.

Ішкі факторлар: Оған жататындар:

1) Меншікті айналым капиталының тапшылығы және соның салдарынан тиімсіз өндірістік-коммерциялық қызметтің немесе тиімсіз инвестицялық саясаттың жүргізілуі;

2) Техникалар мен технологиялардың жне өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі;

3) Дайын өнімнің, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің нормадан тыс жинақталуы және осыған байланысты капиталдың айналымдылығының төмендеуі;

4)кәсіпорынның жауапсыз клиенттерінің ұлғаюы, яғни төлемдері кешіктіріп жасауы немесе банкроттық себебемін мүлде төлемеуі;

5)тиімсіз шарттармен кәсіпорын айналымына қарыз қаражаттарын тарту.

«Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру» бағдарламасы. Мақсаты. Негізгі міндеттері.

Елімізде кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігіне жол бермеу және қаржылық сауықтыру шараларын іске асыру мақсатында айтарлықтай мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Осы мақсатта 2011 жлы арнайы бағдарлама да қабылданды.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 4 анурыздағы №225 қаулысымен «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қабылданды». Бұл бағдарламаның мақсаты – бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бағдарламаның келесідей негізгі 2 міндетін бөліп көрсетуге болады:

1) жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық);

2) Жұмыс орындарының барынша мүмкін санын сақтау.

Бағдарламаның іске асыру үшін үш кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші және екінші кезеңдер – 2011 жыл. Бұл кезең алдын ала іріктеу кезеңі болады.

Екінші кезең – сауықтыру жоспарларын қарау және бағдарлама қатысушыларды іріктеу.

Үшінші кезең -2011-2016 жылдар аралығы. Үшінші кезең бағдарламаны іске қосуды және іске асыруды қамтиды.

Студенттердің білімін бақылау сұрақтары

  1. Банкрот жүйесін құру және оны нактылы іске асырудыц түпкі мақсаты?

  2. Банкротқа байланысты істі сотта қарауды қандай жағдайларда бастауга болады?

  3. Кәсіпкерлік қызметті тоқтауға әсер ететін себептер қандай?

  4. Кәсіпкерлік қызметті тоқтауға әсер ететін жағдайларды атаңыз.

  5. Кәсіпкерлік қызметті тоқтауға әсер ететін факторлар қандай?